ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

«Туризм» мамандығы бойынша III Халықаралық қашықтық олимпиадасы

2022 жылдың 13-14 ақпан аралығында академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, маркетинг кафедрасы, сондай-ақ цифрлық экономиканы зерттеу институты сіздерді «Туризм» мамандығы бойынша III Халықаралық қашықтық олимпиадасының жұмысына қатысуға шақырады.

 

Олимпиада келесі бағыттар бойынша өтеді:

  • «Туризмдегі интернет заттары»;
  • «Қазақстан туризміндегі метеорологиялық мониторингтің ерекшеліктері»;
  • «Ішкі автомобиль туризмі, staycation – карантиннен кейінгі кезеңдегі үрдістер»;
  • «Киноөндіріс туристік дестинацияларды жылжыту құралы ретінде»;
  • «Туризмдегі контент-маркетингінің маңызы»;
  • «Саяхатта телеқатысу-қазіргі заманның шындығы»;
  • «Қазақстан туризмін дамытудағы чат-боттардың мүмкіндіктері»;
  • «Қалалық туризмді дамытудағы цифрлық технологиялар»;
  • «Авторлық тақырыптық турды енгізу және жылжыту құралдары»;
  • «Қазақстан бойынша экскурсиялық турлардағы эко-көліктің перспективалары»;
  • «Wellcation – COVID-тен кейінгі кезеңнің үрдісі»;
  • «Туризмді дамытудағы кеңейтілген шындықпен Google Maps Live View мүмкіндіктері»;
  • «Халықаралық байқаулардың топ-парақтарындағы Қазақстанның туристік объектілерінің фотожобалары»;
  • «Банк экожүйелерінің туризмді дамытудағы рөлі».

 

11 ақпанға дейін Халықаралық қашықтық олимпиадасына қатысуға ниет білдірген командалар ұйымдастыру комитетінің электрондық мекенжайына нысан бойынша өтінім жіберуі қажет: international_tourolimpiada@mail.ru. Бір оқу орнынан 2 командадан артық емес өтінім берілуі мүмкін.

 

I тур «Фотопроект» - әр команда өз қаласының/аймағының «бүкіл әлемді шарлап кететін», өзінің ерекшелігімен баурап алатын туристік объектілерінің 5-7 фотосуретін ұсынады, фотосуреттер және түсіндірме жазбасы бар мұрағат .rar/.zip. нысанында Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша 2022 жылдың 13 ақпанының 00:00 сағатына дейін ұйымдастыру комитетінің электронды мекенжайына жіберіледі: international_tourolimpiada@mail.ru.

 

II тур «Бейнеролик» – команданың сараптау комиссиясының қарауына жұмыстарды ұсынуы. Бейнеролик олимпиада бағыттары бойынша орындалуға тиіс, бейнежазба Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша 2022 жылдың 14 ақпанының 00:00 сағатына дейін ұйымдастыру комитетінің электронды мекенжайына жіберіледі: international_tourolimpiada@mail.ru.

 

Жұмысқа қойылатын негізгі талаптар Халықаралық қашықтық олимпиадасы туралы Ережеде көрсетілген.

 

Барлық сұрақтар бойынша байқаудың ұйымдастыру комитетіне электронды мекенжай бойынша international_tourolimpiada@mail.ru және де телефондар арқылы: +77078677878 (Гребенюк Дарья Дмитриевна), +77081506250 (Искакова Айгерим Тойболовна), +77015120348 (Ташенова Лариса Владимировна) хабарласуға болады.

III Халықаралық қашықтық олимпиадасын өткізу туралы