ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

«ЖАНЫМ» ҮЗДІК КОМАНДАСЫ

Тек қыздардан құралған Қарағанды Бөкетов университетінің «Жаным» КВН командасы Халықаралық КВН одағының «Ертіс» -2024 ресми КВН лигасының финалисті атанып, Сочи қаласында өтетін 36-шы Халықаралық «КиВин 2025» фестиваліне шақырту алды Топ жетекшісі Алина Насырованың айтуынша, «Жаным» Павлодарда кеншілер астанасы атанған Қарағандының атынан өнер көрсетті. Бұл ойын маусымына ілігіп, финал кезеңіне сәтті жеткен жалғыз команда. «Финалда тәжірибелі қарсыластармен күш сынастық, соған қарамастан күш-жігеріміз бекер болмай, өз жемісін берді. 4 байқаудың қорытындысы бойынша «Жаным» командасы 14 ұпай жинап, басқа командалардан озып шықты. Кейде чемпиондықтың тағдырын ұпайлар арасындағы аздаған айырмашылық шешетін кездер болады. Маусымға барлығы 15-тен астам команда қатысып, финалға 5 команда шықты. Бөкетов университетінің өкілдері үздік бестікке еніп, чемпион атанды. КВН – эмоциялар ойыны. Айтылатын әр әзіл бірнеше рет тексеріледі. Ең таңғаларлығы – команданың құрылғанына бар болғаны бір-ақ жыл болса да, оның мүшелері 5-10 жыл ойнап үлгерген. Біз үшін бұл көптен күткен жеңіс болды. Чемпион атанғаннан кейін көз жасымызға ерік бердік, бұл сезімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес,- деп қосты команда капитаны Ксения Мирзоева. Бүгін қыздар командасы жыл сайын 500-ден астам команда қатысатын «КиВин 2025» 36-шы халықаралық Сочи фестиваліне шақыру алды. «Біздің мақсатымыз – фестивальге барып, өнерімізді, өзімізді көрсету, тәжірибелі редакторлармен жұмыс істеу, Жоғарғы лига чемпиондарының шеберлік сабақтарына қатысып, мүмкіндігінше максималды нәтижеге қол жеткізу. КВН қаңтар айында, яғни жаңа жылдан кейін өтетініне қарамастан, алдағы іс-шара қорытындылаудың бір түрі деуге болады. Сочиге үздік шыққан материалдарды апарамыз дер отырмыз. Әрине, өзектілігіне қарай әзілдер қайта өңделуі мүмкін, бірақ көрерменге ұсынылатын ойынның 80-90 пайызы қазірдің өзінде дайын», - деп толықтырды Алина Насырова. Жақында қыздар Новосибирск қаласынан оралды, онда өткен «Сибирь» ресми лигасының фестивалінде өнер көрсеткен «Жаным» командасы автоматты түрде жаңа маусымға шақырылды. Қыздар бұл белестен де сәтті өтті. Бүгінде «Сибирь» мықты лига болып саналады. Бұл лигадан шыққан ойыншыларды Бірінші арнадан да, ТНТ арнасынан да көруге болады. «Алдағы жыл көңілді болуы үшін барлықтарыңызға тапқырлық, жарқын көңіл-күй тілейміз» деп түйіндеді «Жаным» қатысушылары.