Қарағанды Бөкетов университетінің тарих факультетінде «Galea» әскери-тарихи қайта құру клубының ұйымдастыруымен «Бірінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан қазақ офицерлері» атты көрме өтті.. Шараның қонақтары Қарағанды қаласының жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары, студенттер, магистранттар мен докторанттар болды. Тарих факультетінің ғылыми қызметкері И.Д. Хлебниковтың айтуынша, көрме Бірінші дүниежүзілік соғыстың 110 жылдығына арналған. Мақсаты – Отан тарихының ақтаңдақ беттерін ашу, соғысқа қатысқан қазақ офицерлерінің тұлғаларымен таныстыру. «Өкінішке орай, қоғамда бірінші дүниежүзілік соғыс басқа заманда болған деген көзқарас басым. Дегенмен, ол Қазақстанға тікелей әсер етті. Азамат соғысы, Алаш қозғалысы, қазақ мемлекеттілігін құрудың алғашқы әрекеттері – осының бәрі Бірінші дүниежүзілік соғыстың нәтижесінде басталған тарихи үдерістердің көрінісі», – деп атап өтті Игорь Дмитриевич. Студенттер көрермендерге бірінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан қазақтар туралы фотоматериалдар көрсетті, олардың кейбіреулері көпшілік назарына алғаш рет ұсынылуда. Кейіннен Алашорданың әскери бөлімшелерінің командалық құрамында болған бірінші дүниежүзілік соғысқа қатысушыларға ерекше көңіл бөлінді. Ресей армиясы капитандарының, Австрия-Венгрия және Франция әскери қызметшілерінің формалары, сондай-ақ соғысқа дейінгі жылдарда Қазақстан аумағында орналасқан 22-ші Түркістан атқыштар полкі офицерлерінің бейнелері көрсетілген. Атап айтқанда, «Galea» клубының мүшелері капитан, кейін подполковник болған, 2-ші Алаш полкінің (5-ші Сібір атқыштар дивизиясының қазақ атты әскер полкі) командирі Ғали Самұратбековтың қызметтік тізіміне сәйкес келетін наградалар мен төсбелгілер жиынтығы бар тарихи дәлме-дәл нысанды әскери киім үлгісін қалпына келтірді. Шара соңында ұйымдастырушылар көптеген оң пікірлерге ие болды, бұл, әрине, Қазақстан тарихын одан әрі белсенді зерттеуге түрткі болатыны сөзсіз. Іс-шара AP23488994 «Реализация целей гражданского воспитания в контексте школьного исторического образования для устойчивого развития казахстанского общества» (2024-2026 жж.) гранттық қаржыландыру ғылыми жобасы шеңберінде өткізілді (Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті).