кафедра меңгерушісі
тарих ғылымдарының кандидаты
профессор ассистенті
+7 7212 51-66-06
E-mail: TarihKZ@buketov.edu.kz
Гоголь көшесі 38, №4 ғимарат
Facebook, Instagram
Кафедра университет факультеттерінде «Қазақстан тарихы» пәні бойынша студенттерді дайындауды жүзеге асырады. Оқу барысында кафедра студенттердің бойында әлеуметтік маңызды отансүйгіштік қасиеттер мен құндылық ұстанымдарын қалыптастырады. Кафедра оқытушылары білім беру, ғылыми-зерттеу және тәрбие жұмыстарын жүзеге асырады, Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін насихаттайды.
Кафедрада тарих ғылымдарының докторлары, кандидаттары, магистрлері, гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздік ғылыми зерттеулері үшін марапатталған Ш.Ш. Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты қызмет атқарады.
Кафедра Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедралары қауымдастығының құрамына кіреді, Қарағанды облысының ҚХА-мен, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ҚХА кафедрасымен, С.Торайғыров атындағы ПМУ-н, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, Қарағанды облысының этномәдени бірлестіктерімен ынтымақтастықта жұмыс істейді.
Кафедра жанында демонстрациялық кабинет жұмыс істейді, онда көрнекі-демонстрациялық материалдар, презентациялар, Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі бойынша депозитарий қойылған.
Даталар мен фактілер
Тарихы:
Кафедраның көпжылдық тарихы бар. Қазақстан тарихы кафедрасы 1997 жылы құрылды. Кафедраның алғашқы меңгерушісі т.ғ.к., доцент Ш.Р. Момынова (1997-1998 жж.) болды. Кейінгі жылдары кафедраға басшылық еткен адамдар: профессор Т.А. Алимбаев (1998-2001 жж.; 2004 - 2006 жж.); т.ғ.к., доцент Б.С. Малыбаева (2002 - 2004 жж.); т.ғ.д., профессор В.В. Козина (2006 - 2012 жж.); т.ғ.к., доцент Д.А. Джумабеков (2012 - 2019 жж.); PhD доктор, доцент А.З. Жұманова (2019 - 2022жж.). 2022 жылдан бастап кафедраны т.ғ.к., профессор ассистенті М.С. Амрина басқарады.
Отан тарихы (Қазақстан Республикасының тарихы) мамандығы бойынша ізденушілік қызметін атқарды. Осы уақыт ішінде кафедраның 11 оқытушысы кандидаттық диссертацияларын қорғады.
2015 жылғы 1 қыркүйекте Қазақстан тарихы кафедрасы Қазақстан тарихы және ҚХА кафедрасы болып өзгертілді.
Кафедра дәстүрлері:
Кафедраның құрылған уақытынан бастап жыл сайын дәстүрге айналған іс-шаралар жүзеге асырылып келеді. 1998 жылдың желтоқсан айынан бастап жыл сайын Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Қазақстан тарихы кафедрасы «Қазақстан – менің Отаным» атты ғылыми-тәжірибелік студенттік конференциясын өткізіп келеді. 2015 жылы конференция Республикалық мәртебеге ие болды. Конференцияға ҚарУ-дың барлық факультеттерінің студенттері қатысады, олардың ішіндегі белсенділік танытқандары грамоталармен және дипломдармен марапатталады. 2012 ж. кафедра тарихында тұңғыш рет оқытушылардың жетекшілігімен дайындалған студенттердің үздік жұмыстары жарияланған «Қазақ әлемі» жинағы жарық көрді.
Кафедра қаланың және аймақтың студент жастарының кездесу орнына, республикалық студенттік акцияларды, конференцияларды, пікірталастарды, дөңгелек үстелдерді өткізу орталығына айналды. Кафедра оқушылар мен колледж студенттері арасында «Тарих тағылымы» атты ғылыми жобалар мен бейнероликтер байқауын, «Тарих сабақтары» ғылыми жұмыстар байқауын, Қарағанды облысы оқушыларының Қазақстан тарихы бойынша Олимпиадасын және т.б. шараларды дәстүрлі түрде ұйымдастырады.
Өткізілетін ғылыми - білім беру, әлеуметтік - мәдени іс-шаралар, акциялар Қазақстандағы азаматтық бейбітшілік пен этносаралық толеранттылықты сақтауға және нығайтуға бағытталған.
Кафедра осуществляет подготовку по дисциплине «Современная история Казахстана» на факультетах университета. В процессе обучения кафедра формирует у студентов социально значимые патриотические качества и ценностные установки. Преподаватели кафедры реализуют образовательную, научно-исследовательскую и воспитательную работу, пропагандируют деятельность Ассамблеи народа Казахстана.
На кафедре работают доктора, кандидаты, магистры исторических наук, обладатели республиканского звания «Лучший преподаватель вуза».
Кафедра сотрудничает с АНК Карагандинской области, кафедрами АНК ЕНУ им. Л. Н. Гумилёва, ПГУ им. С. Торайгырова, Кокшетауского государственного университета им. Ш. Валиханова, с этнокультурными объединениями Карагандинской области.
При кафедре работает демонстрационный кабинет, в котором выставлены наглядно-демонстрационные материалы, презентации, депозитарий по деятельности Ассамблеи народа Казахстана.
Кафедра университет факультеттерінде «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәні бойынша студенттерді дайындауды жүзеге асырады. Оқу барысында кафедра студенттердің бойында әлеуметтік маңызды отансүйгіштік қасиеттер мен құндылық ұстанымдарын қалыптастырады. Кафедра оқытушылары білім беру, ғылыми-зерттеу және тәрбие жұмыстарын жүзеге асырады, Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін насихаттайды.
Кафедрада тарих ғылымдарының докторлары, кандидаттары, магистрлері, гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздік ғылыми зерттеулері үшін марапатталған Ш.Ш. Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты қызмет атқарады.
Кафедра Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедралары қауымдастығының құрамына кіреді, Қарағанды облысының ҚХА-мен, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ҚХА кафедрасымен, С.Торайғыров атындағы ПМУ-н, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, Қарағанды облысының этномәдени бірлестіктерімен ынтымақтастықта жұмыс істейді.
Кафедра жанында демонстрациялық кабинет жұмыс істейді, онда көрнекі-демонстрациялық материалдар, презентациялар, Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі бойынша депозитарий қойылған.