Екі ай бойы 1 наурыз бен 27 сәуір аралығында «Пираты Каспийского моря» студенттер
командасы көк мұхит стратегиясы форматындағы бизнес-идеялар байқауына қатысты.
Байқау аясында команданың алдына келесі міндеттер қойылды:
- Ұлы Петр Санкт-Петербург политехникалық университетінің жетекші ғалымы,
ИПМЭиТ өндірісті басқару жоғары мектебінің доценті, э.ғ.к. Климин А.И. бастамасымен көк
мұхит стратегиясы бойынша оқу және жаттығу;
- «ПСС» компаниясы ұсынған кейсті шешу
- жеке инновациялық бизнес-идеяны ұсыну
⠀
«Пираты Каспийского моря» командасының құрамы:
- Курпебаева Лейла – 6В11103-Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі, 4 курс;
- Шипилова Елизавета – 7М11101-Туризм, 1 курс;
- Сеитов Жандос – 6В11103-Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі, 2 курс;
- Дернова Валерия – 6В04113 – Маркетинг және SMM, 1 курс.
⠀
«Пираты Каспийского моря» командасы 2-орынға ие болды, жүлде көлемі 40 000
рубльді құрады, сонымен қатар Ұлы Петр Санкт-Петербург политехникалық университетінің
магистратурасына түсу үшін ұпайлар берілді.
Ғылыми жетекшілер:
- Маркетинг кафедрасының меңгерушісі, э.ғ.к., профессор Мамраева Динара Габитовна
- Цифрлық экономиканы зерттеу институтының директоры, э.ғ.к., қауымдастырылған
профессор Ташенова Лариса Владимировна;
- э.ғ.м., аға оқытушы Гребенюк Дарья Дмитриевна.
Байқауды ұйымдастырушылар және байқау серіктестері: «ПСС» ЖШС, «Профиланс
АЙТИ» ЖШС, Ұлы Петр Санкт-Петербург политехникалық университетінің «Политех»
инновацияларды қолдау және дамыту қоры, Ұлы Петр Санкт-Петербург политехникалық
университетінің Жетілдірілген өндірістік технологиялар институтының (ИППТ)
технологиялық кәсіпкерлік жоғары мектебі (https://www.spbstu.ru)
⠀
Қатысушыларымызға жаңа жеңістер, шабыт және жарқын эмоциялар тілейміз!