ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

Айдың үздік қызметкері

2021 жылы Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде "Айдың үздік қызметкері" байқауы бастауын алған болатын. Байқау қызметкерлердің сапалы және шығармашылық жұмысқа қызығушылығын ынталандыру мақсатында өткізіледі.
Есепті айда комиссия жұмысына құрылымдық бөлімшелер мен факультеттер қызметкерлерінің конкурсқа қатысуы туралы барлығы 11 ұсыныс келіп түсті. Байқау қорытындысы бойынша 2022 жылдың қаңтар айының үздік қызметкері болып қызметкерлерді басқару басқармасының аға инспекторы Бегетаева Гульдария Серигазиевна атанды.
Гульдария Сергазиевнаны құттықтаймыз!
Жұмыста табыс тілейміз!