Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің философия және психология факультеті мектеп мұғалімдерін, әлеуметтік педагогтарды, педагог-психологтарды, педагогикалық мамандықтардың магистранттарын 2025 жылғы 26 мамыр мен 9 маусым аралығында өтетін «Девиантты мінез-құлықтағы балалармен кәсіби өзара әрекеттесу: құзыреттілікке негізделген тәсіл» атты жазғы мектепке (офлайн және онлайн форматта) қатысуға шақырады.