ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

2021 жылдың «Үздік ғылыми қызметкер» жыл сайынғы сыйлығына ізденіс конкурсы

15 қараша 2021

«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының заңының 15-бабына сәйкес ғылым мен техниканы дамытуға үлес қосқан ғалымдарды, ғылыми ұйымдар мен жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ғылыми қызметкерлерін көтермелеу мақсатында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (Бұдан әрі – Министрлік) 2021 жылдың  «Үздік ғылыми қызметкер» жыл сайынғы сыйлығына ізденіс конкурсын жариялайды.

Осы орайда алғаш рет еліміздің үздік ғалымдарына Министрлікпен 50 сыйлық тағайындалатын болады. 1 сыйлықтың мөлшері 2000 АЕК (5 834 000 тенге) құрайды.

Конкурсқа қатысушы үшін өтінімдер Министрліктің universitycontest.iac.kz ақпараттық жүйесі арқылы электрондық форматта хабарландыру шыққан күннен бастап  30 күнтізбелік күн аралығында қабылданады.

Сыйлық беруге үміткердің ғылыми жетістіктері келесі көрсеткіштер бойынша бағаланады:

      1) ғылыми дәреженің болуы;

      2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі беретін ғылыми атағының болуы;

      3) ғылыми жобалар мен бағдарламаларға басшылық ету;

      4) ғылыми нәтижелердің болуы (мақалалар немесе шолулар, отандық және шетелдік монографиялар, монографиядағы тарау, патенттер, енгізулер және т.б.);

      5) соңғы жылы университетте кемінде бір пәнді немесе бірнеше пәндерді оқыту;

      6) соңғы 3 жыл ішінде философия докторы (PhD) немесе сала докторы ғылыми дәрежесін алған кадрларды дайындау;

      7) өндіріске енгізу үшін ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтің расталған нәтижелері;

      8) тиісті құқықтық құжаттармен расталған (комиссиялар, жұмыс топтары, сараптамалық топтар, жобалық кеңселер) ғылымды дамыту және ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі консультативтік-кеңесші органдардың жұмысына қатысу.

Қосымша:

  1. «Үздік ғылыми қызметкер» жыл сайынғы сыйлығын беру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 2 қарашадағы № 544 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 3 қарашада № 25003 болып тіркелді) (https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2100025003); ҮҒҚ сыйлығын тағайындау қағидалары
  2. 2021 жылғы «Үздік ғылыми қызметкер» жыл сайынғы сыйлығын тағайындау бойынша конкурс ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 12 қарашадағы № 560 бұйрығы; Комиссия құрамы
  3. 2021 жылғы «Үздік ғылыми қызметкер» жыл сайынғы сыйлығын тағайындау үшін конкурстық құжаттарды қарау және сыйлықтарды тағайындау мәселесі бойынша шешімдер дайындау жөніндегі конкурстық комиссия отырысының 1-хаттамасы. Хаттама

Жауапты тұлға - Жексембаева Айжан Шайханқызы, телефон 8 (7172) 74-20-29