РЕФЕРЕНДУМ – 2026: БӨКЕТОВ ҰЛТТЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ДАУЫС БЕРУ БЕЛСЕНДІ ТҮРДЕ ӨТУДЕ
Елімізде өтіп жатқан республикалық референдум аясында Бөкетов ұлттық зерттеу университетінің ұжымы мен студенттері азаматтық ұстанымдарын білдіруде. Университетте орналасқан дауыс беру учаскесіне қала тұрғындары, профессор-оқытушылар құрамы, қызметкерлер мен білім алушылар келіп, ел болашағына қатысты маңызды саяси науқанға белсенді түрде қатысуда. Сондай-ақ Басқарма Төрағасы — Ректор Нұрлан Орынбасарұлы Дулатбеков те өз таңдауын жасады. Әрбір дауыс – ел болашағына қосылған маңызды үлес.
