Университеттің өзіндік тарих музейі бар. Музей 2002 жылдан бері жұмыс істейді. Бұл жерден Қазақстанның алғашқы мемлекеттік университеттерінің бірінің қалыптасу және даму тарихы туралы біле аласыздар. Музейге келушілерге қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде тегін экскурсия ұсынылады.
Мұражайдың экспозициялық ауданы 505 ш.м. құрайды және 4 аймақты қамтиды:
Бірінші аймақ – «Университеттің құрылуы». Мұнда ректорлар галереясы, университеттің ашылуына байланысты құжаттар, оның ресми атрибуттары ұсынылған. Экспозиция 1938 жылы Мұғалімдер институты құрылғаннан бастап университеттің қалыптасуы, 1952 жылы педагогикалық институтқа, содан кейін 1972 жылы мемлекеттік университетке айналуы туралы түсінік алуға мүмкіндік береді.
Мұражай сенбі және жексенбіден басқа күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.
Мекенжайымыз: Университет к-сі, 28, бас корпус, тел.: +7 7212 35-63-19
№ 40, 118, 145, 146, 02, 07 автобустарымен «Университет» аялдамасына дейін жүру.
Университеттің алғашқы ректоры, ҚазССР Ғылым академиясының академигі, КСРО Жазушылар одағының мүшесі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Евней Арыстанұлы Бөкетовке арналған мұражайы бар. Мұражай 1992 жылы құрылған. Оның экспозициялық ауданы 324 шаршы метрді құрайды.
Мұражайды философия докторы, доцент Ильясов Шамиль Амангельдыевич басқарады.
Мұражай экспозициясы Е.А. Бөкетов жұмыс істеген жағдайды, оның жеке заттарын, жұмыс кабинетіндегі заттарды бейнелейді. Мұражайға келушілер Бөкетов уақытының рухын, Евней Арыстанұлы университеттің стратегиялық даму жоспарларын құрып, ғылыми еңбектер жазған, өлең шығарып, армандаған кабинетінің шығармашылық атмосферасын сезіне алады.
Мұражай сенбі және жексенбіден басқа күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.
Мекенжайымыз: Гоголь к-сі, 38, тарих факультетінің оқу корпусы тел.: +7 7212 51- 38- 46
№ 04, 07, 7, 43, 53 автобустарымен «Боулинг», «Медициналық университет», «№ 2 нан зауыты» аялдамаларына дейін жүру
Мұражайдың өз тарихы бар. 1981 ж. 26 наурызда Қарағанды мемлекеттік университетінде алғаш рет ауданы 190 ш.м. археологиялық-этнографиялық көрме ашылды.
Тарихы туралы көбірек білу 1985 ж. тарих докторы В.В. Евдокимовтың жалпы басшылығымен И.В.Рудковский, В.Г. Ломан, В.А. Новоженов, А.Ю. Чиндин сияқты археологиялық зерттеулер зертханасы қызметкерлерінің күшімен салынған жаңа ғылыми экспозиция құрылды. Мұражайдың этнографиялық бөлімін Х.А. Бекбалақова және Э.Р. Усманова безендірді. Мұражайда қойылған материалдар тарих факультеті студенттерінің археологиялық және этнографиялық тәжірибелерін өткізу нәтижесінде жинақталған. Мұражай ежелгі мәдениеттердің жетістіктерін, қазақ халқының шаруашылығы мен тұрмысын көрсете отырып, университеттің мақтанышына айналды.
Мұражай экспозициясы ежелгі тайпалардың тарихын және археологияның жаңа жетістіктерін бейнелейді, ежелгі жәдігерлер мен қазақ халқының материалдық мәдениетінің заттарын біріктіреді.
Экспозицияда адамзат тарихының тас дәуірінен бастап орта ғасырға дейінгі барлық дәуірлерін, сондай-ақ қазақ халқының шаруашылығы мен тұрмысын бейнелейтін 20 витрина орнатылған, жартастағы бейнелердің (петроглифтердің) табиғи шамадағы инсталляциясы, қола дәуірінің жерлеу орындарын қайта қалпына келтіру жұмыстары, ежелгі түркі тас мүсіндері, ежелгі киіз үй қойылған.
