ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

ҚАРАҒАНДЫ УНИВЕРСИТЕТІ ЖӘНЕ ФРАНЦИЯ: ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ


2 сәуірде академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде Францияның жоғары қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің (EHESP) жетекші сарапшыларымен кездесу өтті. Бұл сапар Erasmus+ ұлттық бағдарламалары мен бастамалары аясында тағылымдамадан өту және тәжірибе алмасу перспективаларын ұсына отырып, университет магистранттары мен докторанттары үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.Делегация құрамында GlobaliSES консультанты Мишель Леже, EHESP құрметті профессоры және экологиялық және кәсіптік денсаулық саласындағы техникалық сарапшы, Expertise France техникалық сарапшысы Александра Тиркюир Менс, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Франциямен ынтымақтастық жөніндегі кеңесшісі, сондай - ақ FEF «Медициналық көмекке қол жеткізу» жобасының үйлестірушісі Эльмира Кайдар болды.EHESP презентациясы кезінде қатысушылар ынтымақтастықтың нақты бағыттарын, соның ішінде тағылымдама бағдарламаларын, сондай-ақ қазақстандық студенттер мен зерттеушілер үшін әлеуетті білім беру және ғылыми мүмкіндіктерді талқылады.