кафедра меңгерушісі
қауымдастырылған профессор
E-mail: Rusyazilit@buketov.edu.kz
Мұқанов көшесі 1, № 8 ғимарат
Instagram
Профессор Ғ.А. Мейрамов атындағы орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының білім беру қызметі 3 білім беру бағдарламасы бойынша мамандар даярлауға бағытталған. Олар: «Орыс тілі мен әдебиеті»,«Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті», «Филология».
Кафедра түлектері бакалавриат бағдарламасын аяқтағаннан кейін магистратурада оқуын «Орыс тілі мен әдебиеті» және «Қолданбалы филология» білім беру бағдарламалары бойынша жалғастыра алады, сонымен қатар «Филология» бағдарламасы бойынша докторантураға түсе алады (филология факультетінде докторлық диссертацияларды қорғауға арналған кеңес бар).
Білім беру бағдарламалары шеңберінде оқытудың негізгі траекториялары төмендегідей: орыс тілі мен әдебиеті бойынша мұғалімдер дайындау, оның ішінде орыс тілінде оқытпайтын мектептерде, «Орыс тілі шет тілі ретінде», «Аударма ісі», «Редакторлау», «Заң тілтанымы».
Бакалавриаттың оқыту бағдарламаларына «Қазіргі заманғы аударманың әдіснамалық негіздері», «Жазбаша аударманың теориясы мен практикасы», «Орыс тілін шет тілі ретінде оқытудың теориясы мен әдістемесі», «Орыс тілі шет тілі ретінде» «Кәсіби бағдарланған оқыту», «Теориялық және қолданбалы лингвистика», «Лингвистикалық сараптама», «Лингвистикалық конфликтология», «Әдеби шығармашылық психология» сияқты өзекті және практикаға бағдарланған пәндер кіреді. Магистратура бағдарламалары бойынша білім алушылар «Мәтін және дискурс теориясы», «Жарнама теориясы мен практикасы», «БАҚ-ты филологиялық қамтамасыз ету», «Коммуникация теориясы және тілдік манипуляция», «Спичрайтинг және медиаторика» пәндері бойынша дайындықтан өте алады.
Кафедра түлектері білім беру ұйымдарында (жалпы білім беретін мектептерде, педагогикалық колледждерде, педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институттарында, білім департаменттерінде) жұмыс істей алады. Білім беру мамандықтарының негізгі кәсіби бағыттары –білім беру ұйымдарында орыс тілі мен әдебиетін, оның ішінде шет тілі және екінші тіл ретінде оқыту; білім беру саласындағы әкімшілендіру (орта, кәсіптік-орта және жоғары білім бөлімдері); әлеуметтік-гуманитарлық қызметтің басқа салалары (мәдениетаралық коммуникация және т.б.) болып табылады .
«Филология» және «Қолданбалы филология» мамандықтары түлектерінің кәсіби қызмет саласы ғылым (ғылыми-зерттеу мекемелерінің қызметкері); мәдениет (мәдениет мекемелерінің қызметкері); баспа ісі (баспа өнімінің корректоры, редакторы); БАҚ, оның ішінде Интернет (газеттер, радио, теледидар, журналдар редакциясының қызметкері); білім беру (орта және орта арнаулы оқу орындарының оқытушысы) болып табылады.
Кафедраның ғылыми қызығушылықтары төмендегідей бағыттардың әзірлемесімен байланысты: орыс әдебиетінің теориясы мен тарихы мәселелері, орыс және Батыс Еуропа әдебиетінің жанры мен стилі мәселелері, тілдің онтологиясы мен эпистемологиясының теориялық мәселелері, жоғары оқу орындары мен мектептерде орыс тілі мен әдебиетін оқытудың лингводидактикалық негіздері, орыс тілін оқытудың лингвистикалық базасы ретінде әртүрлі жүйелік тілдерді салыстыру, тілдік бірліктердің деңгейаралық байланыстарын құрылымдық-семантикалық талдау, көптілділік жағдайында орыс тілінің қолданылуы мен дамуы мәселелері.
Даталар мен фактілер
Тарихы:
Кафедраның тарихы 1938 жылдың 9 мамырынан – Қарағанды мұғалімдер институтының құрылған күнінен бастау алады. Оның негізінде 1952 жылы педагогикалық институт, 1972 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, 2020 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті құрылды.
Филология факультеті бір кафедрадан – тіл және әдебиет кафедрасынан басталып, қазақ және орыс филологиясының барлық пәндерін, сондай-ақ шет тілін біріктірді.
