кафедра меңгерушісі
Телефон: +7 7212 35-64-50
E-mail: ikamzabekov@mail.ru
Университет көшесі, 28 А,
№ 2 ғимарат
Instagram
Көлік және логистикалық жүйелер кафедрасы бакалавриат және магистратура бағдарламалары бойынша көлік саласы үшін мамандар даярлауды жүзеге асырады. Студенттерге көлік қызметтері мен автокөлік құралдары бойынша оқу модульдерін меңгеру, магистранттарға көлік техникасы мен технологиясы саласында құзырет алу ұсынылады.
Кафедра түлектері өндіріс, пайдалану және көлікті басқару саласында жұмыс істей алады, егер магистр дәрежесі болса, сабақ беріп, ғылыми қызметпен айналыса алады.
Кафедраның ғылыми қызығушылықтары «Өнеркәсіптік нысандарды жылытуға арналған жылу генераторлық қондырғыны әзірлеу», «Жылу энергиясын алу қондырғысы», «Желілік қозғалтқыштары бар крутонаклонды пластиналық конвейердің тартқыш-көтергіш органының конструкциясын әзірлеу және зерттеу» тақырыптарын зерттеумен байланысты.
Даталар мен фактілер
Тарихы:
Кафедра 1993 жылы кәсіби-көркемөнер факультетінің «Машина жасау» кафедрасы негізінде құрылды. 300440 – «Жол қозғалысын ұйымдастыру» мамандығы бойынша студенттерді алғашқы қабылдау 1997 жылы жүргізілді, ал 2002 жылы «Жол қозғалысы инженері» біліктілігі бойынша алғашқы түлектер шығарылды.
Әр жылдары кафедраны т.ғ.к., доцент С.Ш. Магавин; т.ғ.к., профессор М.С. Овчаров; т.ғ.к., доцент В.И. Нартя; т.ғ.к., доцент К.Г. Каримов; т.ғ.д., профессор Ж.М. Куанышбаев; п.ғ.к., доцент К.Р. Исаева; п.ғ.д., профессор Г.О. Тажигулова, п.ғ.к., доцент С.Г. Курымбаев, п.ғ.к., доцент И.С.Утебаев, п.ғ.д., профессор Г.О. Тажигулова басқарды.
Оқытушылар:
Қазіргі уақытта кафедрада 13 оқытушы жұмыс істейді, оның ішінде ғылым докторы, 5 ғылым кандидаты, 7 магистр, Республикалық «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының иегерлері: Г.О. Тажигулова, А.М. Затынейко, С.Г. Курымбаев.
Білім алушылар:
Бүгінгі таңда кафедрада 287 студент, оның ішінде Өзбекстан мен Моңғолия елдерінен келген білім алушылар бар.
Жұмысқа орналастыру:
Түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіші 60-тан 100%-ға дейін өсті.
Инновациялық бағдарламалар:
6В11302- Кешенді көліктік логистика: бакалавриат.
Инфрақұрылым:
Кафедраның оқу жұмысын 8 оқу және бір ғылыми зертхана қамтамасыз етеді. Кафедраның дәрісханалық қорына гидравлика және көлік техникасының құрылғысы, жол қозғалысын ұйымдастырудың техникалық құралдары және көлік техникасының энергетикалық қондырғылары бойынша мамандандырылған зертханалар кіреді. Практикалық сабақтар оқу-өндірістік шеберханаларда өткізіледі.
Көшбасшылық және аккредиттеу:
Кафедра бағдарламалары ұлттық аккредиттеуден өткен және Ұлттық рейтингте лайықты орындарға ие: 6B07105- Көлік, көлік техникасы және технологиялары /Атамекен – 2020 – 2 орын.
Серіктестер:
Сібір мемлекеттік автомобиль-жол академиясы (Ресей).
Криворожск техникалық университеті (Украина).
И. Раззаков атындағы Қырғыз мемлекеттік техникалық университеті (Бішкек).
Ташкент мемлекеттік көлік университеті (Өзбекстан).
Серіктестер:
Кафедрамыздың түлектері қазіргі кезде мамандық бойынша жетістіктерге жетіп, сала бойынша биіктерді бағындыруда.
Тусупов Серик Амантаевич – ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары. «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» мамандығының 2002 жылғы түлегі.
