ӘЛІМХАН ЕРМЕКОВТІҢ 135 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ
Бөкетов ұлттық зерттеу университетінің Математика және ақпараттық технологиялар факультетінде қазақтан шыққан тұңғыш математик, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Әлімхан Әбеуұлы Ермековтің 135 жылдығына арналған тағылымды дөңгелек үстел өтті. Ғылыми-танымдық басқосуға факультет деканы, профессор-оқытушылар құрамы мен студент жастар қатысып, ұлт ғылымының негізін қалаған тұлғаның өмір жолы мен ғылыми мұрасы кеңінен сөз болды. Іс-шараның басты мақсаты — Әлімхан Ермековтің тарихи болмысын таныту, оның ғылым мен мемлекет ісіндегі қызметін жас ұрпаққа өнеге ету және ұлт зиялылары қалдырған тағылымды мұраны дәріптеу. Жиын барысында Тарих факультетінің оқытушысы, Тұлғатану ғылыми-зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері Марат Ыбырайханұлы Ыбырайхан ғалымның өмірі, қоғамдық қызметі және ғылым жолындағы қажырлы еңбегі туралы мазмұнды баяндама жасады. Кездесу барысында қатысушылар ой бөлісіп, сұрақтар қойып, ұлттық ғылым тарихындағы тұлғаның орны жөнінде пікір алмасты. Тағылымы мол іс-шара мазмұнды диалог пен еркін пікір алмасу форматында қорытындыланды


