ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ



Оқушыларды қолдау орталығы


Инклюзивті және арнайы білім берудің ресурстық орталығы ҚарУ Ғылыми кеңесінің 29.10.2020 жылғы № 3 шешімімен қолданыстағы инклюзивті білім берудің консультациялық-практикалық орталығы негізінде құрылды.

Басшысы:Рымханова Айнагуль Рымбековна, философия докторы (PhD). h-index Scopus – 1, ORCID ID:0000-0003-3177-4810, Author ID Scopus:57193953755.

Байланыс деректері: Карбышев к-сі, 7, № 11 оқу корпусы, 116,118-каб,118. тел. 87014987819, e-mail: kpcio@mail.ru, ainagul_rymhanova@mail.ru

Орталық қызметінің мақсаты өңірде инклюзивті және арнайы білім беру үдерісін ғылыми-әдіснамалық және ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу.

Орталықтың негізгі міндеттері:

- инклюзивті және арнайы білім беруді іске асыру жағдайларын анықтау бойынша мониторингтік зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу;

- инклюзивті және арнайы білім беру саласындағы ғылыми-зерттеу, ғылыми-әдістемелік және оқу-әдістемелік әзірлемелерді орындау;

- инклюзивті және арнайы білім беру практикасын іске асыратын білім беру мекемелерінің оқу үдерісіне зерттеулердің нәтижелерін тарату және енгізу.

Орталық қызметінің бағыттары:

1. Ұйымдастырушылық-аналитикалық:

- білім берудің барлық сатыларында инклюзивті білім беру практикасын іске асыру мақсатында білім беру мекемелерінің қызметін талдау;

- білім беру мекемелерінің кедергісіз орта құрудағы қажеттіліктерін зерттеу;

- ерекше қажеттіліктері бар студенттердің ерекше білім алу қажеттіліктерінің сипатын зерттеу және анықтау;

- қоғам топтарының білім беру үдерісіне ерекше қажеттіліктері бар адамдарды қосу жайлы көзқарасына психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік зерттеулер жүргізу;

- инклюзивті және арнайы білім беру проблемалары бойынша педагогикалық мамандықтардың бакалаврлары, магистрлері мен докторларын даярлау жүйесін зерделеу және талдау;

2. Білім беру-әдістемелік:

- ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды қолдауға қатысты қызметті реттейтін жергілікті құжаттарды әзірлеу;

- ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушылар үшін оқу материалдарының базасын әзірлеу;

- инклюзия шарттарын ескере отырып, педагог кадрларды даярлау бағдарламаларының мазмұнын жетілдіру;

- педагог кадрларды даярлау және қайта даярлау процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету;

- қосымша білім беру факультетінің қолдауымен біліктілікті арттыру курстары шеңберінде инклюзивті және арнайы білім берудің мектепке дейінгі және мектеп жүйесінде жұмыс істейтін педагог қызметкерлерді, сондай-ақ жоо-ның профессор-оқытушылар құрамын даярлау және қайта даярлау бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру.

3. Ғылыми-зерттеу:

- инклюзивті білім берудің ғылыми-әдістемелік негіздерін, инклюзивті білім беруді психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің практикаға бағытталған технологияларын әзірлеу;

- диагностикалық, түзету-дамыту әдістемелерінің және оларды іске асыру жөніндегі ұсынымдардың дерекқорын қалыптастыру;

- цифрлық форматты қоса алғанда, ерекше білім беру қажеттілігі бар адамдармен жұмыс істеу жөніндегі инновациялық нысандар мен технологияларды, тиімді әдістемелерді апробациялау мен енгізуді ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу;

- өңірлік және республикалық халықаралық деңгейдегі ғылыми-практикалық семинарлар мен конференциялар, дөңгелек үстелдер, мастер-кластар, тренингтер ұйымдастыру.

4. Консультативтік-ағартушылық:

- білім берудің барлық сатыларында инклюзивті білім беру процесін ресурстық қамтамасыз ету;

- «Арнайы және инклюзивті білім беру. Специальное и инклюзивное образование. Special and Inclusive education» журналын басып шығару арқылы өңірде инклюзивті және арнайы білім беру тәжірибесін жинақтау және насихаттау;

- инклюзивті білім беру жүйесін қолдауға және дамытуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу.

