Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті 2026 жылдың 2-3 сәуірінде өтетін «Бөкетов оқулары -2026» магистранттар мен студенттердің өңірлік ғылыми-практикалық конференцияға қатысушыларды шақырады.
Конференцияның мақсаты-жаратылыстану, гуманитарлық, педагогикалық, әлеуметтік және қоғамдық ғылымдардың өзекті мәселелерін талқылау.
Конференция жұмысының бағыттары:
- Жаратылыстанудың өзекті мәселелері;
- Гуманитарлық ғылымдардың өзекті мәселелері;
- Әлеуметтік-педагогикалық ғылымдардың мәселелері;
- Экономика мен құқықтың өзекті мәселелері.
Конференция өтетін орын:
Қарағанды қ.,Университет к-сі 28, бас корпус, Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті, №1 ағынды аудитория.