кафедра меңгерушісі
химия ғылымдарының кандидаты
қауымдастырылған профессор
Телефон: +7 7212 35-64-50
Университет көшесі, 28 А,
№ 2 ғимарат
Facebook Instagram
Профессор Ж.С. Ақылбаев атындағы инженерлік жылу физикасы кафедрасы энергетика және қоршаған ортаны қорғау саласында мамандарды дайындайды және бакалавриат, магистратура, докторантура бағдарламаларын жүзеге асырады.
Кафедра студенттері келесі траекториялар бойынша оқуға мүмкіндік алады: Өнеркәсіптік жылу энергетикасы, Жылу энергетикалық қондырғылар, Тіршілік қауіпсіздігі, Қоршаған орта экологиясы. Оқыту бағдарламасында қазандық қондырғылар мен бу генераторлары, сығымдағыштар мен жылу қозғалтқыштар, жылу энергетикалық станциялардың турбиналық қондырғылары, жылуландыру және жылу желілері, радиациялық қауіпсіздік негіздері, өнеркәсіптік қауіпсіздікті техникалық реттеу, тұрғын және қоғамдық ғимараттардың өрт қауіпсіздігі, құтқару жұмыстарының қауіпсіздігі сияқты өзекті пәндер бар.
Білім беру бағдарламаларының түлектері жылуэнергетикалық кәсіпорындарда, табиғатты қорғау ұйымдарында, ТЖ және еңбекті қорғау органдарында жұмыс істей алады.
Кафедраның ғылыми қызығушылықтары бірқатар мәселелерді зерттеумен байланысты: электрогидроимпульсті технология негізінде жылу сорғылы ұңғымалардан жылу көтерудің тиімді технологиясын жасау, өсімдіктер мен тірі организмдердің тіршілігі үшін оң нәтижемен тазарту және активтендірудің электроразрядты технологияларының су ресурстарын толықтыру әдістемесі, шағын жел энергетикалық қондырғылардың тәжірибелік-өнеркәсіптік үлгілерін кешенді әзірлеу, жасау, дайындау, теориялық және эксперименттік зерттеу, мұнай шламдары мен құрамында мұнайы бар техногендік шикізатты қайта өңдеудің электрогидроимпульсті технологиясы, энергетиканың баламалы көздері.
Даталар мен фактілер
Тарихы:
Жылу физикасы кафедрасы 1980 жылы cол кездегі декан, кейін университет ректоры болған т.ғ.д., профессор, ЖМ ХҒА академигі Ж.С.Ақылбаевтың басшылығымен ашылған.
Кафедраның алғашқы меңгерушісі болып доцент А.Ж. Тұрмұхамбетов тағайындалды, оның еңбек қызметі физика факультетімен және жылу физикасы кафедрасымен де тығыз байланысты болды.
Кафедраны әртүрлі уақытта профессорлар Ж.С. Ақылбаев, Қ.Қ. Құсаиынов, Ю.Н. Антипов, М.Қ. Құрманов, Н.Ж. Жәйшібеков, доцент Ю.Н. Щербаков басқарған.
2008 жылы кафедраға профессор Ж.С. Ақылбаевтың есімі берілді. Жылу энергетикасы кәсіпорындары үшін физик-инженерлерді дайындау 1992 жылдан бері жүргізіліп келеді.
Инфрақұрылымы:
Кафедра 2 ғылыми зертханамен, 8 зерттеу зертханасымен, 10 оқу зертханасымен қамтамасыз етілген, мұнда кафедраның аспаптары мен зертхананың қондырғылары қолданылады. Олардың ішінде жұмыс бөлігінің диаметрі 500 мм, ауа ағынының жылдамдығы ~ 30 м/с аэродинамикалық құбыр, «Искра-Н» электрогидравликалық қондырғысы, «АТП-01 автоматтандырылған жылулық пункті» зертханалық кешені және ағыншалардағы, құбырдағы, арнадағы ағындарды зерттейтін, жылулық үдерістерді оқып үйренуге арналған құралдар бар.
Ғылыми дәстүрлері:
Факультет пен кафедра аясында ғылыми «Бейсызықты жүйелердегі хаос және реттелген құрылымдар. Теория және тәжірибе» атты 11 халықаралық конференция Новосибирск, Томск, Кемерово, Екатеринбург қалаларының ғылыми зерттеу институттары мен жоғарғы оқу орындарының жетекші ғалымдарының қатысуымен өтті. Екі жылда бір рет өтетін бұл конференция бейсызықты құбылыстардың ғылыми дамуына үлкен үлес қосады.
Білім алушылар:
Бүгінде студенттер контингенті 289 адамды құрайды, оның ішінде Украина мен Моңғолия азаматтары бар.
Жұмысқа орналастыру:
Соңғы үш жылдағы көрсеткіш 87%-дан 100%-ға дейін өсті.
Оқытушылар:
Кафедрада 18 оқытушы жұмыс істейді, олардың ішінде докторлар, кандидаттар, магистрлер, «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» республикалық атағының иегерлері: К. Кусаинов., С.Е. Сакипова, Б.Р.Нусупбеков, А.К. Хасенов, К.М. Шаймерденова, Д.Ж. Карабекова, Н.К.Танашева.
