кафедра меңгерушісі
экономика ғылымдарының кандидаты
профессор
Телефон: +7 7212 356398
E-mail: dinara.mamrayeva@mail.ksu.kz
Университет көшесі, 28
№1 ғимарат, 427 кабинет
Instagram
Кафедра туризм, мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі, маркетинг және логистика саласындағы мамандарды дайындайды.
Кафедра 4 бакалавриат және 3 магистратура білім беру бағдарламасы бойынша оқытуды ұсынады. Бағдарламалар Қазақстан Республикасының кәсіби стандарттарына, қазіргі заманғы нарық талаптарына сәйкес, сондай-ақ шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының тәжірибесін ескере отырып әзірленді.
Бағдарламаның ерекшелігі еуропалық жоғары оқу орындарында қосдипломды білім алу, елдегі ірі компанияларда тәжірибе мен тағылымдамадан өту мүмкіндігі болып табылады.
«Туризм» бағдарламасы көптілді білім беру аясында жүзеге асырылады, яғни студенттердің қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде білім алу мүмкіндігі бар. Магистратурадағы бейіндік пәндердің бір бөлігі ағылшын тілінде оқытылады.
Кафедра ғылыми қызметпен белсенді айналысады, қаржыландырылатын республикалық және халықаралық гранттық жобаларды жүзеге асырады, кафедра бейіні бойынша әртүрлі зерттеулер жүргізеді, атап айтқанда: әлеуметтік-экономикалық үрдістерді модельдеу және болжау; нарықтарды маркетингтік зерттеу; жоғары технологиялық өндірістік кластерлердің инновациялық инфрақұрылымын зерттеу; жарнамалық ақпараттық ағындар логистикасының тиімді әдістерін зерттеу; инновацияларды коммерцияландыру үрдісін зерттеу; бағыттардың туристік-рекреациялық әлеуетін кешенді көп факторлы бағалау; мейрамханалардың инновациялық технологияларын зерттеу; Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік жүйесінде жастар туризмінің инновациялық бизнес модельдерін дамыту; SMART технологияларын қолдану негізінде Орталық Қазақстандағы қалалық туристік маршруттарды дамыту.
Кафедрада студенттерге нарықты, кәсіпорынды маркетингтік талдау дағдыларына үйретуге мүмкіндік беретін бағдарламалық қамсыздандыруға негізделген университеттегі жалғыз маркетингтік зерттеу зертханасы табысты жұмыс істейді.
Студенттердің өзін-өзі көрсетуі мен әлеуетін ашудың платформасы - туризмнің белсенді түрлерінің техникасы мен тактикасы бойынша жүйелі сабақтар өткізілетін Туристік клуб. Сабақтардың нәтижесі - студенттердің жыл сайынғы жалпы ұзындығы 110 шақырымға созылатын Қарқаралы таулы орманымен жаттығу жорығынан өтуі. Ол үшін кафедра меншігінде барлық қажетті кәсіби құрал-жабдықтар бар.
Кафедраның ерекше шешімдерінің бірі 2019 жылы студенттерге ауызекі ағылшын тілі дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік беретін English Club ұйымын ашу болып табылады.
Кафедра университеттің цифрлық экономиканы зерттеу институтымен тығыз байланыста жұмыс істейді. Институт қызметі аясында кафедра студенттері мен магистранттары гранттық ғылыми жобаларды іске асыруға, ғылыми жұмыстар конкурстары мен пәндік олимпиадаларға қатысуға, жақын және алыс шет елдердің жетекші ғылыми журналдарында бірлескен мақалалар жариялауға мүмкіндік алады.
Маркетинг кафедрасы жыл сайын «Маркетинг», «Туризм», «Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі», «Логистика» бағдарламалары бойынша қашықтықтан төрт халықаралық олимпиада, сонымен бірге студенттер, магистранттар, аспиранттар және жас ғалымдар арасында қашықтықтан «Sustainable Tourism Development» ғылыми жұмыстардың халықаралық конкурсын өткізеді.
