ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

Апелляция беру тәртібі

1. Апелляция беру себептері

Білім алушы емтихан нәтижелеріне шағымдануға құқылы. Шағымдану себептері мынадай болуы мүмкін:

  • Сұрақтар мен жауаптардың дұрыс болмауы
  • Тестілеу бағдарламасының техникалық ақаулары
  • Емтихан жұмысының бағалауында қателіктер
  • Емтихан өткізу процедурасының бұзылуы
  • Емтихан тапсырған кезде этикалық нормалардың бұзылуы

2. Ауызша және жазбаша нысанда апелляция беру тәртібі

1-қадам: Өтініш жазу

Білім алушы емтихан нәтижесін алған күні факультет деканының атына өтініш жазады. Өтініште міндетті түрде алынған емтихан бағасымен келіспеу себебін көрсету және негіздеу қажет.

2-қадам: Өтінішті апелляциялық комиссияға беру

Деканның қолбелгісі бар өтініш және білім алушының емтиханға жауап парағы университет ректорының бұйрығымен бекітілген апелляциялық комиссияға беріледі. Өтініш келесі жұмыс күні ішінде қаралады.

3-қадам: Апелляциялық комиссияның шешімін шығару

Апелляциялық комиссияның шешімі хаттама түрінде рәсімделеді және апелляциялық комиссияның төрағасы – факультет деканы білім алушыларға жеткізеді.

4-қадам: Шешімнің жүйеге енгізілуі

Апелляциялық комиссия отырысының хаттамасы деканат арқылы Тіркеуші кеңсеге беріледі. Емтихан бағасы апелляцияны ескере отырып, жүйеге енгізіледі және білім алушының жеке кабинетінен көре алады.

5-қадам: Апелляция қанағаттандырылмаса

Егер апелляция қанағаттандырылмаса, емтихан бағасы өзгеріссіз қалады және жүйеге ешқандай өзгеріс енгізілмейді.

3. АЖ-де тестілеуден өткен кезде апелляция беру тәртібі

1-қадам: Апелляцияны «Platonus» жүйесі арқылы беру

Білім алушы тест аяқталғаннан кейін 120 минут ішінде «Platonus» АЖ-де «Апелляциялар» модулі арқылы апелляция береді. Тестіленуші 20 минут ішінде сұрақтарды таңдап, апелляцияны жібереді.

2-қадам: Сұрақтарды таңдау және апелляцияны беру

Білім алушы апелляцияға шағымданғысы келетін сұрақтарды таңдайды және апелляцияны жібереді.

3-қадам: Апелляция материалдарын өңдеу

Апелляцияға берілген сұрақтар Тіркеуші кеңсесі тарапынан өңделіп, апелляциялық комиссияға жіберіледі. Комиссия материалдарды келесі жұмыс күні ішінде қарайды.

4-қадам: Шешімді жүйеге енгізу

Апелляциялық комиссияның шешімі АЖ-ге енгізіледі, кейін жүйе автоматты түрде емтихан бағасын қайта есептейді және білім алушының жеке кабинетінде көруге болады.

5-қадам: Апелляция қанағаттандырылмаса

Егер апелляция қанағаттандырылмаса, емтихан бағасы өзгеріссіз қалады және жүйеге ешқандай өзгеріс енгізілмейді.

4. Кері байланыс

Кері байланыс ауызша апелляциялық комиссияның төрағасы, мүшелері арқылы және электронды түрде университеттің LMS – "Платонус" жүйесі арқылы жүзеге асады.