кафедра меңгерушісі
қауымдастырылған профессор, PhD
Телефон: +7 7212 513650
E-mail: international_relations@buketov.edu.kz
Гоголь көшесі 38, №4 ғимарат
Instagram
Кафедра халықаралық қатынастар мамандарын дайындайды, бакалавриат және магистратура бағдарламаларын ұсынады. Білім алушыларға үш траектория ұсынылады: «Халықаралық қатынастардың теориялық-қолданбалы аспектілері», «Көпжақты дипломатия және сыртқы саясат», «Ұлттық және өңірлік қауіпсіздік». Оқыту бағдарламасы өзекті оқу пәндерін қамтиды: «Геосаясат негіздері», «Келіссөздер үрдісін жүргізу техникасы», «Көпжақты дипломатия», «Халықаралық қатынастардағы діни фактор», «Халықаралық қатынастардағы гендерлік фактор», «Халықаралық қатынастардағы саяси лидерлік институты», «Халықаралық қатынастардағы ақпараттық технологиялар», «Халықаралық қатынастарды қолданбалы талдауына кіріспе».
Кафедра түлектері мемлекеттік билік және жергілікті басқару органдарында, қазақстандық және халықаралық компанияларда, дипломатиялық өкілдіктер мен консулдық мекемелерде, коммерциялық емес ұйымдарда, талдау және консалтингтік орталықтарда; PR-агенттіктерде; ғылыми-зерттеу құрылымдарында; бұқаралық ақпарат құралдарында; білім беру мекемелерінде жұмыс істей алады.
Кафедраның ғылыми бағыты халықаралық-тарихи процестің өзекті мәселелерін зерттеумен, халықаралық қатынастар теориясы мен тарихымен, дүниежүзілік тарихпен, халықаралық қатынастардағы ақпараттық технологиялармен, аймақтанумен байланысты. Кафедра жұмысының ерекшелігі жаһандық және өңірлік үдерістерді кешенді талдау негізінде заманауи әлемдік жүйе туралы тұтас көзқарасты қалыптастыруға ықпал ететін пәнаралық байланыс болып табылады.
Даталар мен фактілер
Тарихы:
Жалпы тарих кафедрасы 1966 жылы құрылды. Оның бастауында белгілі полонист ғалым, 1950 жылдары жарық көрген Польшаның үш томдық тарихының авторларының бірі доцент М.И. Богуславский (1914-1969 жж.) болды. Жалпы тарих кафедрасының екінші кафедра меңгерушісі болып педагогика институтында, ал кейін университетте 1969-1979 жж. Ә.Н.Телғарин тағайындалды. Келесі жылдары кафедраны доцент М.Х.Хасенов (1979-1989 жж.), доцент Н.М. Фарфутдинов (1990-1994 жж.), доцент М.В. Шлюпиков (1994-1999 жж.), доцент м.а. Л.А. Прокопенко (1999-2000 жж.), доцент Л.Л. Батурина (2000-2005 жж.), А.Қ. Қапышев (2005-2006 жж.), доцент Г.М. Смағұлова (2006-2012 жж.), доцент Б.Т. Төлеуова (2012-2020 жж.) басқарды. Қазіргі уақытта бүкіләлем тарихы және халықаралық қатынастар кафедрасын доцент Ж.М. Кенжеғали басқарады.
2002 ж. бастап халықаралық қатынастар мамандарын дайындауға байланысты кафедра бүкіләлем тарихы және халықаралық қатынастар кафедрасы деп аталатын болды.
Кафедра ұжымы халықаралық және шетелдік ұйымдармен бірлесе отырып, ғылыми және практикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге белсенді қатысады.
2005 ж. – Ашық қоғам институтының жоғары білімді қолдау бағдарламасы бойынша «HESP Regional Seminar for Excellencein Teaching» жобасы аясында қауіпсіздік мәселелерін зерттеу бойынша семинар (Будапешт, Венгрия және Қазақстан - Неміс университеті, Қазақстан).
2007 ж. – академик Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ базасында ұйымдастырылған Қазақстандағы ЕҚЫҰ Орталығының өкілдерімен және Гамбургтегі ЕҚЫҰ зерттеулер орталығының (Германия) сарапшыларымен бірлесіп өткізілген ЕҚЫҰ мәселелері бойынша семинар.