Кафедра үнемі тәрбиелік сипаттағы іс-шараларды, сонымен қатар студенттердің шығармашылық әлеуетін ашатын әр түрлі байқаулар, фестивальдар, көрмелерді ұйымдастырады.
Даталар мен фактілер
Тарихы:
«Маркетинг» кафедрасы 1972 жылы Қарағанды мемлекеттік университетінің негізі қаланған кезде бірге құрылды. Кафедраның бастапқы атауы – «Экономика және материалды-техникалық жабдықтауды жоспарлау». Кафедраның негізін қалаған техника ғылымдарының кандидаты, доцент – Сагиндыков Уржан Сагындыкович. Кафедрада көп жылдар бойы С.И.Городничев, С.С.Аменова, А.Д.Дюсембаев, А.А.Аубакирова, Р.С.Каренов, В.С.Степаненко, В.К.Сайбель, А.М.Зеваков, Э.А.Нам, Т.К.Кылышбеков, Е.Н.Набиев, М.К.Кожахметов, Б.Б.Байдуллаев, А.Т.Тулегенов, Р.А.Яушев, Ж.М.Шаекина, А.Ж.Койтанова және т.б. танымал мамандар қызмет атқарды. Әр жылдары кафедраны профессорлар С.С.Аменова, Б.Б.Байдуллаев, Р.С.Каренов, А.Т.Тлеубердинова басқарды.
2002 жылы оқу жүктемесінің ұлғаюына байланысты кафедра «Маркетинг» және «Менеджмент» кафедраларына бөлінді.
2019 жылдан бастап кафедраны экономика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Мамраева Динара Габитовна басқарады.
Оқытушылар:
Қазіргі уақытта кафедрада ғылыми дәрежесі және магистр дәрежесі бар 16 оқытушы жұмыс жасайды. Сонымен бірге қосымша қызмет ретінде бизнес-қауымдастық өкілдерінің қызмет атқаруы да оқытылатын пәндердің сапасына жағымды әсер етеді. Кафедра оқытушыларын ішінде Д.Г.Мамраева, Л.В.Ташенова, Д.М.Усенова, Г.М.Оспанов ҚР БҒМ «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының иегерлері болып табылады.
Д.Г.Мамраева, Л.В.Ташенова бірнеше рет Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жас дарынды ғалымдарының шәкіртақысының иегерлері болды.
Кафедра оқытушылары бірнеше шет тілдерін (ағылшын, неміс, француз, испан) меңгерген, бұл тиісті халықаралық сертификаттармен расталады.
Д.Г.Мамраева, Л.В.Ташенова «Нарықты талдау саласындағы қызмет», «Әлеуметтік желілерді басқару» (SMM) бағыттары бойынша «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бекітілген Қазақстан Республикасының Кәсіби стандарттарын әзірлеушілер болып табылады.
Профессорлық-оқытушылар құрамының бейіндері Scopus, Clarivate Analytics (Publons), Google Scholar, ResarchGate, ORCID, LinkedIn және басқа да ғылыми-метрикалық мәліметтер базаларында белсенді түрде ұсынылған, бұл оларға шетелдік әріптестерімен бірлескен ғылыми басылымдарды дайындауға, гранттық жобаларды дайындауда белсенді ынтымақтастық жасауға, бірлесіп түрлі халықаралық іс-шараларды өткізуге мүмкіндік береді.
Кафедра оқытушылары «Qazaq Geography» Республикалық қоғамдық бірлестігінің (Д.Г.Мамраева, Л.В.Ташенова), «Авалон» тарихи-географиялық қоғамының (Г.М.Оспанов) толық мүшелері; аға оқытушылар Д.Т.Нұрсұлтан, Н.Б.Хасенханов, Л.В.Ташенова спорттық туризмде спорттық санаттарға ие.
