кафедра меңгерушісі
Педагогика ғылымдарының магистрі
Еуразиялық дизайнерлер одағының мүшесі
Телефон: +7 72 12 35 14 20
E-mail: kkanat-78@mail.ru
Карбышев көшесі, 7, № 11 ғимарат
Instagram
Бейнелеу өнері және дизайн кафедрасы көркем-графикалық және кәсіптік оқыту саласында, бейнелеу өнері және дизайн саласында бакалаврларды, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, жоғары білім беру жүйесі үшін магистранттарды даярлауды жүзеге асырады.
Кафедра студенттері дизайн саласында үш траектория бойынша білім алуға мүмкіндік алады: "Графикалық дизайн", "архитектуралық дизайн", "Сән және дизайн". Оқу жұмыс жоспарына қоғам дамуының қазіргі заманғы талаптарына сәйкес келетін өзекті пәндер енгізілген.
Білім беру саласында студенттерді даярлау жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру жүйелеріндегі көркемсурет мектептерінің (өнер мектептерінің) педагогикалық қызметін жүзеге асыруға бағытталған.
Педагогика ғылымдарының магистрлерін даярлау (ғылыми-педагогикалық бағыт) жалпы орта, техникалық және кәсіптік, жоғары білім беру жүйелерінде педагогикалық, оқу-өндірістік және ұйымдастырушылық-әдістемелік қызметті жүзеге асыру үшін, сондай-ақ ғылыми принциптер негізінде білім берудің, өндірістің және қоғамның тез өзгеретін қажеттіліктеріне бейімделу үшін жеке және кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағытталған.
Даталар мен фактілер
Тарихы:
Бейнелеу өнері және дизайн кафедрасының тарихы алғаш рет Қарағанды облысының мектептері үшін «Сурет және сызу» мамандығы бойынша мұғалім кадрларын Қарағанды педагогикалық институтында (ректор С.Б. Баймурзин) физика-математика факультетінің көркем-графикалық бөлімінің базасында оқытудан бастау алады (декан, ф-м. ғ. к. К.М. Арынғазин).
1984 жылы ҚарПИ-де «Бейнелеу өнері, сызу және еңбек» мамандығына студенттерді қабылдау жүзеге асырылды (ректор С.Қ. Досмағамбетов) және сол жылы (кафедра меңгерушісі доцент, т.ғ.к. В.И. Нартя), физика-математика факультетінде (декан, доц., физ-мат ғ.к. К.З. Әлжанов) «Бейнелеу өнері, сызу және еңбекке оқыту» кафедрасы ұйымдастырылды.
ҚарПИ академик Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-мен біріктірілгеннен кейін 1996 жылы «Бейнелеу өнері және дизайн» кафедрасы құрылды (меңгерушісі доц., ҚРСО мүшесі Б.Е. Мустафин). 2005-2006 жылдары кафедра меңгерушісі п.ғ.к. доц. Л.Н.Солодовиченко болды, 2006-2007 жж. – п.ғ.к., профессор М.М. Хасенов, ал 2007-2012 жылдар аралығында кафедраны филос.ғ.к., доц. Ж.Ш. Резин басқарды.
Оқытушылар:
Кафедрада 24 маман жұмыс істейді, олардың ішінде Республикалық «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының иегерлері, Еуразиялық Дизайнерлер одағының «Құрметті дизайнер» атағының иегерлері; ҚР Көркемөнер академиясының, Қазақстан Дизайнерлер одағының, Қазақстан Суретшілер одағының, Еуразиялық Дизайнерлер одағының, Қазақстан Журналистер одағының корреспондент мүшелері, ғылым кандидаттары мен магистрлері.
Білім беру бағдарламалары:
Кафедра бағдарламалары Қазақстан мен шет елдердің жастары арасында қызығушылық тудырады. Кафедрада Қазақстан, Ресей, Моңғолия, Украина елдерінің өкілдері білім алуда. 2019 жылы «Бейнелеу өнері, көркем еңбек, графика және жобалау» инновациялық бағдарламасы әзірленіп, алғашқы студенттер қабылданды. Кафедра түлектерінің көпшілігі университетті бітіргеннен кейін оңай жұмысқа орналасады. Біздің мәліметтеріміз бойынша бұл көрсеткіш 82%-ды құрайды.
Аккредиттеу және көшбасшылық:
Кафедраның барлық білім беру бағдарламалары білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз қазақстандық агенттікпен аккредиттелген. Олар ұлттық рейтингтерде лайықты орындарға ие: 5В010700/6в01405 – Бейнелеу өнері және сызу - АРТА рейтингінде екінші орында, «5В042100/06в02101 – Дизайн» - бесінші орында, 5B012000 / 6В01407-Кәсіптік оқыту – БСҚТА рейтингінде екінші орынды иеленді.
