Жыл сайын 2015 жылғы 29 қыркүйекте қол қойылған Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі, "PSA" ЖШС, НКОК Н.В., "КПО Б.В." және "KAZENERGY" қауымдастығы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде Солтүстік Каспий және Қарашығанақ жобалары шеңберінде бөлінетін қаражат есебінен оқу ақысын төлеуге үміткерлерді іріктеу жүргізіледі.
2021 жылғы 18 қазанда өткен мердігерлер бөлетін қаражат есебінен оқу ақысын төлеуге үміткерлерді іріктеу жөніндегі комиссия отырысының қорытындысы бойынша
2021-2022 оқу жылында оқу ақысын төлеуге іріктеуден өткен академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің экономика және халықаралық бизнес кафедрасы студенттерінің келесі тізімі анықталды:
- Амантаева Кәмила Еркебұланқызы - "6В06102-IT-кәсіпкерлік және цифрлық экономика"білім беру бағдарламасының 3 курс студенті;
- Каримова Диана Рустамовна - "6В06102-IT-кәсіпкерлік және цифрлық экономика"білім беру бағдарламасының 3 курс студенті;
- Мейрамова Камила Болатқызы - "6в04104-кәсіпкерлік және жобаларды басқару"білім беру бағдарламасының 2 курс студенті.
Құттықтаймыз!