Кузнецов Александр Юрьевич - «Қарағанды автобус паркі» ЖШС пайдалану және тасымалдау бойынша бастығы. «Жол қозғалысын ұйымдастыру» мамандығының 2005 жылғы түлегі.
Магрупбеков Ернур Ерзадаевич – Қарағанды теміржол колледжі директоры. «Жол қозғалысын ұйымдастыру» мамандығының 2004 жылғы түлегі. 2018 жылы «Кәсіптік оқыту» мамандығы бойынша магистратураны тәмамдаған.
Ташимов Аскар Мейрамович - "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС Жер ресурстары және жылжымайтын мүлік департаменті директорының орынбасары. «Жол қозғалысын ұйымдастыру» мамандығының 2004 жылғы түлегі.
Горин Александр Васильевич –«ПромСтальЦентр» ЖШС ТК директоры. «Жол қозғалысын ұйымдастыру» мамандығының 2004 жылғы түлегі.
Зиверт Сергей Аликович - Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД "ӨС және АҚЖҚ" ММ Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің бас маманы. ҚР ТЖМ (Нұр-сұлтан Қ.)" «Жол қозғалысын ұйымдастыру» мамандығының 2004 жылғы түлегі
Мусин Абзал Куанышевич - "Pozitif Drilling Kazakhstan" ЖШС учаске бастығы, Қаражал қаласы. «Көлік, көліктік техника және технологиялар» мамандығының 2013 жылғы түлегі.
Қасенов Ахат Мухтарович, ЖШС "Tranco Express" Караганды қ., директор орынбасары. «Көлік, көліктік техника және технологиялар» мамандығының 2014 жылғы түлегі.
Білім беру бағдарламалары
6В11301 - Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру: бакалавриат. Бағдарлама жолаушылар мен жүктерді басқаруды, жол қозғалысы мен көлік процестерін бақылау мен қауіпсіздікті зерттеумен байланысты. Оқу барысында студенттер жолаушылар тасымалын басқару, жол қозғалысын бақылау дағдылары, көлік қауіпсіздігін бағалау және тасымалдауды ұйымдастырудың көптеген аспектілері бойынша білім ала алады. Студенттер ұйымдастырушылық-басқарушылық, жобалық, эксплуатациялық және есептік қызмет дағдыларын меңгереді. Студенттердің пәндердің бір бөлігін ағылшын тілінде оқуға мүмкіндігі бар. Түлектер қызмет көрсету бакалавры дәрежесін алады және жолаушылар мен жүк тасымалы, теміржол көлігі, жол қауіпсіздігі қызметтері және басқа да көлік мекемелерінде жұмыс істей алады.
6В07105 - Көлік, көлік техникасы және технологиялары: бакалавриат. Бағдарлама инженерия және инженерлік іс, көлік, көлік техникасы және технология саласында түйінді және кәсіби құзыреттерге ие маман даярлауға бағытталған. Оқу барысында студент көлік техникасын жобалаумен, пайдаланумен және жөндеумен байланысты кешенді міндеттерді шешуді үйренеді. Түлектер техника және технология бакалавры дәрежесін алып, автокөлік кәсіпорындарында, автожөндеу зауыттарында, көлік техникасын пайдалануды жүзеге асыратын конструкторлық-технологиялық және ғылыми ұйымдарда, машина жасау зауыттары мен машина жөндеу кәсіпорындарында, автомобиль кешенінің кәсіпорындары мен ұйымдарында жұмыс істей алады.
7М07113 - Көлік, көлік техникасы және технологиялары: магистратура. Бағдарлама көлік процестерін ұйымдастыру саласында тиімді басқару шешімдерін қабылдауға қабілетті маман даярлауға бағытталған. Оқу процесінде магистрант техникалық пайдаланудың барлық кезеңдерінде әртүрлі мақсаттағы көлік және көлік-технологиялық машиналардың техникалық жай-күйін басқару бойынша кәсіби міндеттерді шешуді; әртүрлі мақсаттағы көліктерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша технологиялық процестерді жетілдіруді үйренеді. Магистранттардың пәндердің бір бөлігін ағылшын тілінде оқуға мүмкіндігі бар. Түлектер көлік және технология магистрі дәрежесін алады, бұл оларға педагогикалық қызмет жүргізуге, сондай-ақ автокөлік кәсіпорындарында, автожөндеу зауыттарында, көлік техникасын пайдалануды жүзеге асыратын кәсіпорындар мен ұйымдарда жұмыс істеуге мүмкіндік береді.