ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

«ТАЗА СЕССИЯ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Бөкетов ұлттық зерттеу университетінде «Таза сессия» акциясы ұйымдастырылды. Университеттің конференц-залында өткен жиын Zoom платформасы арқылы бейнеконференция форматында өрбіді.
Игі бастаманың басты мақсаты – емтиханның әділ әрі ашық өтуін қамтамасыз ету, жоғары білім беру жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және академиялық адалдық қағидаларын нығайту.
Басқосуда академиялық талаптарды сақтау, заңдылыққа құрметпен қарау және кез келген заңбұзушылыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру мәселелері кеңінен қозғалды.
Жиынға академиялық мәселелер бойынша проректор М.М. Умуркулова, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің басшысы В.И.Олейник, құрылымдық бөлім басшылары, факультет декандары, оқытушылар қауымы, студенттер және Студенттік парламент өкілдері қатысты.
Айта кету керек, 2025 жылғы 9 желтоқсандағы №1756 ректор бұйрығына сәйкес арнайы штаб құрылып, емтихан сессиясы кезеңінде академиялық адалдықтың сақталуын жүйелі түрде бақылауға алмақ.
«Таза сессия» – әділдік пен ашықтыққа негізделген білім кеңістігін қалыптастыру жолындағы маңызды бастама.