Ол жалғыз өзі мүмкіндігі шектеулі ұлын бағып отыр. Қолайсыз ауа райына байланысты олардың кіреберіс есігі «қатып», мүлде ашылмай қалған.
Біз есікті ашуға көмектестік, бірақ үйде әлі де олардың өздері шеше алмайтын ауыр жұмыстар көп.
Еріктілер қиын өмірлік жағдайға тап болған қарт адамдарға көмек көрсету үшін бейжай қарамайтын жандарды үн қатуға шақырды.
Қарағандылық теміржолшы-еріктілер Пришахтинск ауданындағы «Таңшолпан» атты балалар үйіне барды.
Қазіргі таңда теміржол саласының жас қызметкерлері ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға ерекше көңіл бөліп, оларды үнемі барып тұруға тырысады.
Бұл жолы да еріктілер балалар мекемесіне ертегі кейіпкерлерімен бірге – Аяз ата мен Ақшақарды, сондай-ақ танымал мультфильмдердегі жануарлар кейпіндегі аниматорларды ертіп келді.
Балалар еріктілерді қуана қарсы алды, өйткені олар уақыт өте келе шынайы достарына айналған. Олар тәрбиеленушілеріне арналған жаңа жылдық мерекелік бағдарлама ұйымдастырды – көңілді әндер, билер, викториналық байқаулар және естелік сыйлықтар табыстау.
– Бүгінгі таңда мұқтаж жандарға мейірімділік, жауапкершілік пен қамқорлық таныту өте маңызды. Біздің ұйымшыл командамыздың игі іске толықтай беріліп жүргеніне қуаныштымын. Жас теміржолшылардың арқасында күн сайын көптеген игі істер жасалуда, – дейді Қарағанды бөлімшесінің жастар ісі жөніндегі кеңесінің өңірлік өкілі Камшат Серік.
Мерекелік шараның соңында «Таңшолпан» балалар үйінің тәрбиеленушілеріне 80 дана жаңа жылдық сыйлықтар табысталды.
Қарағанды бөлімшесінің еріктілері «Забота» қарттар мен мүгедектер пансионатының тұрғындарына да мейірім мен жылулық сыйлады.
Жас теміржолшылар өз қамқорлығындағы жандарға ерекше көңіл-күй сыйлау үшін жақсы көңіл-күймен келді. Олар пансионатқа шағын сыйлықтар мен махаббат, Отан және туған Қазақстан туралы әсерлі әндерден тұратын музыкалық бағдарлама алып келді.
– Біз бұл пансионатқа алғаш рет келіп отырған жоқпыз, мұнда бізді әрдайым ерекше жылылықпен қарсы алады. Зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандар балалардай қуанып, бізді асыға күтеді. Осындай кездесулерде команда мүшелері оларға барынша көңіл бөліп, қамқорлық көрсетуге тырысады, – дейді Қарағанды бөлімшесінің жастар ісі жөніндегі кеңесінің өңірлік өкілі Камшат Серік. – Біз пансионатқа тек мерекелерде ғана емес, күнделікті күндері де келіп тұрамыз.
Кезекті кездесу әсерлі әрі есте қаларлықтай өтті. Әрбір қамқорлықтағы жан назардан тыс қалмады. Еріктілер барлығына көңіл бөлуге тырысты. Жастар ханымдарды вальске шақырса, ер адамдармен шахматтан тартысты ойындар ұйымдастырылды. Сонымен қатар шығармашылық сәттер де болды – қол мен көз үйлесімділігін дамытуға, көрнекі ойлау қабілетін жақсартуға арналған сурет салу. Бұл егде жаста аса маңызды. «Забота» пансионатында кітапсүйер қауым, шахматшылар, музыканттар мен өнерпаздар бар. Қарағандылық еріктілер де өнерден кенде емес, олар өз қабілеттерін шебер көрсете білді. Мұндай шаралар жанға нағыз мереке сыйлап, ұзақ уақытқа дейін есте қалады.
Өз кезегінде пансионат тұрғындары қонақтарға алғыс айтып, ризашылықтарын білдірді, кейбіреулері тіпті көзіне жас алды.
– Жас теміржолшылар бізге келген сайын қатты қуанамыз. Өмір тәжірибесі мол үлкендер оларға ақыл-кеңес бере алады, ал жастар бізге алаңсыз өткен шақты еске салады. Екі буынның осындай байланысы өте қымбат, – деп қорытындылады зейнеткерлер. – Келесі кездескенше!