Академиялық ұтқырлық және тағылымдамалар:
Кафедра оқытушылары біліктіліктерін үнемі жетілдіріп отырады. Жекелей айтқанда, шетелдерге іссапарларға, ғылыми тағылымдамаларға барады, конференцияларға, симпозиумдарға, семинарларға қатысады, Coursera сияқты халықаралық білім беру платформаларында білім алады (2019-2021 оқу жылдарында 30-дан астам сертификат алған):
- 2015 жылғы 12-23 қазан – э.ғ.к., профессор Д.Г.Мамраева және э.ғ.м., аға оқытушы Л.В.Ташенова ғылыми тағылымдама аясында Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымына барды (Швейцария, Женева қаласы);
- 2016 жылғы 20-25 қыркүйек – э.ғ.к., профессор Д.Г.Мамраева және э.ғ.м., аға оқытушы Л.В.Ташенова Петербургтегі IX халықаралық инновациялық форумның қатысушылары болды (РФ, Санкт-Петербург қаласы);
- 2017 жылғы 19-27 шілде – ғылыми тағылымдама аясында э.ғ.к., профессор Д.Г.Мамраева және э.ғ.м., аға оқытушы Л.В.Ташенова Кембридж инновациялық орталығына (CIC) іссапармен барды (Нидерланды, Роттердам қаласы);
- 2018 жылы э.ғ.к., профессор Д.Г.Мамраева және э.ғ.м., аға оқытушы Л.В.Ташенова Дүниежүзілік туристік ұйымға (Мадрид қаласы); 2019 жылы Чехия мемлекетінің Ақпараттық орталықтар қауымдастығына іссапармен барды;
- Жоғарыда аталған оқытушылар 2016 жылдан бастап жыл сайын Ресей Ұлттық кітапханасының (Санкт-Петербург) тұрақты келушілері болып табылады.
- Есепке алынатын кезеңде э.ғ.м., аға оқытушы Д.М.Усенова Томаш Бат университетінде (Чехия Республикасы) тағылымдамадан өтті.
Білім алушылар:
Бүгінгі күні кафедра студенттерінің жалпы контингенті шамамен 273 адамды құрайды, оның 25%-ы мемлекеттік білім грантында оқиды. Соңғы үш жылда кафедра мамандықтары бойынша студенттердің орташа өсімі 27%-ды құрады. Бұл ұсынылған білім беру бағдарламаларының танымалдылығын көрсетеді. Кафедра студенттері жыл сайын Президент стипендиясының, Тұңғыш Президент Қорының стипендиясының иегерлері, пәндік халықаралық және республикалық олимпиадалардың, ғылыми және шығармашылық байқаулардың жеңімпаздары ретінде танылуда.
Жұмыспен қамту:
Бакалавриат бағдарламалары бойынша орташа жұмыспен қамту көрсеткіші 80% шамасында, магистратура бағдарламалары бойынша 100%-ды құрайды.
Жобалар:
«Инновациялық үрдісті тиімді басқару механизмін және мәселелерді анықтау мақсатында Қазақстан Республикасында инновацияларды коммерцияландыру үрдісін зерттеу» (тапсырыс беруші – ҚР БҒМ; 2015-2017 жж.; жетекші – э.ғ.к., қауымдастырылған профессор, маркетинг кафедрасының профессоры Д.Г.Мамраева);
- «Қазақстанның туристік-рекреациялық әлеуетін интегралды көпфакторлы бағалау және бәсекеге қабілетті аймақтық туристік өнімді дамыту стратегиясын әзірлеу» (тапсырыс беруші – ҚР БҒМ; 2018-2020 жж.; жетекші – э.ғ.к., қауымдастырылған профессор, маркетинг кафедрасының профессоры Д.Г.Мамраева);
- «Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік жүйесінде жастар туризмінің инновциялық бизнес-үлгілерін қалыптастыру» (тапсырыс беруші – ҚР БҒМ; 2021-2023 жж.; жетекші – э.ғ.к., қауымдастырылған профессор, маркетинг кафедрасының профессоры Д.Г.Мамраева);
- «Орталық Қазақстанда туризмді цифрландыру жағдайында smart-технологияларды қолдану негізінде қалалық туристік маршруттарды дамыту» (тапсырыс беруші – ҚР БҒМ; 2021-2023 жж.; жетекші – э.ғ.к., қауымдастырылған профессор, маркетинг кафедрасының профессоры Д.Г.Мамраева).
