Green. Digital. Smart» халықаралық форум өтуде.
Жиынның ашылу салтанатын Тәжікстан Республикасы Министрлер кабинетінің орынбасары Дилрабо Мансури өткізіп, форумның стратегиялық мәніне ерекше тоқталды. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Тәжікстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі В. А. Түреханов атсалысуда.
Осы маңызды басқосуға университет атынан ректор Н.О. Дулатбеков бастаған делегация қатысуда.
Аталған делегация құрамында: Экономика факультетінің деканы Е.Т.Ақбаев; менеджмент кафедрасының меңгерушісі А.А. Абаев; конституциялық және халықаралық құқық кафедрасының меңгерушісі Қ.С. Мусин; маркетинг кафедрасының меңгерушісі А. Төлеуұлы ; сонымен қатар олимпиадаға қатысатын студенттер қатарында туризм мамандығы бойынша С.С. Рыбалко
шет тілі:екі шет тілі мамандығынан Э.М. Мұхамбетжанов;
халықаралық құқық мамандығы бойынша А.М. Ғарипұлаев;
қаржы мамандығы бойынша С.М. Хасенов бар.
Жиын аясында үш жоғары оқу орнымен ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қою жоспарланып отыр.
Форум жұмысына сәттілік, ал олимпиада қатысушыларына табыс пен жеңіс тілейміз!




