ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

Семинар-тренинг бойынша ақпарат

2022 жылдың 13-17 қаңтары аралығында «Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» КЕАҚ Сапаны қамтамасыз ету және тәуекелдерді басқару  Департаментінің ұйымдастыруымен университет құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері үшін «Тәуекелдерді анықтау, талдау және бағалау» тақырыбында семинар-тренингтер сериясы өтті. Семинар-тренингтердің мақсаты - «Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» КЕАҚ іс-әрекетіндегі бизнес-процестерге риск-менеджментті енгізу аясында университет құрылымдық бөлімшелер қызметкерлерін тәуекелдерді басқаруға үйрету.

Семинар-тренингтерде университет іс-әрекетіндегі тәуекелдерді анықтау, талдау және бағалау сұрақтары талқыланды.Құрылымдық бөлімшелер қызметкерлері риск-менеджмент жұмысының PESTLE-Analysis, "Bow Tie"секілді әдістерімен танысуға жіне аталмыш әдістерді топтық жұмыс барысында тәжірибеде пайдалануға мүмкіндік алды.