ХАБАРЛАНДЫРУ

«Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылға арналған стипендиясын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары арасында бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 04.03.2026ж. №112 бұйрығына сәйкес Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетіне бакалавриат білім беру бағдарламасына бөлінді Қазақстан Республикасы Президентінің 50 , 1 стипендия магистратура білім беру бағдарламасына бөлінді.

Қазақстан Республикасы Президентінің стипендиясын тағайындау конкурсына бюджеттік және коммерциялық негізде тек қана «өте жақсы» оқитын күндізгі оқу бөлімінің 3-4(5) курс студенттері және 2 курс магистранттары (А, А-) қатысуға құқылы.
ҚР Президентінің стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін үміткерлер құжаттарды қағаз түрінде ұсынуы қажет:
1. Жеке куәлік (копия)
2. конкурсқа қатысуға факультет деканының ұсынысы;
3. транскрипт;
4. республикалық және халықаралық (шығармашылық, спорттық) олимпиадалардағы, конкурстардағы жеңістерді растайтын грамоталардың, дипломдардың көшірмелері;
5. ғылыми еңбектер жинақтарындағы жарияланымдар (Ғалым хатшы растаған еңбектердің тізімі немесе мақалалардың көшірмелері қоса беріледі);
6. университеттің ғылыми-зерттеу жұмыстарына, қоғамдық, мәдени және спорттық өміріне белсенді қатысқанын растайтын дипломдардың, грамоталардың, сертификаттардың, куәліктердің көшірмелері.
7. Файл папкасы

(жазғы емтихан сессиясының қорытындысы бойынша)
Тең жағдайда:
- жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың;
- бала жасынан мүгедектер және мүгедек балалардың артықшылығы бар.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау – 01.06.2026ж.- 15.06.2026ж-на дейін.
Білім алушылармен жұмыс жасау қызметіне (бас ғимарат, 215, 217 каб; тел. 35-64-76).