- «TEMPUS: Қазақстан Республикасында қонақ үй бизнесінің төрт жоғары мектебін құру»;
- «GeКavoc – Қазақстандағы логистика, мехатроника және тұрақты энергия үнемдеу саласындағы кәсіптік білім беруді жеткізу» Магдебургтегі Отто фон Герик университетімен бірлесе.
Серіктестер:
Кафедра келесі жоғары оқу орындарымен және ғылыми орталықтармен ынтымақтастыққа ие: Любляна университеті (Словения), Прагадағы жоғары экономика мектебі (Чехия), Гонконг политехникалық университеті (Гонконг), Бабеш Больяй университеті (Румыния), Томаш Бат университеті (Чехия), Карл университеті (Чехия), Вильнюс университеті (Литва), Катовицадағы экономикалық университет (Польша), Деусто университеті (Испания), Аквилла университеті (Италия), Ұлы Петрдің Санкт-Петербург политехникалық университеті (Ресей), Горно-Алтайск мемлекеттік университеті (Ресей), Ф.М. Достоевский атындағы Омбы мемлекеттік университеті (Ресей), Ресей мемлекеттік туризм және сервис университеті (Ресей), Санкт-Петербург мемлекеттік экономикалық университет (Ресей).
Аккредиттеу және көшбасшылық:
Кафедраның барлық бағдарламалары ұлттық аккредиттеуден өткен және ұлттық рейтингтерде лайықты орындарға ие:
Рейтинг атауы |
Жылдар |
Рейтингтегі орны |
Туризм (магистратура) |
||
IQAA (БСҚТА) |
2018 |
3 |
2019 |
2 |
|
2020 |
2 |
|
Туризм (бакалавриат) |
||
IQAA (БСҚТА) |
2018 |
3 |
2019 |
2 |
|
2020 |
2 |
|
«Атамекен» ҰКП рейтингі |
2020 |
4 (ҚР 27 ЖОО ішінде) |
Маркетинг (бакалавриат) |
||
IQAA (БСҚТА) |
2018 |
1 |
2019 |
4 |
|
2020 |
Түлек болған жоқ |
|
Маркетинг (магистратура) |
||
IQAA (БСҚТА) |
2018 |
2 |
2019 |
2 |
|
2020 |
2 |
|
Логистика (бакалавриат) |
||
IQAA (БСҚТА) |
2018 |
2 |
2019 |
3 |
|
2020 |
4 |
|
Логистика (магистратура) |
||
IQAA (БСҚТА) |
2018 |
Түлек болған жоқ |
2019 |
Түлек болған жоқ |
|
2020 |
2 |
|
Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі (бакалавриат) |
||
IQAA (БСҚТА) |
2018 |
1 |
2019 |
2 |
|
2020 |
4 |
Білім беру бағдарламалары
6B04113 «Маркетинг және SMM»: бакалавриат. Бағдарлама классикалық маркетингті және әлеуметтік медиа маркетингін (SMM) оқытумен байланысты инновациялық бағдарлама болып табылады. Бағдарламаның ерекшелігі - еуропалық жоғары оқу орындарында қосдипломды білім алу, елдегі ірі компанияларда тәжірибе мен тағылымдамадан өту мүмкіндігі болып табылады.