- инклюзия идеясын тарату және ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін толерантты білім беру ортасын құру.

Басқа мекемелермен және ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл

Орталық өз қызметін білім беру және ғылыми мекемелермен, қоғамдық бірлестіктермен және өзге де ұйымдармен ынтымақтастық туралы жасалған шарттар/ меморандумдар шеңберінде өзара іс-қимыл жасай отырып жүзеге асырады.

Орталықтың негізгі серіктестері – жоғары оқу орындары, Қарағанды облысының білім басқармасы және Қарағанды қаласының білім бөлімі, сәйкесінше мектепке дейінгі және мектеп мекемелері, ПМПК, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері мен орталықтары, Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы және стейкхолдерлер болып табылатын басқа да ҮЕҰ.

Іске асырылатын жобалар:

  1. Қарағанды облысы ББ «№27 ЖББОМ» КММ-мен бірлесіп «Инклюзивті білім беру жағдайында педагог кадрларды кәсіби қызметке даярлау».
  2. Қарағанды облысы ББ «Қарағанды облысының ПМПК» КММ-мен бірлесіп «Бүгін, ертең және әрқашан: инклюзивті ортада ақыл-ойы бұзылған балаларға сапалы білім алу құқығын іске асыру үшін психологиялық-педагогикалық жағдайлар (Қарағанды өңірінің мысалында)».
  3. ҚР БҒМ гранттық қаржыландыру аясында 2020-2022 жж. арналған «Инклюзивті білім беру шеңберіндегі студенттердің волонтерлік қызметін ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу» жобасы.
  4. TEMPUS IV «Әлеуметтік қызметкерлерді даярлау бойынша білім беру бағдарламаларын кәсібилендіру» (Туғанбекова К.М., Тебенова К.С.).
  5. ҚР БҒМ ГҚ: АР05134666 «Инклюзивті білім беру жағдайындағы кәсіби қызметке педагог кадрларды даярлау» (А.Р. Рымханова, АҒҚ).
  6. ҚР БҒМ ГҚ: АР08856309 «Инклюзивті білім беру шеңберінде студенттердің волонтерлік қызметін ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу» (Рымханова А.Р., ЖҒҚ).
  7. ҚР БҒМ ГҚ: АР19678524 «Арнайы және инклюзивті білім беру жағдайларында аутистік спектрлі бұзылыстары аралас бұзылулармен асқынған балаларды әлеуметтендіру үдерісін модельдеу» (Рымханова А.Р., жетекші; Рахметова А.М., Боброва В.В., Сакаева А.Н., Яковенко И.В.).
  8. «Жоғары оқу орындары студенттерінің медициналық-құқықтық сауаттылығын қалыптастыру елдің кадрлық ресурсының сапасын арттыру факторы ретінде (Инклюзивті және арнайы білім беру ресурстық орталығы мысалында)» (Рымханова А.Р., жетекші; Тебенова К.С., Аманжолова Б.А., Жусупбекова З.Д., Аманбекова А.Б.).
  9. «Саламатты ұрпақ өсірудің шарты – болашақ ата-ананың сауаттылығы» (Жусупбекова З.Д., жетекші).
  10. «Арт-шеберхана» білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балаларды әлеуметтендірудің инновациялық формасы ретінде» (Аринова К.Н., жетекші).
  11. «Тәжірибедегі педагог кадрларды инклюзия жағдайындағы қызметке даярлау» (Рымханова А.Р., Алшинбаева С.Ж., Олексюк З.Я., Ашимханова Г.С., Кударинова Г.С., Жүсіпбекова З.Д.).
  12. «Бүгін, ертең және әрқашан: ЕБАҚ бар балаларға сапалы білім алу құқығын іске асырудың психологиялық-педагогикалық шарттары» (Боброва В.В., Алшынбекова Г.К., Рахметова А.М.).
  13. «Арнайы мектеп-интернат жағдайында аутистік спектрлі бұзылыстары бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау» (Рымханова А.Р., Садвакасова Н.А., Бекмағанбетова А.К.).
  14. «Отбасы және мектеп: диалогтан серіктестікке» (Рымханова А.Р., Олексюк З.Я.).

Арнайы және инклюзивті білім беру - Ғылыми еңбектер жинағы