ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

ENACTUS KAZAKHSTAN BUSINESS COLLABORATION 2023 ФОРУМЫ

2023 жылғы 30 қарашада Алматы қаласында Enactus Kazakhstan Business Collaboration 2023 өтті, онда Қазақстанның түкпір-түкпірінен ЖОО студенттері жиналды. Форумға Қарағанды Букетов университетінің студенттері-Энактус Қазақстан чемпиондары Enactus Buketov University командасы қатысты.

Форумда Басқарма Төрағасы - университет ректоры Дулатбеков Нұрлан Орынбасарұлына әлеуметтік жауапкершілік, қозғалысты тұрақты және белсенді қолдағаны үшін алғыс хат табыс етілді.

Сонымен қатар, экономика және халықаралық бизнес кафедрасының қауымдастырылған профессоры Жартай Жанибек Маратұлына "Enactus Kazakhstan 2023 үздік эдвайзері" номинациясы табысталды. Математика және ақпараттық технологиялар факультетінің 4 курс студенті Саратовкина Ангелина Павловна "Enactus Kazakhstan 2023 үздік капитаны" номинациясына ие болды.

Құрметті жеңімпаздарға номинацияларымен құттықтаймыз және шығармашылық жеңістер тілейміз.