Әлемнің жиырма мыңдай жоғары оқу орындары қатысатын рейтингтің ТОП 801+ санатындағы және де Қазақстанның үздік төрттігіне енетін, кеңестік дәуірдегі екінші «мемлекеттік» статусты игерген - құндылықтары биік әрі тарихы зор Қарағанды Бөкетов университетінің арнайы өкілдері 2022 жылдың 9-11 наурыз аралықтарында Алматы өңіріне келіп, елді мекендердің орта білім беру мекемелерінде «Серпін» мемлекеттік бағдарламасы аясында жоғары оқуға түсу мүмкіндіктеріне қатысты кәсіптік бағдардағы жұмысты жүргізді.
Осы ауқымды жұмысқа университеттің 3 оқытушысы, бір магистранты мен студентінен құралған арнайы топ 3 жұмыс күн ішінде Алматы облысының 12 ауданының Қаратал, Ақсу, Сарқанд, Көксу, Ескелді, Еңбекшіқазақ, Іле, Қарасай, Жамбыл сияқты 9 аудан орталықтарында, елді мекендерінің 35 мектептерінде 1500 жуық түлекпен кездесу өткізілді. Осы кездесулерде қосалқы түрде шалғай ауылдардағы мектептер үшін онлайн режимдік форматы да ұйымдастырылды.
Аталған кездесулерде жалпы «Серпін» бағдарламасына, оның өзгешеліктері мен басымдықтары турасында толыққанды түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, Buketov University оқу ордасында білім алудың артықшылықтары және ерекшеліктері бойынша бейнероликтер, презентациялық материалдар көрсетіліп, Алматы аймағында жалпы университеттің танымалдылығын арттыруға себеп болатын университеттің имидждік өнімдері, құнды әдебиеттері таратылып, оқушыларға тартымды болып саналатын басқа да шаралар орын алды.
Өңірде осындай кездесулерді ұйымдастырып, өткізуге қолдау көрсеткен Алматы облыстық білім басқармасы мен аудандық білім бөлім басшылары, мамандарының және мектептердегі жауапты мұғалімдердің еңбектері аталынып, Buketov University басқарма жетекшілері атынан Алғыс хаттар табысталынды. Сонымен қатар, болашағынан үміт күттіретін Алматы облысы мектеп түлектерінің сапалы білім алуына жағдай жасайтын, негізін қалыптастыратын осындай ауқымды шараларды білім саласындағы өңір басшылығының демеуімен Buketov University тарапынан үздіксіз жалғастыру бойынша екі жақты келісімдіктер орнады.