Enactus Buketov University командасының студенттері - Beeline компаниясының бизнес-инкубаторы және "Жарқын жақта өмір сүр!" атты бизнес-жобалар конкурсының финалисті.
Екі ай ішінде команда мүшелері IT, маркетинг, бизнес-жоспарлау және коммуникация саласындағы компанияның үздік сарапшыларының мастер-класстары мен вебинарларына қатысты. Сонымен қатар, жоба қатысушылары digital-индустриядағы соңғы трендтер туралы біліп, жобалық топтарға біріге отырып, шығындарды оңтайландыруға және жобаларды нарыққа шығаруға тырысты.
Бизнес-инкубатордың қатысушыларына CEO Beeline Kazakhstan Евгений Настрадинмен @yevgenn @beeline_kz @beelinecareers_kz жеке кездесу мүмкіндігі берілді.
Enactus Buketov University командасына Beeline компаниясының "Жарқын жақта өмір сүр!" атты бизнес-жобалар конкурсында жеңіске жетуіне тілектеспіз!