ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

ТҰРАҚТЫЛЫҚ КЕПІЛІ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗІ

30 наурыз күні Бөкетов ұлттық зерттеу университетінің Студенттер сарайында Қазақстан Республикасының жаңартылған Конституциясын ілгерілетуге арналған форсайт-сессия өтті.

Кездесу барысында университеттің Басқарма мүшесі, әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректор Нұржан Арғынұлы Жетпісбаев жаңа Конституцияның мәні мен мазмұнына кеңінен тоқталды. Ол өз сөзінде Ата заңның қоғам өміріндегі айрықша орнын айқындап, бүгінгі жиынның басты мақсаты – оның маңызын терең түсіндіру, жастардың құқықтық санасын арттыру және азаматтық белсенділікті дамыту екенін атап өтті.

Арнайы спикерлер қатарында:

«Legalexpert.kz» цифрлық платформасының ғылыми жетекшісі, заң факультетінің деканы, заң ғылымдарының кандидаты, профессор Абзал Мұхаметжанұлы Серікбаев;

ақын, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, қоғамдық пікір көшбасшысы Салтанат Ерланқызы Қайырбек;

«Samgau Kazakhstan» жеке қорының жетекшісі Ардақ Дүйсембекұлы Жақин;

«AstanaFilms» жобасының басшысы Шыңғыс Уәлиханұлы; университет түлегі, танымал блогер Жансая Мейірханқызы Медиева болды.

Қатысушылар өз тәжірибелері мен өмірлік ұстанымдары арқылы Конституцияның тек құқықтық құжат қана емес, елдің тұрақтылығы мен дамуының басты негізі екенін жеткізді. Еркін форматта өткен жүздесуде жастар да белсенділік танытып, көкейлеріндегі сауалдарын қойып, өз пікірлерін ортаға салды.