Білім алу барысында студенттер келесідей өзекті пәндерді оқиды: Маркетингтік зерттеулер, SMM-жылжыту, Мерчандайзинг, Брендинг, Айдентика, Интернет-маркетинг, Машиналық оқуға кіріспе, Data Science кіріспе, Big Data Analytics, Маркетингтегі трафик және талдау, MS Excel базалық және жетілдірілген курсы, SEO-жылжыту және сайттарды оңтайландыру, WEB-технологиялар, Таргеттелген жарнама, Corel Draw-дағы жұмыс, Adobe Photoshop, Adobe Illustrator және басқалар.
Оқыту барысында студент маркетинг саласында талдамалық зерттеулер жүргізуді; интернеттегі трафикті зерттеуді, маркетингтік көрсеткіштер жүйесін құруды, Python тілінде бағдарламалауды; маркетингтің стратегиялық құралдарын қолдануды; мәліметтер жиынтығын талдауды, экономикалық және математикалық модельдерді құруды; әлеуетті стартап-жобаларды әзірлеуді; графикалық дизайн құралдары, типография, колористика және арт-дизайн саласында алған білімдері негізінде жарнамалық жобалар қалыптастыруды; веб-беттерді әзірлеуді, тиімді SEO-жарнамалық және веб-сайтты оңтайландыру стратегияларын қолдануды; озық веб-талдау құралдарын қолдана отырып, онлайн-жарнамалық және жылжыту кампаниялардың нәтижелерін талдауды үйренеді.
Түлектер экономика және бизнес бакалавры дәрежесін алады және маркетологтар, SMM менеджерлері, CRM маркетологтары, интернет-маркетологтар, веб-талдаушылар, электронды коммерция менеджерлері, электронды коммерция мамандары, бренд-менеджерлер, кәсіби жарнама, маркетинг және қоғаммен байланыс мамандары ретінде жұмыс істей алады.
6В11101 «Туризм»: бакалавриат. Бағдарлама туристік бизнесті ұйымдастыру мен басқару ерекшеліктерін зерттеумен байланысты. Бағдарламаның ерекшелігі - Еуропа университеттерінде қосдипломды білім алу, көптілді топтарда оқу, сондай-ақ «Amadeus» брондаудың кәсіби курстарынан өту мүмкіндігі.
Білім алу кезінде студенттер келесі пәндерді оқиды: Халықаралық туризм географиясы, Туризмнің белсенді түрлерінің техникасы мен тактикасы, Туризм инфрақұрылымы, Туризм маркетингі, Туристік дестинациялар брендингі, Қонақ үй бизнесі, Туристік тасымалдау, Бос уақыт және көңіл көтеру индустриясы және басқалар.
Оқыту үрдісінде студент: туризмде аналитикалық зерттеулер жүргізуді, туристік маршруттарды әзірлеуді; шолу және тақырыптық экскурсияларды ұйымдастыру және өткізуді; аймақтың туристік-рекреациялық ресурстарын бағалауды; халықаралық Amadeus бағдарламасында және басқа да автоматтандырылған жүйелерде құжаттама жүргізу және брондауды; туристік өнімді жобалау және насихаттауды; бос уақыттағы анимациялық бағдарламаларды әзірлеуді; туристік өнімді әзірлеу мен жүзеге асыруда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануды; туристік тасымалдаудың әуе, теміржол және басқа түрлерін ұйымдастыруды үйренеді.
Түлектер қызмет көрсету саласындағы бакалавры дәрежесін алады және туристік компаниялардың директорлары, туристік менеджерлер, гид-әдіскерлер, тур ұйымдастырушылар, туризм нұсқаушылары, турагенттер, гидтер мен стюардтар, виза менеджерлері, билеттерді брондау операторлары (әуе, теміржол), қонақ үйлер мен басқа да орналастыру орындарында менеджерлер ретінде жұмыс істей алады.