Мұражайға келушілерге тегін экскурсия ұсынылады.
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің түлектері немесе қазіргі қызметкерлері болып табылатын қазақстандық ғалымдардың Қазақстан Республикасының тарихи, археологиялық және мәдени ескерткіштері және олардың ашылуына қосқан үлесі туралы студенттердің хабардарлығын арттыру мақсатында, «Аймақтық тарихи-географиялық ерекшеліктер және бейресми білім беру кеңістігі: өзара әрекеттесу өрісі» тақырыбындағы ішкі грант аясында Сарыарқа археологиялық институтының археология және этнография мұражайы тақырыбы бойынша бес музейлік оқу подкасттары әзірленген болатын, одан кейін Google Podcasts, Stitcher және Anchor by Spotify сияқты халықаралық подкаст платформаларында орналастырылды.
Әзірлеу тобы:
Жоба жетекшісі – Калижанова А.Н., академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің аға оқытушысы, филология ғылымдарының магистрі
Транскрипт авторы және ғылыми кеңесші - Беделбаева М.В., тарих ғылымдарының кандидаты, академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің Сарыарқа археологиялық институтының археология және этнография мұражайы жетекшісі
Редакторлар – Калижанова А.Н., филология ғылымдарының магистрі, академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің аға оқытушысы және Шелестова Т.Ю., PhD докторы, академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің серіктес профессоры
Орыс тілінен ағылшын тіліне аударма – Осипович А.В., гуманитарлық ғылымдар магистрі, академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің оқытушысы
Орыс тілінен қазақ тіліне аударма – Ибрахимова К.Т., педагогика ғылымдарының магистрі, академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің оқытушысы және Рахимбаева Б.Т., академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің аға оқытушысы
Түзетуші – Джим Райан, магистр (MATESOL), Clallam County Literacy Council-де ағылшын тілі мұғалімі
Дауыс беру маманы – Гаркуша К.Г., педагогика ғылымдарының кандидаты, академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің доценті
Дыбыс инженерлері – Базылова Ж.С. және Зайцев К.Д.
Жаттығуларды әзірлеушілер - Калижанова А.Н., академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің аға оқытушысы, филология ғылымдарының магистрі, Будикова Ж.А., академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің магистранты, Қуанова П.А., гуманитарлық ғылымдар магистрі, академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің оқытушысы
Мұражайды Беделбаева Марина Васильевна басқарады.
Мұражай сенбі және жексенбіден басқа күндері сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс істейді (сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін үзіліс).
Мекенжайы: Университет к-сі, 28, бас корпус. Тел. +7 (72 12) 35-61-47.
№02, 07, 40, 118, 145, 146 автобустарымен «Университет» аялдамасына дейін жүру.
Мұражай 1969 жылы Қарағанды мемлекеттік университетінің зоология кафедрасы жанында ашылды. Бүгінде мұражай университеттің биология-география факультетінде орналасқан.
Мұражайды Казимова Айман Егинбаевна басқарады.
Мұражайға келіп, Қазақстан, Оңтүстік-Шығыс Азия, Оңтүстік Америка, Австралия жануарлары мен өсімдіктерінің түр құрамы туралы біле аласыз.
