10-14 маусым аралығында Бөкетов зерттеу университетінің филология факультетінде Польшаның Адам Мицкевич университетінен келген Орта Азия кафедрасының меңгерушісі Гүләйхан Ақтай Erasmus+ бағдарламасы аясында 8 сағаттық дәріс сабақтарын өткізеді.
Гүләйхан Ақтай — түркология, қазақ тіл білімі, этнология, жалпы түркология саласының маманы. Дәрістер филология факультеті тыңдаушыларының үлкен қызығушылығын тудыруда.
Қатысушылар белсенді түрде сұрақтар қойып, талқылауға қатысып жатыр, бұл материалды терең түсінуге, пікір алмасуға ықпал етеді.