6B11103 «Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі»: бакалавриат. Бағдарлама мейрамхана бизнесі мен қонақ үй индустриясын ұйымдастыру мен басқаруды зерттеумен байланысты. Бағдарламаның ерекшелігі - еуропалық университеттерде қосдипломды білім алу, елдің ірі мейрамханалары мен қонақ үй кешендерінде тағылымдамадан немесе тәжірибеден өту мүмкіндігі.
Білім алу кезінде келесі маңызды пәндер оқытылады: Қонақ үй және ресторан менеджменті, Мейрамхана және қонақ үй маркетингі, Қонақ үй кәсіпорындарының экономикасы, Мейрамхана-мейманхана шаруашылығындағы логистика, Мейрамхана-мейманхана шаруашылығы кәсіпорындарын жабдықтау, Қонақ үй кәсіпорындарын техникалық және технологиялық қамсыздандыру, Қонақ үй және мейрамхана кешендерін жобалау, Қонақ үй және мейрамхана кешендеріндегі интерьер дизайны, Дүниежүзілік мейрамхана бизнесі және басқалар.
Оқыту үрдісінде студент тамақтану орындары мен орналастыру орындарының қызметін жоспарлауды және ұйымдастыруды; мейрамхана және қонақ үй бизнесі саласындағы стартап-жобаларды әзірлеуді; қонақ үй мен мейрамхана кешендерінің жобаларын және дизайнын жасауды; мейрамхана бизнесі мен қонақ үй индустриясында шетелдік тәжірибені қолдануды; қоғамдық тамақтану және қонақ үй бизнесі қонақтарына қызметтерді ұйымдастырудың жаңа технологияларын қолдануды үйренеді.
Түлектер қызмет көрсету саласындағы бакалавр дәрежесін алады және директорлар, менеджерлер, қонақ үй әкімшілері, нөмірлерді брондау операторлары, қоғамдық тамақтандыру директорлары, басшылар, мейрамханалар меңгерушілері / менеджерлері, қоғамдық тамақтандыру әкімшілері, брондау бөлімінің менеджерлері, қонақтарға қызмет көрсету, қонақтармен қарым-қатынас, банкетті сату бөлімінде әкімші болып жұмыс істей алады.
6В11302 «Логистика (салалар бойынша)»: бакалавриат. Бағдарлама логистикалық кәсіпорынды басқару, компаниялардың логистикалық қызметін ұйымдастыру және басқарудың теориясы мен тәжірибесін оқумен байланысты. Бағдарламаның ерекшелігі - еуропалық университеттерде қосдипломды білім алу, елдегі ірі логистикалық компанияларда іс-тәжірибеден немесе тағылымдамадан өту мүмкіндігі.
Білім алу барысында студенттер келесі қажетті пәндерді меңгереді: Эконометрика, Салалардағы статистика, Жеткізу желілеріндегі қорларды басқару, Транспорттық және логистикалық телематика, Тауартану, Қоймалық логистика негіздері, Жеткізу тізбектерін басқару, Өндіріс логистикасы, Тарату логистикасы және басқалары.
Оқыту барысында студент логистикалық компанияны жоспарлауды және басқаруды; кәсіпорындағы логистикалық процестерді оңтайландыруды; сыртқы сауда операцияларын жүргізу кезінде қажетті кедендік рәсімдерді жүргізу және ескеруді; логистикалық нарықты маркетингтік талдау негізінде нарықтық стратегияларды әзірлеуді; логистикалық үрдісті құру кезінде туындайтын ықтимал тәуекелдер мен қажеттіліктерді бағалауды; логистикада экономикалық-математикалық әдістер мен модельдерді қолдануды; өндірістік үрдісті құрудың логистикалық модельдерін қалыптастыруды үйренеді.
