Ағымдағы, аралық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау бойынша білім алушылардың білімін бағалау Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларына 1, 2-қосымшаларға сәйкес оқу жетістіктерін есепке алуды бағалаудың балдық-рейтингтік әріптік жүйесі бойынша жүзеге асырылады:
Білім алушыларды ағымдық, аралық және қорытынды бағалау пәндер силлабустарында, қорытынды аттестаттау бағдарламаларында және университет LMS-де белгіленген бағалау критерийлеріне сәйкес жүргізіледі.
Білім алушылардың үлгерімін ағымдық бақылау семестр ішінде бекітілген оқу сабақтарының кестесіне сәйкес жүргізіледі және пән силлабусының тақырыптарына сәйкес білім алушылардың білімін жүйелі тексеруді көздейді.
Білім алушылардың үлгерімін ағымдық бақылаудың бағаларын оқытушы жүйелі түрде бағалаудың электрондық журналына қояды.
Межелік бақылау пән бойынша семестр ішінде екі рет, академиялық күнтізбеге сәйкес 6-8 және 12-14 апталарда өткізіледі және пәннің белгілі бір модулін (бөлімін) зерделеу аяқталғаннан кейін білім алушылардың білімін бағалауды көздейді.
Межелік бақылаулардың бағаларын (МБ1 және МБ2) оқытушы бір рет тиісті мерзімде бағалаудың электрондық журналына қояды.
Білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау түрлері бойынша тапсырмаларды, оларды өткізу және бағалау форматын оқытушы дербес айқындайды және пәндердің оқу жұмыс бағдарламаларында (силлабустарда) көрсетіледі.
Ағымдық бақылаудың орташа бағасы семестрдегі барлық ағымдық бағалаулардың орташа арифметикалық мәні ретінде есептеледі. Межелік бақылаудың орташа бағасы М1 және М2 нәтижелерінің орташа арифметикалық мәні ретінде есептеледі.
Жіберу рейтингі ағымдық бақылаудың орташа бағасынан және 72×28 қатынасынан екі межелік бақылаудың орташа бағасынан тұрады.
Пән (емтихан) бойынша қорытынды бақылауға жіберу рейтингін алу үшін білім алушының:
Курстық жұмыс бойынша баға (пән бойынша қорытынды бақылау нысаны кезінде – емтихан және курстық жұмыс) университеттің ақпараттық жүйесіне қойылады және пән бойынша қорытынды бақылауға жіберуге негіз болып табылады.
Білім беру бағдарламасының оқу жоспарында көзделген курстық жұмыстар/жобалар емтихан сессиясы басталғанға дейін қорғалып, бағалануы және пайдалану мәніне міндетті түрде тексерілуі тиіс.
Аралық аттестаттау (емтихан сессиясы) бекітілген емтихан кестесіне сәйкес академиялық күнтізбемен бекітілген мерзімде өткізіледі.
Аралық аттестаттау білім алушылардың оқыған пәні бойынша емтихан тапсыруын, курстық жұмыстарды (жобаларды) және кәсіптік практика/тағылымдама, ғылыми-зерттеу жұмысы/эксперименттік-зерттеу жұмысы туралы есептерді міндетті түрде баға қойғыза отырып қорғауын көздейді.
Аралық аттестаттаудан өтуге кемінде 50 балл жіберу рейтингісі бар білім алушылар жіберіледі. Оң жіберу рейтингісі жоқ білім алушылар пән (емтихан) бойынша қорытынды бақылауға жіберілмейді. Курстық жұмыс бойынша оң бағасы жоқ білім алушылар тиісті пән бойынша емтиханға жіберілмейді.Әрбір пән бойынша білім алушылардың оқу жетістіктерінің деңгейі мынадай көрсеткіштерден қалыптастырылатын қорытынды бағамен айқындалады:
Бұл ретте:
Пән бойынша қорытынды баға мына формула бойынша анықталады:
Оқу сабақтарының кестесіндегі сағаттардың 50%-ын себепсіз босатқан білім алушы ағымдық тапсырмалардың орындалу сапасына қарамастан емтиханға жіберілмейді. Академиялық кезеңде себепсіз 60 және одан да көп жиынтық сағат босатқан білім алушы университетпен байланысын жоғалтқаны үшін оқудан шығарылады.
Білім алушы емтихан нәтижелері бойынша «F» бағасына сәйкес келетін «қанағаттанарлықсыз» деген баға алған жағдайда, ол пән бойынша жіберу рейтингісінің жоғарылығына қарамастан, осы академиялық кезеңде түпкілікті, яғни қорытынды болып табылады. Мұндай жағдайда пән бойынша қорытынды баға есептелмейді. Бұл жағдайда білім алушы осы оқу пәніне жазғы семестр шеңберінде ақылы негізде қайта жазылады, сабақтың барлық түрлеріне қатысады, оқу бағдарламасына сәйкес оқу тапсырмаларын орындайды және пән бойынша қорытынды бақылауды қайта тапсырады.
Білім алушы емтихан нәтижелері бойынша «FХ» бағасына сәйкес келетін «қанағаттанарлықсыз» деген баға алған жағдайда, білім алушының пән бойынша қорытынды бақылауды (емтиханды) ақылы негізде осы аралық аттестаттау кезеңінде оқу пәні бағдарламасын қайта өтпей-ақ 1 (бір) реттен артық емес қайта тапсыруға мүмкіндігі бар. Егер емтиханды қайта тапсыру нәтижелері бойынша білім алушы осы пән бойынша «FX» бағасын қайта алса, онда сол бойынша білім алушыға жазғы семестр шеңберінде ақылы негізде өтелетін академиялық берешек қалыптастырылады.
Оқу жылы аяқталғаннан кейін жыл сайын магистрант/докторант жеке жұмыс жоспарын орындау бойынша академиялық аттестаттаудан өтеді. Есеп беру материалдарының құрамына орындалған жұмыстың бағасы көрсетілген ғылыми жетекшінің мінездемесі, білім алушының есебі, бітіртіп шығаратын кафедраның қорытындысы кіреді.