09.04.2025
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 248 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Жоғары білім мен ғылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының 37-тармағына сәйкес, сондай-ақ 2025 жылғы 28 ақпандағы шарт негізінде және академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің қажеттіліктеріне ескере отырып, «Coursera» платформасына 600 лицензия берілді.
Бұл қадам студенттердің, магистранттардың және докторанттардың білім беру процесінің сапасын арттыруға, сондай-ақ университеттің академиялық әлеуетін дамытуға ықпал ететін заманауи білім беру ресурстарына қолжетімділігін кеңейтуге бағытталған маңызды күш болып табылады.
Академиялық жұмыс департаменті, Қашықтықтан білім беру орталығымен бірлесіп, «Coursera» платформасына лицензияларды университеттің 12 факультетінің студенттері, магистранттары мен докторанттары арасында бөлді.
Бүгінгі таңда «Coursera» платформасында білім алушыларды шақыру және тіркеу процесі аяқталды. Студенттер «ChatGPT: Өнеркәсіптік инженерия», «Нейрондық желілер және терең оқыту», «ХХІ ғасырдағы жұмыс орнындағы коммуникация», «Soft skills: гибкие навыки для личностного и профессионального развития», «Python: бағдарламалаудағы алғашқы қадамдар», «Мәдени антропология» және тағы да басқа курстарға жазылды.
24.12.2024
Coursera платформасында 05.07.2024 ж. - 20.08.2024 ж. (жазғы семестр) және 16.09.2024 ж. - 16.12.2024 ж. (күзгі семестр) аралығында меңгерілген курстар туралы ақпарат09.12.2024
11.11.2024
26.09.2024
Таңдалған санаттар шеңберінде аяқталған курстардың атаулары (жазғы және күзгі семестр)
16.09.2024
10.09.2024
14.05.2024
07.12.2023
06.12.2023
Coursera плафтормасында білім алушылардың барлық лек бойынша меңгерен курстары
20.11.2023
Меңгерілген курстар бойынша нәтижелер
15.11.2023
Біздің қазақ тіліне локализацияланған 100 курсқа тағы екі жаңа курс қосылғандығы туралы хабарлаймыз:
1. Қызметкер өтемақысын басқару
2. Жаһандық экономикадағы бизнес мүмкіндіктері мен тәуекелдері
Енді платформада қазақ тіліне толықтай аударылған курстар саны - 102, орыс тіліне толықтай аударылған курстар саны - 50 және басқа тілдердердегі курстар саны - он мыңнан астам.
«Coursera» компаниясының Бас атқарушы директоры Джефф Маджонкальдамен кездесу өтті
10 маусымда Astana IT University базасында «Coursera» компаниясының Бас атқарушы директоры Джефф Маджонкальданың қатысуымен «Coursera қазақ тілінде» жобасына қатысушы 25 аймақтық университет ректорлары, проректорлары және студенттерімен кездесуі өтті. Сондай-ақ кездесуге Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қатысып, онлайн курстарды оқытудың маңыздылығын ашып, дәріс оқыды.
Еске сала кетсек, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің бастамасымен университетімізге «Coursera қазақ тілінде» курстарына білім алушыларымызға 1500 лицензия берілген.
Бүгінгі таңда 1500 білім алушымыз жазылған курстарын сәтті меңгеріп шықты. Университет бойынша білім алушылар 501 атауы курстарға жазылды, соның ішінде 80 курс қазақ және орыс тілінде, қалған 421 курс ағылшын тілінде меңгерілді.
Курстарға жазылған 1500 білім алушыларымыздан 1 сертификат алғандар саны - 409, 2 сертификат алғандар саны - 223, 3 сертификат алғандар саны – 150, 4 және одан да көп сертификат алғандар саны – 718.
Кездесу «Coursera қазақ тілінде» курстарынан жоғары нәтиже көрсететкен студенттерді марапаттаумен аяқталды. Марапаттауға үздік нәтиже көрсеткен университетіміздің педагогика факультетінің 1 курс магистранты Калабаева Айгерім ұсынылып, «Coursera» компаниясының Бас атқарушы директоры Джефф Маджонкальданың қолынан үздік студент сертификатын алды.
Бүгінгі күні екінші лектің 1500 білім алушысына тіркеу жүргізіліп, дайындық жұмысы басталып кетті.
Білім алушыларымыздың жинаған тәжіибесі мен білімі кәсіби қызметтерінде пайдаланатындықтарына сенімдіміз!