ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ БАСҚАРУДЫҢ НЕГІЗГІ АСПЕКТІЛЕРІ

2025 жылғы 19–25 мамыр аралығында академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде Низами атындағы Өзбекстан ұлттық педагогикалық университетінің өкілі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Хайдаров Мамат Эшкулович ресми сапармен келуде.Шетелдік ғалымдарды тарту бағдарламасы аясында профессор Хайдаров М.Э. педагогика факультетінің студенттері мен оқытушыларына арналған «Педагогикалық менеджмент негіздері» тақырыбында дәрістер курсын өткізуде. Дәрістерде білім беру саласындағы басқарудың негізгі қағидаттары, педагогикалық үдерісті ұйымдастырудың заманауи тәсілдері, сондай-ақ педагогтардың басқарушылық және көшбасшылық құзыреттіліктерін дамыту мәселелері қарастырылады.2025 жылғы 19 мамырда профессор Хайдаров М.Э. академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің ректоры, заң ғылымдарының докторы, профессор Нұрлан Орынбасарұлы Дулатбековпен кездесті. Кездесу барысында жоғары оқу орындары арасындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту, оның ішінде академиялық және ғылыми-зерттеу бағытындағы серіктестікті нығайту мәселелері талқыланды.