1 Capreolus pygargus Сібір елігі Сибирская косуля
3 Ursus arctos Қоңыр аю Бурый медведь
4 Vulpes vulpes Кәдімгі түлкі Обыкновенная лиса
4 Vulpes vulpes Кәдімгі түлкі Обыкновенная лиса
5 Passer montanus Жауторғай Полевой воробей
5 Passer montanus Жауторғай Полевой воробей
6 Nyctea scandiaca Ақ жапалақ Белая сова
6 Nyctea scandiaca Ақ жапалақ Белая сова
7 Aythya fuligula Айдарлы сүңгуір Хохлатая чернеть
8 Tadorna tadorna Италақаз Пеганка
9 Anas acuta Бізқұйрық үйрек Шилохвость
10 Anser albifrons Ақмаңдайлы қаз Белолобый гусь
11 Spatula querquedula Даурықпа шүрегей Чиро́к-трескуно́к
12 Anas crecca Ысылдақ шүрегей Чирок-свистунок
13 Haliaeetus albicilla Аққұйрықты субүркіт Орлан белохвост
15 Phalacrocorax carbo Үлкен суқұзғын Большой баклан
16 Accipiter nisus Қырғи Ястреб-перепелятник
17 Anser anser Сұр қаз Серый гусь
18 Egretta garzetta Кіші аққұтан Малая белая цапля
19 Tadorna ferruginea Сарыалақаз Огарь
20 Podiceps cristatus Үлкен сұқсыр Чомга
21 Limosa limosa Үлкен шырғалақ Большой веретенник
22 Podiceps auritus Қызылмойын сұқсыр Красношейная поганка
23 Himantopus himantopus Ұзынсирақ балшықшы Ходулочник
24 Plegadis falcinellus Қарабай Каравайка
25 Pelecanus crispus Бұйра бірқазан Кудрявый пеликан
26 Pelecanus onocrotalus Қызғылт бірқазан Розовый пеликан
27 Larus ichthyaetus Қарабас өгізшағала Черноголовый хохотун
28 Columba livia Көк кептер Си́зый го́лубь
29 Rattus norvegicus Сұр егеуқұйрық Серая крыса
30 Ardeola ralloides Сары құтан Желтая цапля
31 Corvus ruficollis Шөл құзғыны Пустынный Ворон
32 Chroicocephalus ridibundus Кәдімгі шағала Чайка озерная
33 Circus aeruginosus Саз құладыны Болотный лунь
34 Hieraaetus pennatus Бақалақтақ бүркіт Орел-карлик
35 Aquila chrysaetos Бүркіт Беркут
36 Anas platyrhynchos Барылдауық үйрек Обыкновенная кряква
37 Gazella subgutturosa Қарақұйрық Джейран
38 Haliaeetus leucoryphus Кезқұйрықты субүркіт Орлан долгохвост
39 Recurvirostra avosetta Бізтұмсық Шилоклювка
40 Larus canus Көк шағала Сизая чайка
41 Aythya ferina Көк сүңгуір Красноголовый нырок
42 Oxyura leucocephala Ақбас үйрек Савка
43 Anas clypeata Жалпақтұмсықты үйрек
44 Netta rufina Қызылтұмсық сүңгуір Красноносый нырок
45 Phalacrocorax pygmaeus Кіші суқұзғын Малый баклан
46 Podiceps grisegena Сұржақ сұқсыр Серощекая поганка
47 Mareca strepera Қоңыр үйрек Серая утка
48 Mergus merganser Үлкен бейнарық Большой крохаль
49 Larus cachinnans Өгізшагала Хохотунья
50 Sus scrofa Жабайы шошқа Кабан
51 Ondatra zibethicus Ондатр Ондатра
52 Aquila nipalensis Дала қыраны Степной орел
53 Asio flammeus Саз жапалақ Болотная сова
54 Falco naumanni Дала күйкентайы Степная пустельга
55 Buteo buteo Жамансары Обыкновенный канюк
56 Sterna hirundo Өзен қарқылдақ Речная крачка
57 Falco tinnunculus Кәдімгі күйкентай Обыкновенная пустельга
58 Circus macrourus Дала құладыны Степной лунь
59 Mustela erminea Ақкіс Горностай
60 Canis lupus Қасқыр Серый волк
61 Sciurus vulgaris Кәдімгі тиін Обыкновенная белка
63 Lepus timidus Ақ қоян Заяц-беляк
64 Vulpes corsac Қарсақ Корсак
65 Corvus monedula Шауқарға Галка
