«Бастауышта оқыту педагогикасы және әдістемесі» мамандығының 40 жылдығына арналған түрлі іс-шараларды кафедра оқытушылары педагогика факультетінің студенттерімен және білім беру ұйымдарымен бірлесе отырып өткізеді. 2024 жыл 12 ақпанда докторант Э.Б. Тлеуберлинованың диссертациялық зерттеуі аясында (ғылыми кеңесші п.ғ.к., қауымдастырылған профессор Мухаметжанова А.О.) Қарағанды қаласының «№16 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ, «№66 мектеп – лицей» КММ, «№14 мектеп-гимназия» КММ, «Үштөбе тірек мектебінің» КММ бастауыш сынып оқушыларына арналған «Ұлттық құндылық-ұлтжанды ұрпақ» іс-шарасы өткізілді. Бұл іс-шараның мақсаты - жас ұрпақтың санасында ұлттық құндылықтар мен дәстүрлерді насихаттау және сақтау. Бастауыш сынып оқушылары ұлттық құндылықтар туралы білімдерін жоғары деңгейде көрсетті, өз халқының бай мәдениеті мен тарихымен танысты, сондай-ақ өз ойлары мен сезімдерін белсенді түрде білдірді. Іс-шара қазақ ұлттық стилінде өткізілді. Қатысушылар мен қонақтарға ұлттық бұйымдар, киім-кешек көрмесі ұсынылды, қазақ халқының салт-дәстүрлері көрсетілді. Іс-шара соңында қатысушылар мен қонақтар ұйымдастырушыларға қызықты әрі бай бағдарлама үшін алғыстарын білдірді, ұлттық бірегейлікті айқын көрсететін, сондай-ақ өскелең ұрпақтың дүниетанымын айқындайтын және олар арқылы оның мінез-құлқын, адамгершілігін, руханилығын және өмір салтын көрсететін ұлттық құндылықтардың маңыздылығын атап өтті