ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

BUKETOV ДЕЛЕГАЦИЯСЫ – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СПОРТ АЛАҢЫНДА

Бүгін академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінің ректоры Н.О. Дулатбеков дене мәдениеті және спорт факультетінің делегациясын қабылдап, олардың халықаралық фестивальдегі белсенді қатысуы мен жетістіктерін жоғары бағалады.

10–15 қараша аралығында факультет студенттері Өзбекстанның Наманган қаласында өткен «Шекарасыз спорт» халықаралық фестиваліне қатысып, мини-футбол және ұлттық күрестің түрлерінде шеберліктерін көрсетті, сондай-ақ ұлттық ойын асық ату арқылы көрермендердің ерекше ықыласына бөленді.

Фестиваль барысында академиялық және ғылыми ынтымақтастық мәселелері талқыланып, Қазақстан мен Өзбекстан университеттері арасындағы достық байланыстар жаңа деңгейге көтерілді.

Бұл сапар – халықаралық жарыс алаңында өз қабілеттерін таныту, ұлттық спорт дәстүрін насихаттау және университеттің беделін арттыруға арналған маңызды мүмкіндік болды.