66 Streptopelia senegalensis Кіші түркептер Египетская горлица
67 Merops persicus Жасыл аражегіш Зеленая щурка
68 Coccothraustes coccothraustes Кәдімгі ементұмсық Дубонос
69 Acridotheres tristis Сарыжағал қараторғай Майна
70 Fringilla montifringilla Құнақ Юрок
71 Dendrocopos major Үлкен тоқылдақ Большой пестрый дятел
72 Picus canus Боз тоқылдақ Седой дятел
73 Corvus cornix Ала қарға Серая ворона
75 Branta ruficollis Қызылжемсаулы қарашақаз Краснозобая казарка
76 Phoenicopterus roseus Қоқиқаз Фламинго
77 Cygnus olor Сыбырлақ аққу Лебедь-шипун
78 Gallinula chloropus Қызылқасқа сутартар Камышница
79 Fulica atra Қасқалдақ Лысуха
80 Mergus serrator Секпілтөс бейнарық Длинноносый крохаль
81 Podiceps nigricollis Қарамойын сұқсыр Черношейная поганка
82 Spermophilus pygmaeus Кіші саршұнақ Малый суслик
83 Mustela eversmanii Сасық күзен Степной хорек
85 Sturnus vulgaris Кәдімгі қараторғай Обыкновенный скворец
86 Luscinia luscinia Кәдімгі бұлбұл Обыкновенный соловей
87 Perdix perdix Сұр шіл Серая куропатка
88 Phasianus colchicus Кәдімгі қырғауыл Обыкновенный фазан
89 Botaurus stellaris Үлкен көлбұқа Большая выпь
90 Tringa stagnatilis Бұлақшы Поручейник
91 Ixobrychus minutus Кішкене көлбұқа Малая выпь
92 Chlidonias leucopterus Аққанат қарқылдақ Белокрылая крачка
93 Syrrhaptes paradoxus Қылқұйрық бұлдырық Саджа
95 Turdus pilaris Шетен сайрағы Рябинник
96 Felis chaus Қамыс мысығы Камышовый кот
97 Pseudopus apodus Сарыжылан Желтопузик
98 Vipera berus Кәдімгі сұржылан Обыкновенная гадюка
99 Ardea cinerea Көкқұтан Серая цапля
100 Ardea purpurea Жирен құтан Рыжая цапля
101 Hemiechinus auritus Құлақты кірпі Ушастый ёж
102 Erinaceus europaeus Кәдімгі кірпі Обыкновенный ёж
103 Varanus griseus caspius Ортаазиялық сұр келес Среднеазиатский серый варан
104 Cygnus cygnus Сұңқылдақ аққу Лебедь-кликун
105 Tetrao urogallus Меңіреу құр Глухарь
106 Testudo horsfieldii Дала тасбақасы Степная черепаха
107 Python molurus Жолбарыс питон Тигровый питон
108 Panthera tigris Жолбарыс Тигр
109 Pavo cristatus Кәдімгі тауыс Обыкновенный павлин
110 Porphyrio porphyrio Көкмаңдай Султанка
111 Potos flavus Кинкажу Кинкажу
112 Nasua nasua Тұмсықты жанат Обыкновенная носуха
113 Chrysocyon brachyurus Жалды қасқыр Гривистый волк
114 Leopardus pardalis Оцелот Оцелот
115 Psittacus erithacus Сұр тотықұс Жако, или серый попугай
117 Dromaius novaehollandiae Эму Эму
118 Cygnus atratus Қара аққу Черный лебедь
119 Petrogale Тастақ валлаби Скальные валлаби
120 Ptilocercus lowii Қауырсынқұйрықты тупайя Перохвостая тупайя
121 Galagoides demidoff Демидов галагосы Галаго Демидова
122 Chlorocebus sabaeus Жасыл маймыл (мартышка) Зелёная мартышка
Мұражайға сенбі және жексенбіден басқа күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін тегін кіруге болады, үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін. Көрсетілген телефон бойынша алдын ала жазылу қажет.
Мекенжайымыз: Университет к-сі, 28, биология-география факультетінің оқу корпусы, тел.: +7 72 12 35-61-52. № 02, 07, 40, 118, 145, 146 автобустарымен «Университет» аялдамасына дейін жүру.