ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

"ӘРЕКЕТ-2023" StartUp - жобалар байқауының 3-кезеңі

07.04.2023 ж. Шерхан Мұртаза атындағы халықаралық Тараз инновациялық институтында "ӘРЕКЕТ-2023" StartUp - жобалар байқауының 3-кезеңі өтті. Конкурсқа колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері қатысты. Байқаудың соңғы кезеңінде 50 жоба іріктелініп, оның ішінде электрондық сауда, экологиялық пайда, IT және инновациялық бағыттар бойынша үздік 6 жоба дипломдармен марапатталды. Үздік жобалардың ішінде 3-дәрежелі дипломмен біздің университеттің педагогика факультетінің "Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу" мамандығының 4 курс студенті Мұрат Әсел п.ғ.м. Искакова Марал Бақтыбайқызының жетекшілігімен "Цифрлық балабақша" жобасын таныстырып, лайықты марапатқа ие болды! Мұрат Әсел мен Искакова Марал Бактыбаевнаны құттықтаймыз және оларға жаңа шығармашылық жеңістер тілейміз!