Инновациялық бағдарламалар:
8D05309002 - «Жылу физикасы және теориялық жылу техникасы»
Көшбасшылық:
Ұлттық рейтингтердегі орны: 6В07103 - Жылу энергетикасы /БСҚТА - 2019 г. – 5 орын; «Атамекен» – 2020 ж. – 5 орын; 6B11201- «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қаіпсіздігі» / БСҚТА - 2019 ж. – 6 орын.
Аккредиттеу: Барлық бағдарламалар ұлттық аккредиттеуден өткен.
Серіктестер:
Украинаның МҒА техникалық жылу физикасы институты;
Жоғары ағымдағы электроника интитуты РҒА СБ, Томск;
Жоғары ағымдағы электроника интитуты РҒА СБ, Томск;
Латвия университеті, Рига;
Томск мемлекеттік политехникалық зерттеу университеті;
Бельско-Бяла университеті;
«Неофит Рилски» Оңтүстік-Батыс университеті, Благоеврад.
Білім беру бағдарламалары
6В07103-Жылу энергетикасы: бакалавриат. Бағдарлама энергетика өнеркәсібінің, жылу электр станцияларының технологиялық процестерін; өнеркәсіптік кәсіпорындар мен ұйымдарды орталықтандырылған және автономды жылумен жабдықтау жүйелерін; энергия көздерін өндіру және тарату жүйелерін; жылу және жылу желілерін; су мен отынды дайындау жүйесін, өнім сапасын бақылау жүйесін, кәсіпорындарда сапа менеджменті жүйесін зерделеумен байланысты. Оқу барысында студент техникалық және адами факторларды ескере отырып, басқару принциптерін және әртүрлі жылу жүйелері параметрлерінің оңтайлы арақатынасын анықтайды және т.б. дағдыларды үйренеді. «6В07103-Жылу энергетикасы» білім беру бағдарламасының түлектері техника және технологиялар бакалавры дәрежесін алып, жылу-энергетика кәсіпорындарында (ЖЭО, МАЭС), өнеркәсіптік энергетика кәсіпорындарында (қазандық станциялары, жылу желілері), сондай-ақ жылыту, желдету, ыстық сумен жабдықтау және технологиялық бумен жабдықтау жүйелеріне қызмет көрсету жөніндегі өнеркәсіптік кәсіпорындардың барлық түрлерінде жұмыс істей алады.
6B11201-Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қаіпсіздігі: бакалавриат. Бағдарлама индустрия, ауыл және коммуналдық шаруашылық, мемлекеттік органдар, өндіріс және тұтыну салаларын қоса алғанда, экономиканың барлық салаларының кәсіпорындары үшін тіршілік қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау және төтенше жағдайлардың алдын алу саласындағы міндеттерді зерделеумен байланысты. Оқу барысында студент техносферамен және қоршаған ортамен өзара әрекеттесу кезінде адамның қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысты мәселелерді шешуді үйренеді. Түлектер бакалавр дәрежесін алады және табиғатты бақылау, еңбек қорғау құралдары, құтқару техникасы саласында жұмыс істей алады, кәсіпорындар мен азаматтардың экономикалық қызметіне сараптама және аудит жүргізе алады, объектіні адам мен қоршаған орта үшін қауіпсіздігі тұрғысынан іске асыруға рұқсат етілуіне баға бере алады.
7M07109801-Жылу энергетикасы: магистратура. Бағдарлама жылу энергетикасында ғылыми зерттеулер жүргізумен байланысты. Магистрант көп фазалы ортаның динамикасы мен жылу алмасуына, жылу технологиясына, жылу энергетикасындағы ақпараттық жүйелерге байланысты пәндерді оқиды. Оқу процесінде магистрант ғылыми-зерттеу жұмысын жоспарлауды және оның нәтижелерін бағалауды, ақпаратты практикада өңдеудің компьютерлік технологияларын қолдануды, жұмыс денелері мен салқындатқыштардың термодинамикалық қасиеттерін анықтау үшін теңдеулер мен анықтамалық мәліметтер базасын, ТЭУ процестері мен жылу тиімділігінің көрсеткіштерін термодинамикалық талдауда қолдануды үйренеді. Түлектер техникалық ғылымдар магистрі дәрежесін алады және университетте сабақ бере алады, зерттеу жұмыстарымен айналысады, жобалау саласында жұмыс істей алады.
8D05303 - Жылуфизикасы және теориялық жылутехникасы: докторантура. Бағдарлама ғылыми зерттеулер жүргізумен және электр үнемдеу, жаңартылатын энергетиканың физикасы мен техникасын зерттеумен байланысты. Докторант заманауи гидро-газодинамиканың негізгі мәселелерін, разрядты-импульсті технологиялардың таңдаулы тарауларын зерттейді. Түлектер PhD докторы дәрежесін алады және жоғары оқу орындарында сабақ берумен қатар ғылыми-зерттеу қызметімен айналыса алады.