Түлектер қызмет көрсету саласындағы бакалавр дәрежесін алады және кәсіпорындар мен экспедиторлық агенттіктердің логистика бөлімінің менеджерлері, логистер, мультимодальдық тасымалдау мамандары, кедендік және экспедиторлық агенттер, жедел логистер, көлік-логистикалық орталықтардың менеджерлері, сатып алу, кедендік ресімдеу және сертификаттау, қойма, көлік, өндірістік логистика, көлік қызметі бойынша менеджерлер ретінде жұмыс істей алады.
7М041107501 «Маркетинг»: магистратура. Бағдарлама маркетингтік қызметті, маркетингтің теориялық және тәжірибелік мәселелерін терең зерттеумен байланысты. Бағдарламаның ерекшелігі - еуропалық университеттерде қосдипломды білім алу, елдің ірі университеттері мен компанияларында іс-тәжірибеден немесе тағылымдамадан өту мүмкіндігі; кейбір пәндер ағылшын тілінде оқытылады.
Білім алу кезінде магистранттар оқитын өзекті пәндер тізімі: Маркетингтегі инноватика, Жайғастыру стратегиясын жүзеге асыру, Жаһандық тұтынушылық нарықтар, Математикалық әдістер мен үлгілер және басқалар.
Оқу үдерісінде магистрант маркетингтің, экономика мен бизнестің заманауи теориялық және тәжірибелік мәселелері бойынша ғылыми зерттеулер жүргізуді, өнеркәсіптік, аймақтық және халықаралық нарықтарды талдау үшін экономикалық, математикалық және маркетингтік әдістерді қолдануды; нарық жағдайын талдау, маркетингті жоспарлауды, маркетингтік араласудың жеке элементтері бойынша шешімдерді таңдау және бағалау бойынша басқару шешімдерін қабылдауды; фирманың стратегиясын, оның тауар саясатының басымдықтарын, оның ішінде брендті басқару элементтерін қалыптастыруды; экономикалық пәндерден сабақ өткізу кезінде қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды қолдануды; инновациялық маркетингтік технологиялардың әлемдік тәжірибесін ішкі нарық жағдайына бейімдеу шеңберінде теориялық мәселелердің шешімдерін табуды үйренеді.
Түлектер экономика ғылымдарының магистрі дәрежесін алады және маркетинг директорлары, сату және маркетинг бойынша менеджерлер, жарнама және қоғаммен байланыс басқарушылары; маркетологтар, талдаушылар, SMM-менеджерлер, жарнама, маркетинг және қоғаммен байланыс жөніндегі менеджерлер, «Бизнес және басқару» бағыты бойынша жоғары оқу орындарындағы оқытушылар; ғылыми-зерттеу институттарының ғылыми қызметкерлері ретінде жұмыс істей алады.
7M11114701 «Туризм»: магистратура. Бағдарлама туризм саласындағы өзекті мәселелерді, туристік қызметтер нарығының негізгі қиындықтарын және туристік кәсіпорындардың инновациялық қызметін терең зерттеумен байланысты. Бағдарламаның ерекшелігі - еуропалық университеттермен қосдипломды білім алу, елдің ірі университеттерінде және туристік компанияларда іс-тәжірибеден немесе тағылымдамадан өту мүмкіндігі; кейбір пәндер ағылшын тілінде оқытылады.
Білім алу кезінде магистранттар меңгеретін пәндер: Туризм индустриясының заманауи зерттеулері, Жаһандық туризмнің даму үдерістері, Туризм және саяхат уәждемесі, Туризмдегі экономикалық және математикалық талдау және басқалары.
