ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

БӨКЕТОВ КӨКТЕМІ: ХИМИЯ ФАКУЛЬТЕТІНДЕ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ САЛТ-ДӘСТҮР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

«Бөкетов көктемі» фестивалі аясында химия факультетінде мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне арналған концерттік бағдарлама өтті. Мерекелік кеште студенттер өз өнерлерін ортаға салып, көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Сахна төрінде әсем әндер шырқалып, түрлі музыкалық аспаптарда орындалған шығармалар кештің ажарын аша түсті. Әсіресе, домбырадан төгілген күмбірлі күй ұлттық өнердің көркем келбетін танытып , көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Сонымен қатар бағдарлама барысында қазақ халқының салт-дәстүрлеріне қатысты танымдық сұрақтар қойылып, қатысушылардың ұлттық мәдениетке деген қызығушылығы мен білімдері сыналды. Кеш соныңда факультет деканы мен оқытушылар студенттерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен құттықтап, жүрекжарды тілектерін арнады.