Серіктестер:
Карлов университеті (Чехия, г. Прага)
Жоғары техникалық университет Порто қ. (Португалия)
Гази университеті, Анкара қ., Түркия
Жалпыресейлік ұйым («Өнертанушылар Ассоциациясы»)
Actual problems of ART-management and entrepreneurship in art/Еуразия академиясы, Братислава қ., Словакия.
Білім беру бағдарламалары
6b01406-Бейнелеу өнері, көркем еңбек, графика және жобалау: бакалавриат. Бағдарлама көркем-графикалық және педагогикалық пәндерді оқумен байланысты. Оқу барысында студент визуалды өнер, көркем еңбек және графикалық дизайн саласындағы оқу-тәрбие қызметін ұйымдастырудың әртүрлі әдістерін жобалау және интеграциялау түрлерін үйренеді. Студенттердің дизайнерлік жобалау негіздері бойынша білім алу мүмкіндігі бар. Түлектер білім бакалавры дәрежесін алады және көркем еңбек, бейнелеу өнері, сызу, графика және дизайн мұғалімдері; қосымша білім беру оқытушылары, суретшілер, иллюстраторлар, фотографтар, қолөнершілер, декораторлар, әйнек пен керамика, ағаш және т.б. кескіндеме және декорация бойынша суретшілер ретінде жұмыс істей алады.
6В02101-Дизайн: бакалавриат. Бағдарлама дизайн ойлау әдіснамасы бар бәсекеге қабілетті мамандарды дайындаумен байланысты. Оқу барысында студент дизайн теориясы мен практикасы саласындағы мәселелерді қазіргі заманғы құралдармен, әдістермен және көркемдік жобалаудың формаларымен жұмыс істей отырып шешуді үйренеді. Студенттер педагогика және жеке әдістемелер бойынша білім алу мүмкіндігіне ие. Түлектер өнер бакалавры дәрежесін алып, графикалық дизайнер, интерьер дизайнері және декоратор, ландшафт дизайнері, киім дизайнері/сәнгері, полиграфия баспагері, 3D модельдеу дизайнері, мультимедиалық дизайнер, фотограф, өнер және дизайн саласындағы қосымша білім беру мұғалімі және т.б. болып жұмыс істей алады.
6В02202 - Бейнелеу өнері: бакалавриат. Білім беру бағдарламасы жаңа Қазақстан мәдениеті мен өнерінің қазіргі заманғы даму талаптарына сәйкес шығармашылық, кәсіби-көркемдік қызметті жүзеге асыру үшін іргелі және қолданбалы білімі, зерттеу дағдылары бар бейнелеу өнері саласында кең бейінді бәсекеге қабілетті суретшіні даярлауға бағытталған. Түлектер білім бакалавры дәрежесін алады және жұмыс істей алады: суретші- кескіндемеші, кескіндеме реставраторы, көркем редактор, костюм бойынша суретші, анимация суретшісі, суретші-график, суретші-безендіруші, суретші-иллюстратор, өнертанушы, суретші- мұғалім.
6В01407-Кәсіптік оқыту: бакалавриат. Бағдарлама жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру саласында педагогикалық құзыреттілікке ие мамандарды даярлаумен байланысты. Оқу барысында студент жалпы білім беру, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі білім беру және технологиялық процестерді ұйымдастыру мен басқарудағы мәселелерді шешуді үйренеді. Студенттер педагогика және жеке әдістемелер бойынша білім алу мүмкіндігіне ие. Түлектер білім бакалавры дәрежесін алып, колледж педагогтары, өндірістік оқыту шеберлері, көркем еңбек және сызу мұғалімі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде әдіскер, кәсіптік білім менеджері және т.б. болып жұмыс істей алады.
7М01401-Кәсіптік оқыту. Түлектер кәсіптік стандарттарға сәйкес техникалық және кәсіптік білім беру, жоғары білім беру жүйесінде арнайы пәндер педагогы (өндіріс салалары бойынша), өндірістік оқыту шебері, қосымша білім беру педагогы (жұмысшы кәсіптер топтарын даярлау және қайта даярлау)» мамандықтары бойынша кәсіптік құзыреттерге ие бола алады. Берілетін академиялық дәрежесі: Кәсіптік оқыту» ББ бойынша педагогика ғылымдарының магистрі.
Мұғалімдер профильдері
Аблаев А.А.