Оқу барысында магистрант: туризм индустриясының заманауи теориялық және тәжірибелік мәселелері бойынша ғылыми зерттеулер жүргізуді; туристік өнім мен қызметті қалыптастыру және сату үрдістерін ұйымдастыру және басқаруды; туризм саласындағы ғылыми зерттеулер мен тәжірибелік қызметке мүмкіндік беретін шет тілін білуді кәсіби деңгейде қолдануды; аймақтық, ұлттық және халықаралық деңгейлерде туристік қызметті жедел, тактикалық және стратегиялық болжау, жобалау және жоспарлау әдістерін қолдануды; туристік қызметтер нарығына жүйелі талдау жүргізу және қонақжайлылық пен туристік индустрияның тиімді жұмыс істеуі үшін оның дамуын болжауды; туристік нарықты талдау үшін экономикалық және математикалық әдістерді қолдануды; экономикалық және пәнаралық пәндер бойынша сабақ өткізу кезінде қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды қолдануды үйренеді.
Түлектер ғылым магистрі дәрежесін алады және туристік компаниялардың басшылары (директорлары), коммерциялық және мемлекеттік кәсіпорындардың туризм басқармаларының басшылары, туристік ақпараттық орталықтардың, туристік фирмалардың, туристік кәсіпорындардағы маркетинг және жарнама бөлімдерінің басшылары; туризм менеджерлері, билеттерді брондау бөлімдерінің басшылары (әуе, теміржол), «қызмет көрсету секторы» бағыты бойынша жоғары оқу орындарында оқытушылар; туризмді дамыту мәселелерін зерттеумен айналысатын ғылыми-зерттеу институттарында ғылыми қызметкерлер болып қызмет атқара алады
7М11315201 «Логистика (салалар бойынша)»: магистратура. Бағдарлама жеткізілім тізбегін аймақтық және жаһандық деңгейде оңтайландыру мақсатында логистика, экономика және менеджмент заңдарын терең зерттеумен байланысты. Бағдарламаның ерекшелігі - еуропалық университеттерде қосдипломды білім алу, елдегі ірі университеттер мен логистикалық компанияларда іс-тәжірибедене немесе тағылымдамадан өту мүмкіндігі.
Білім алу барысында магистранттар келесі маңызды пәңдерді игереді: Сатып алу тиімділігін арттыру, Қорларды басқару (жетілдірілген курс), Халықаралық логистика, Жеткізудің халықаралық желілерінің тұрақтылығын қамтамасыз ету және басқалары.
Оқу барысында магистрант логистикалық жүйенің бөлімшесі (бөлімі) деңгейінде стратегиялық және жедел логистикалық жоспарларды құруды; логистикалық жүйе элементтерінің жұмысын ұйымдастыруды; бағдарлама құрып, логистикалық жүйенің жұмысын бақылауды; тапсырыстарды, қорларды, тасымалдауды, сақтауды, жүкті өңдеуді, орауды, қызмет көрсетуді басқаруды; кәсіпорында тауарлық-материалдық құндылықтарды басқарудың әртүрлі модельдері мен әдістерін қолдануды; экономикалық және пәнаралық пәндер бойынша сабақ өткізу кезінде қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды қолдануды үйренеді.
Түлектер ғылым магистрі дәрежесін алады және логистикалық кәсіпорындардың директорлары, кәсіпорындар мен экспедиторлық агенттіктердің логистика бөлімінің менеджерлері, логистер, көлік-логистикалық орталықтардың менеджерлері; «Көлік қызметтері», «Бизнес және басқару» бағыттары бойынша жоғары оқу орындарында оқытушылар; логистиканың даму мәселелерін зерттейтін ғылыми-зерттеу институттарында ғылыми қызметкерлер ретінде жұмыс істей алады.
Мұғалімдер профильдері:
Хасенханов Н.Б."Білім беру туризмі" жазғы мектеп бағдарламасы
Халықаралық ғылыми- тәжірибелік конференциясының материалдар жинағы “ADVANCE MARKETING SEARCH” (AMS)
III Халықаралық қашықтық олимпиадасын өткізу туралы ереже
III Халықаралық қашықтық олимпиадасын өткізу туралы ереже
«Туризм» мамандығы бойынша III Халықаралық қашықтықтан олимпиадасының Жеңімпаздарын құттықтаймыз!