Оқытушылар:
Кафедрада ғылым кандидаттары, PhD докторлары, ғылым магистрлері, Республикалық «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының иегерлері жұмыс істейді.
Білім алушылар:
Соңғы бес жылда білім алушылар контингенті 80%-ға артты.
Кафедра қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде көптілді оқыту бағдарламаларын жүзеге асырады.
Білім беру бағдарламасы магистратурасының түлектері факультет докторантурасында (PhD) 6D020300 – Тарих бағдарламасы бойынша немесе 6D020200-Халықаралық қатынастар мақсатты дайындығы бойынша ҚР басқа жоғары оқу орындарында оқуын жалғастыруға мүмкіндігі бар.
Аккредиттеу және көшбасшылық:
Кафедра бағдарламалары БСҚА ұлттық аккредитациясына ие және Ұлттық рейтингтерде лайықты орындарда.
2020 ж. «Атамекен» ҰКП жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларының Ұлттық рейтингінде кафедра бағдарламасы республикада 2-ші орын алды.
2020 ж. БСҚА ұлттық рейтингісінде: 7M03106401-Халықаралық қатынастар – 3-ші орын; 6В03105 – Халықаралық қатынастар – 4-ші орында.
Серіктестік:
Джордж К. Маршалл атындағы қауіпсіздік мәселелерін зерттеу бойынша Еуропалық Орталық (Германия, Гармиш-Партенкирхен қ.);
Information & Policy Analysis Center, Univ. of Central Florida (АҚШ, Флорида штаты);
Карлов университеті (Чехия, Прага қ.);
И. Арабаев атындағы ҚМУ (Қырғызстан, Бішкек қ.);
М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті. (Ресей Федерациясы, Мәскеу қ.);
Дж. Неру университеті жанындағы Азияны зерттеу бойынша орталық (Үндістан, Нью-Дели).
Жобалар:
Халықаралық жобаны іске асыру жөніндегі елдік топтың жобасы, 2013-2015 жж.
«Орталық Азияның жоғары білім беру жолында: тюнинг құрылымы және сапалы мәдениетті құру» Теmpus TuCAHEA жобасы
«OSCE Scholarship for Peace and Security» ЕҚЫҰ стипендиялық бағдарламасы, 2017-2018 жж.
Тарихи білім Қазақстан Республикасындағы жас ұрпақтың ұлттық санасының жаңғыруы және рухани модернизациясының негізі ретінде (Орталық Қазақстан материалдары бойынша)» ҚР БҒМ ғылыми жобасы, 2018-2020 жж.
Бүкіләлем тарихы және халықаралық қатынастар кафедрасының түлектерінің жұмысқа орналасуы 55%-ды құрайды.
Кафедра түлектері:
Кафедраның көптеген түлектері кәсіпте табысты мансап құрды:
О.А. Абдикаримов – ҚР Тәртіптік Кеңесінің төрағасы, бұрын Сенат пен Мәжіліс спикері, Мәжіліс депутаты
С.А. Ашляев – «ҚазМұнайГаз» Президентінің кеңесшісі, бұрын Мәдениет және ақпарат министрі, Мәжіліс депутаты
Б.А. Баекенов – ҚР күзет ұйымдары қауымдастығының президенті, генерал-лейтенант, бұрын ішкі істер министрі, ҰҚК төрағасы, ҚР Президентінің күзет бастығы, Қазақстан Республикасы Мәжілісінің депутаты
А.К. Бейсенбав – «Комсомольская правда – Қазақстан» газетінің бас редакторы, бұрын Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ ректоры
Е.К. Ертысбаев – Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасы, Грузиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, бұрын Мәдениет, ақпарат және спорт министрі, ҚР Президентінің кеңесшісі, Мәжіліс депутаты
М.Е. Шайхутдинов – Тұңғыш Президент қоры жанындағы ӘЭСИ директоры
С.Ф. Мажитов – ТМД әлеуметтік мәселелер институтының директоры, бұрын ҚР БҒМ Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының директоры.
К.К. Актаева – ҚР Тұңғыш Президенті музейі директорының орынбасары
Л.А. Прокопенко – ҚР қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығының кеңесшісі.
