ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

ЖҮРЕКТЕ МӘҢГІ ОРЫН АЛҒАН ФИЛЬМ


«Сарыжайлау» кинотеатрында Қарағанды Бөкетов университетінің студенттері «Қыз Жібек» фильмінің басты кейіпкері – Қазақ КСР-дің еңбек сіңірген әртісі Меруерт Өтекешевамен кездесті.Осы фильмді бір емес, бірнеше рет қайталап көрген адам көп. Бұл хиқая тек махаббат туралы ғана емес, ол көптеген астарлы мағына мен тарихи фактілерге толы.Бұл жерде халық бірлігі мен татулығы, адамның ой тазалығы көрсетілген.Меруерт Өтекешева елімізде тарихи фильмдерге қызығатын жастардың барына қуанышты екенін атап өтті.Өскелең ұрпақ осындай шығармалармен танысып, маңызды деген дүниелерді ойларына түртіп алғаны абзал. Қазір көптеген фильмдер түсіріліп жатыр, бастысы – сол кино арқылы адамға берілетін рухани азыққа көңіл бөлген жөн. «Қыз Жібек» фильміне келсек, оны ұлы сценарист Ғабит Мүсірепов пен режиссер Сұлтан Қожықов түсірген. Костюмдерді дарынды суретші Гүлфайрус Исмаилова жасаған. Бұл адамдар фильмге бар жанын салды.Замандастарымыздың пікірінше, бұл қазақ даласының сұлулығы мен ұлылығын көрсете алған ауқымды фильм. Фильмге көрнекті актерлер қатысты.Ұлтты сақтап қалу үшін, жастар өз тарихын жан-жақты біліп, ұмытпауы тиіс. Кино тек көңіл көтеріп қоймай, терең мағынаға ие болуы керек. Арада бірнеше жыл өтсе де, «Қыз Жібек» фильмі әлі де өзекті және оны аға буын да, жастар да тамашалауда.