БӨКЕТОВ СПОРТШЫЛАРЫ: ЖЫЛДАМ,МЫҚТЫ,ЖІГЕРЛІ!
Қазақстан Республикасы Парламентінің 30 жылдығына арналған облыстық студенттік спартакиада жарыстары Қ.Нұржанов атындағы жеңіл атлетика манежі базасында өтті. Жарыс бағдарламасына қашықтыққа жүгіру, ұзындыққа және биіктікке секіру, сондай-ақ ядро лақтыру сияқты спорт түрлері енді. Бөкетов ұлттық университетінің студенттері барлық сайыстарда белсенділік танытып, төзімділік пен жеңіске деген ұмтылысын айқын көрсетті. Спортшыларымызға жарқын жеңістер тілейміз!

