кафедра меңгерушісі
Философия докторы (PhD)
қауымдастырылған профессор
Телефон: +7 (72 12) 35-11-91
E-mail: siio@buketov.edu.kz
Карбышев көшесі, 7, № 11 ғимарат
Facebook Instagram
Арнайы және инклюзивті білім беру кафедрасы арнаы және инклюзивті білім беру саласына мамандар даярлауды жүзеге асырады.
Кафедра "Арнайы педагогика" бакалавриатының (4 және 3 жыл), сондай-ақ "Дефектология" және "Логопедия" магистратурасының (2 жыл) білім беру бағдарламасын жүзеге асырады.
Оқыту бағдарламасы Қарағанды облысының арнайы білім беру ұйымдары желісінің базасында және кафедраның 4 филиалының базасында өтетін өзекті пәндер мен практиканың 5 түрін қамтиды. Студенттер арнайы педагогика және инклюзивті білім беру саласы бойынша білім алады.
Кафедра "Білім беру" тобының барлық білім беру бағдарламаларында "Инклюзивті білім беру" курсын оқуды жүзеге асырады.
Кафедра түлектері инклюзивті жағдайлары бар жалпы білім беру ұйымдарының және арнайы білім беру ұйымдарының барлық түрлерінде арнайы педагог/дефектолог болып жұмыс істей алады, сондай-ақ колледждерде, біліктілікті арттыру институттарында, жоғары оқу орындарында сабақ бере алады, педагогикалық және зерттеу қызметімен айналыса алады.
Кафедра университеттің инклюзивті білім беру ресурстық орталығының жұмысын қамтамасыз етеді, оның негізгі бағыттарының бірі – ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттерді сүйемелдеу.
Кафедраның ғылыми бағыты дамып келе жатқан инклюзивті орта үшін жаңа формациядағы болашақ педагогтарды кәсіби даярлау мәселелерін зерттеумен байланысты.
Даталар мен фактілер
Тарихы:
Кафедра 1984 жылы Қарағанды педагогикалық институтында Қазақстан бойынша дефектолог мамандарды даярлауда екінші кезекте құрылған. Кейін дефектология факультеті деңгейіне дейін кеңейтілді. Олигофренопедагогика кафедрасының алғашқы меңгерушісі және негізін қалаушы – ХЖМ ҒА академигі, профессор, психология ғылымдарының докторы Намазбаева Ж.И. Әр жылдар ішінде кафедраны басқарған жетекші ғалымдар: м.ғ.к., доцент Дуплякин А.Г.; м.ғ.к., доцент Шишканов В.В.; п.ғ.к. Ахтаева М., м.ғ.к. Киспаева Ж.Қ., Красникова Н.А.; г.ғ.к., профессор Джусупов С.И.; м.ғ.к., профессор Ахметова Н.Ш., п.ғ.к. Колесникова Л.В.; м.ғ.д., профессор Тебенова Қ.С.; б.ғ.к., қауымдаст. профессор Алшынбекова Г.Қ. 2022 жылдан PhD, қауымдаст. профессор Рымханова А.Р. басқарады.
2005 жылдан бастап «Дефектология» білім беру бағдарламасы бойынша магистратура ашылды.
2021 жылдан бастап университеттің ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларын қолдау жөніндегі құрылымдық бөлімшесі ретінде «Инклюзивті білім берудің Ресурстық орталығы» ашылды. Сондай-ақ, Ресурстық орталық өңірдегі инклюзивті практиканы ғылыми-әдістемелік сүйемелдеуді ісін жүзеге асырады және түзету-білім беру қызметтерін көрсетеді.
2022 жылдан бастап бакалавриатта «Арнайы педагогика» білім беру бағдарламасы ашылды.
2023 жылдан магистратурада «Логопедия» білім беру бағдарламасы ашылды.
Оқытушылар:
Кафедраның ПОҚ отыздан астам оқытушылардан – ғылым докторларынан, кандидаттарынан, философия докторларынан және ғылым магистрлерінен тұрады. Олардың ішінде «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» республикалық атағының иегерлері, түрлі академиялардың академигі және корреспондент-мүшелері, атаулы сыйлықтар мен стипендиялардың иегерлері бар.
Білім алушылар:
Білім беру бағдарламалары бойынша студенттердің контингенті тұрақты өсу үрдісіне ие.
Жұмысқа орналастыру:
Білім беру бағдарламалары бойынша түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіші жыл сайын 70%-дан 85%-ға дейін құрайды, бұл кадрларға деген тұрақты сұраныстың барлығын көрсетеді.
Аккредиттеу және көшбасшылық:
Кафедра бағдарламалары ұлттық рейтингтерде лайықты орындарға ие:
БСҚТА (НАОКО):
6B01901-Дефектология - 3 орын;
7М01902101-Дефектология - 1 орын;
«Атамекен» ҰКП:
6B01901 «Дефектология» - 17 ЖОО арасында тізімдегі 5-орын.
Жобалар:
Кафедра оқытушылары ғылыми-зерттеу және ғылыми-практикалық жобаларды іске асыруға белсенді қатысады:
TEMPUS IV «Әлеуметтік қызметкерлерді даярлау бойынша білім беру бағдарламаларын кәсібилендіру» Халықаралық жобасы (Туғанбекова К.М., Тебенова К. С.).
ҚР БҒМ ГҚ: АР05134666 «Инклюзивті білім беру жағдайындағы кәсіби қызметке педагог кадрларды даярлау» (А.Р. Рымханова, АҒҚ).
ҚР БҒМ ГҚ: АР08856309 «Инклюзивті білім беру шеңберінде студенттердің волонтерлік қызметін ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу» (Рымханова А.Р., ЖҒҚ).
