ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

Ректорлар форумы: ынтымақтастыққа қадам

Бүгін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Study in Azerbaijan» атты Қазақстан мен Әзербайжан университеттері ректорларының II форумы өтуде.Форум аясында академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінің ректоры Н.О. Дулатбеков Әзербайжанның жетекші жоғары оқу орындарымен өзара ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды. Бұл келісімдер академиялық ұтқырлықты, ғылымды және түрлі инновациялық жобаларға бірлесіп қатысуды қамтиды:

Mingachevir State University

Baku Eurasia University

Azerbaijan State University of Architecture and Construction

Сонымен қатар, мамыр айының бірінші жартысында университетіміздің 10 оқытушысы мен 10 студенті тәжірибе алмасу мақсатында аталған оқу орындарына баратыны жөнінде келісім жасалды.

Өз кезегінде, KARAGANDA BUKETOV UNIVERSITY профессор-оқытушылар құрамы мен студент жастар қатарынан 20 әзербайжандық қонақты қабылдайды.

Қол қойылған келісімдер бірлескен ғылыми зерттеулер мен халықаралық ынтымақтастықты дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашады.

Бұл оқиға Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы білім беру байланыстарын нығайтудың маңызды қадамына айналады деп сенеміз!