Бөкетов ұлттық зерттеу университеті Заң факультетінің командасы Алматы қаласы Caspian University базасында өткенде «Белсенділік күндері: Жастардың зорлық-зомбылық экстремизмнің және өзге де құқық бұзушылықтардың алдын алудағы рөлі» халықаралық іс-шарада жоғары деңгейде өнер көрсетті.
Университет атынан «Сот-прокурорлық қызмет» білім беру бағдарламасының 2–3 курс студенттерінен құралған команда қатысты. Команда құрамында:
Айзара Нұрмағамбетова
Ажар Ыдырсова
Джейн Климаш
Аружан Әділбекова бар.
Аталған байқауға қатысқан 35 жоба арасынан университет командасы жасанды интеллект технологияларын ең тиімді әрі кәсіби деңгейде қолданғаны үшін «Үздік AI» номинациясына ие болды.
Бұл жетістік студенттердің заманауи цифрлық құралдарды құқық саласындағы зерттеу және талдау жұмыстарында жоғары деңгейде меңгергенін айқындайды.
Жоба авторлары алдағы уақытта өз жұмыстарын Астана қаласында өтетін халықаралық форумда таныстыру мүмкіндігіне ие болып отыр.
Студенттерімізді айтулы жетістігімен құттықтаймыз және алдағы уақытта да биік белестер мен жаңа жеңістер тілейміз!