ҚР БҒМ ГҚ: АР19678524 «Арнайы және инклюзивті білім беру жағдайларында аутистік спектрлі бұзылыстары аралас бұзылулармен асқынған балаларды әлеуметтендіру үдерісін модельдеу» (Рымханова А.Р., жетекші; Рахметова А.М., Боброва В.В., Сакаева А.Н., Яковенко И.В.).
Ғылымды университет ішілік қаржыландыру:
«Жоғары оқу орындары студенттерінің медициналық-құқықтық сауаттылығын қалыптастыру елдің кадрлық ресурсының сапасын арттыру факторы ретінде
(Инклюзивті және арнайы білім беру ресурстық орталығы мысалында)» (Рымханова А.Р., жетекші; Тебенова К.С., Аманжолова Б.А., Жусупбекова З.Д., Аманбекова А.Б.).
Жас ғалымдардың жұмысын университет ішілік қаржыландыру:
«Саламатты ұрпақ өсірудің шарты – болашақ ата-ананың сауаттылығы» (Жусупбекова З.Д., жетекші).
«Арт-шеберхана» білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балаларды әлеуметтендірудің инновациялық формасы ретінде» (Аринова К.Н., жетекші).
Орта және арнайы білім беру мекемелерімен жүзеге асырылып жатқан бастамашыл жобалар:
«Тәжірибедегі педагог кадрларды инклюзия жағдайындағы қызметке даярлау» (Рымханова А. Р., Алшинбаева С. Ж., Олексюк З. Я., Ашимханова Г. С., Кударинова Г. С., Жүсіпбекова З. Д.)
«Бүгін, ертең және әрқашан: ЕБАҚ бар балаларға сапалы білім алу құқығын іске асырудың психологиялық-педагогикалық шарттары» (Боброва В. В., Алшынбекова г. К., Рахметова А. М.)
«Арнайы мектеп-интернат жағдаында аутистік спектрлі бұзылыстары бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау» (Рымханова А.Р., Садвакасова Н.А., Бекмаганбетова А.К.)
«Отбасы және мектеп: диалогтан серіктестікке» (Рымханова А.Р., Олексюк З.Я.).
Серіктестер:
Жалпы білім беретін мектептер мен арнайы мектеп-интернаттар, мектепке дейінгі ұйымдар, түзету-дамыту орталықтары, отандық және шетелдік ЖОО.
Білім беру бағдарламалары:
6В01901 Дефектология: бакалавриат. Бағдарламаның мақсаты жалпы, арнайы және инклюзивті білім беру жүйесінде түзету-педагогикалық қызметті жүзеге асыруда іргелі білімі мен зерттеу дағдылары қалыптасқан дефектологтарды/арнайы педагогтарды кәсіби даярлау.
Түлектер дефектолог, сонымен қатар, логопед, олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог біліктілігін алады.
Кәсіптік қызмет саласы мен объектілері: арнаулы (түзету) мектептер, арнаулы сыныптары бар жалпы білім беретін мектептер, инклюзивті жағдайлары бар сыныптар, Оңалту орталықтары, түзету кабинеттері, мектепке дейінгі және мектеп мекемелері жанындағы логопедиялық пункттер, психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар болып табылады.
6B01902 – «Арнайы педагогика»: бакалавриат. Бағдарламаның мақсаты – арнайы және инклюзивті білім беру жүйесінде түзету-педагогикалық қызметті жүзеге асыруға қажет іргелі білімі мен зерттеу дағдылары бар арнайы педагог мамандарды кәсіби даярлау. Түлектер арнайы педагог (дефектолог-мұғалім, дефектолог, логопед-мұғалім, логопед), minor- педагог-ассистент біліктілігін алады.
Кәсіптік қызмет саласы: арнайы және инклюзивті жағдайы бар сыныптары бар жалпы білім беретін мектептер; арнайы және инклюзивті топтары бар балабақшалар; арнайы (түзету) мектептер; Оңалту орталықтары; түзету кабинеттері; инклюзивті білім беруді қолдау кабинеттері; мектепке дейінгі және мектеп ұйымдарыі жанындағы логопедтік пункттер; психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар болып табылады.
7М01901 – «Дефектология»: магистратура. Бағдарламаның мақсаты – арнайы педагогика саласында іргелі және қолданбалы білімі бар, түзету-педагогикалық және басқару қызметін жүзеге асыруға қабілетті магистрлерді даярлау.
Берілетін академиялық дәрежесі: «Дефектология» ББ бойынша педагогика ғылымдарының магистрі.
Кәсіптік қызмет саласы мен объектілері: орта, арнаулы орта және жоғары білім беру ұйымдары, мектепке дейінгі және мектеп деңгейлеріндегі түзету білім беру ұйымдары, біліктілікті арттыру институттары және білім департаменттерінде жетекші маман қызметтерін атқара алады.
7М01902 – «Логопедия»: магистратура. Бағдарламаның мақсаты - арнайы педагогика саласында іргелі және қолданбалы білімі бар, түзету-педагогикалық және басқару қызметін жүзеге асыруға қабілетті магистрлерді даярлау.
Берілетін академиялық дәрежесі: «Логопедия» ББ бойынша педагогика ғылымдарының магистрі.
Кәсіптік қызмет саласы мен объектілері: орта, арнаулы орта және жоғары білім беру ұйымдары, мектепке дейінгі және мектеп деңгейлеріндегі түзету білім беру ұйымдары, біліктілікті арттыру институттары және білім департаменттерінде жетекші маман қызметтерін атқара алады.
Мұғалімдер профильдері
Алшынбекова Г.К.