Білім беру бағдарламалары
6В03105 – Халықаралық қатынастар: бакалавриат. Білім беру бағдарламасы қазіргі заманғы жүйелі білімі мен қажетті құзыреттілігі бар, қазіргі әлемнің күрделі шындықтарына бағдарлана алатын және өз бетінше барабар шешімдер қабылдай алатын халықаралық қатынастар саласындағы кәсіпқойларды даярлауға бағытталған. Халықаралық қатынастар тарихы мен теориясы, ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат бойынша дәстүрлі пәндерден басқа бағдарлама студенттері аймақтану сипатындағы мәселелер спектрін зерделейді. Бағдарлама студенттері медиация және қоғаммен байланыс саласында қосымша мамандандыруды таңдауға мүмкіндігі бар. Бұл білім беру бағдарламасы түлектерінің бәсекеге қабілеттілігін кеңейтеді. Білім беру бағдарламасының ерекшелігі оқытудың көптілді сипаты болып табылады.
Мамандық түлектері СІМ-де, шетелдердегі Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктерінде, мамандандырылған халықаралық ұйымдарда; мемлекеттік құрылымдарда мамандар, референттер, сарапшылар, байланыс жөніндегі менеджерлер, аудармашылар ретінде; шетелдік серіктестермен тығыз байланысы бар жетекші отандық компанияларда; шет елдердің өкілдіктерінде, ірі ғылыми және талдау орталықтарында; бұқаралық ақпарат құралдарында жұмыс істей алады.
7M03106401 –«Халықаралық қатынастар»: магистратура. Бағдарлама сыртқы саясат және сыртқы экономикалық салалар үшін мамандар даярлауға бағытталған. Магистранттар халықаралық ынтымақтастық және өңірлік зерттеулер саласындағы тиімді қызмет үшін қажетті дағдыларды; жаһандық және аймақтық қконтекстегі экономикалық, құқықтық, саяси және әлеуметтік өзгерістерді кеңінен түсіну үшін қажетті құзыреттерге ие болады. Бағдарлама мамандарды мемлекеттік мекемелер, үкіметаралық ұйымдар, МЕҰ және халықаралық корпорациялардың жұмысына қатысуға дайындайды. Білім беру бағдарламасының ерекшелігі оқытудың көптілді сипаты болып табылады.
Білім беру бағдарламасының түлектері мемлекеттік билік және жергілікті басқару органдарында, қазақстандық және халықаралық компанияларда; дипломатиялық өкілдіктер мен консулдық мекемелерде, коммерциялық емес ұйымдарда, талдау және консалтингтік орталықтарда; PR-агенттіктерде; ғылыми-зерттеу құрылымдарында; бұқаралық ақпарат құралдарында; білім беру мекемелерінде жұмыс істей алады.
Кафедра халықаралық қатынастар мамандарын дайындайды, бакалавриат және магистратура бағдарламаларын ұсынады. Білім алушыларға үш траектория ұсынылады: «Халықаралық қатынастардың теориялық-қолданбалы аспектілері», «Көпжақты дипломатия және сыртқы саясат», «Ұлттық және өңірлік қауіпсіздік». Оқыту бағдарламасы өзекті оқу пәндерін қамтиды: «Геосаясат негіздері», «Келіссөздер үрдісін жүргізу техникасы», «Көпжақты дипломатия», «Халықаралық қатынастардағы діни фактор», «Халықаралық қатынастардағы гендерлік фактор», «Халықаралық қатынастардағы саяси лидерлік институты», «Халықаралық қатынастардағы ақпараттық технологиялар», «Халықаралық қатынастарды қолданбалы талдауына кіріспе».
Кафедра түлектері мемлекеттік билік және жергілікті басқару органдарында, қазақстандық және халықаралық компанияларда, дипломатиялық өкілдіктер мен консулдық мекемелерде, коммерциялық емес ұйымдарда, талдау және консалтингтік орталықтарда; PR-агенттіктерде; ғылыми-зерттеу құрылымдарында; бұқаралық ақпарат құралдарында; білім беру мекемелерінде жұмыс істей алады.
Кафедраның ғылыми бағыты халықаралық-тарихи процестің өзекті мәселелерін зерттеумен, халықаралық қатынастар теориясы мен тарихымен, дүниежүзілік тарихпен, халықаралық қатынастардағы ақпараттық технологиялармен, аймақтанумен байланысты. Кафедра жұмысының ерекшелігі жаһандық және өңірлік үдерістерді кешенді талдау негізінде заманауи әлемдік жүйе туралы тұтас көзқарасты қалыптастыруға ықпал ететін пәнаралық байланыс болып табылады.