УНИВЕРСИТЕТ ҚОРЫНА ҚҰНДЫ СЫЙ
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінің ректоры Нұрлан Орынбасарұлы Дулатбеков Қазақстан Республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, ХХ ғасырдағы Қазақстан тарихы бөлімінің меңгерушісі Константин Владимирович Черепановты қабылдады. Кездесу барысында К.В. Черепанов өзінің ғылыми ізденістері туралы айтып, екі жақты ынтымақтастықты нығайтуда Н.О. Дулатбековке Институт директор Зиябек Ермұханұлы Кабульдинов атынан алғысын білдірді. Институт тарапынан университетіміздің ғылыми кітапханасына Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты қызметкерлері дайындаған ғылыми басылымдарды табыстады.