1950 жылдары кафедралар бөлініп, орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы құрылды. Содан кейін тіл мамандары әдебиеттанушылардан бөлінді. Осылайша 1957 жылы орыс тілі секциясы негізінде орыс тіл білімі кафедрасы құрылып, оны доцент Т.Г. Зиборов 1976 жылға дейін басқарды. 1962 жылы Ғ.А. Мейрамовтың жетекшілігімен орыс тілі мен әдебиетін оқыту әдістемесі кафедрасы құрылды. Ол құрған ғылыми мектеп «Қазақ мектебіндегі орыс тілі мен әдебиеті» атты жаңа мамандықтың ашылуына мүмкіндік берді. Профессор Ғ.А. Мейрамовтың ғылыми-әдістемелік тұжырымдамасы осы мамандықтың негізі болып табылады. Ғ.А. Мейрамовтың бұл тұжырымдамасы қазіргі уақытта Ресей мектептерінде, әсіресе басқа ұлт өкілдері оқитын Мәскеуде белсенді сұранысқа ие. Біріктірілген біздің кафедраларымыз 2018 жылдың қараша айында 100 жылдық мерейтойы атап өтілген профессор Ғ.А. Мейрамовтың есімін мақтанышпен айтады. Сонымен қатар 1957 жылы құрылған орыс әдебиеті кафедрасын Александр Петрович Спасибенко, одан кейін доцент Х.М. Жұмабаева басқарды. Жұмабаева көп жылдар бойы филология факультетін басқарды. Оқыту әдістемесі және әдебиет кафедрасының ашылуынан кейін доцент Сыздыкова Шакар Мухарямовнаның жетекшілігімен орыс тілінің практикалық курсы кафедрасы ашылды.
1972 жылы университеттің ашылуымен университеттің ғана емес, оның ішінде біздің кафедрамыздың да жаңа тарих парағы ашылды. Әрине, ол жылдар – қиын жылдар болды, оқуды университеттік бағдарламалар мен жоспарларға көшіру, студенттерді оқулықтармен және басқа да қажетті әдебиеттермен қамтамасыз ету қажет болды. Осы тұста ҚазМУ ғалымдары мен мамандары баға жетпес көмек көрсетті. Ежелгі грек және латын тілдері курстары енгізілді. Осы жылдар ішінде біртіндеп университет ғылыми және ғылыми-әдістемелік орталыққа айналды. Факультет пен кафедра 1974 жылы профессор Ғ.А. Мейрамовтың жетекшілігімен ғылыми конференциялар өткізе бастады. Профессор Г.А. Мейрамов орыс тілі мен әдебиетін оқытудың тиімділігін арттырудың өзекті мәселелері бойынша жоғары оқу орындары арасындағы ғылыми-әдістемелік конференция өткізді. Оқытушылар бүкіл Кеңес Одағының жетекші университеттерінде біліктілігін арттырды, әсіресе осы мақсатта ММУ-ге жиі барып тұрды. Кафедра оқытушылары А.М. Танабаева, Ф.Ш. Оразгалиева, Ш.А. Тоқсанбаева ҚазМУ-дың, ММУ-дың мақсатты аспирантураларына түсіп, ғылыми жұмыстарын сәтті қорғап, ғылым кандидаттарының қатарын толықтырды.
Орыс тіл білімі кафедрасының базасы негізінде жалпы тіл білімі кафедрасы ашылды. Жалпы тіл білімі кафедрасы бүкіл Одақтан кадрлармен толықтырылды, оны доцент А.А. Чукуев, одан кейін Л.Н. Баймагамбетова басқарды. Кафедра құрылылғаннан кейін Ленинград мемлекеттік университетінің түлектері Г.И. Джалилова, Б.И. Крицкий кафедрада жұмыс істей бастады. Л.С. Иванова, К.Х. Уйсумбаев сияқты оқытушылардың мамандануына байланысты факультетте студенттер поляк тілін үйренді. Факультетке және біздің кафедраларымызға жан-жақты, талантты тұлға, ең алдымен, ғалым-химик, сонымен бірге жазушы, аудармашы болған университет ректоры Е.А. Бөкетов үлкен қолдау көрсетті. Біртіндеп факультет кафедралары ғылыми орталықтарға айналды, біздің оқытушыларымыз докторлық диссертацияларын табысты қорғап еңбектері республикаға белгілі болды. Атап айтқанда, Ж.Н. Жүнісова, Г.Ю. Аманбаева, Ж.Т. Балмағамбетова, М. К.Пак.
Орыс және шетел әдебиеті кафедрасы белсенді дамыды: профессорлар А.Н. Тэн, С.А. Матяш, Т.Т. Савченко, Б.А. Байтанаева, Е.И. Цейферт докторлық диссертацияларын қорғады. Олар құрған ғылыми мектептер қазақ және орыс ғылымына айтарлықтай үлес қосты. Ғалымдар мен оқытушылар Ю.Д. Нестеровтың, Ж.Ж. Бектуровтың, Е.П. Цойдың, Р.Ш. Смагулованың, Л.П. Любонскаяның, А.Н.Попованың, С.Ж.Бралинаның, Г.З.Горбунованың ғылыми-әдістемелік жұмыстары осы салада айтарлықтай жетістіктермен ерекшеленді.
Кафедраның ғылыми мектептерінің жемісті жұмысының арқасында кафедрада диссертациялық жұмыстар қорғалып, кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамына доценттер Г.А.Бокушева, А.Т.Мустояпова, Л.Р.Шевлякова, Л.М.Харитонова, Д.В.Дьяков қосылды.
Орыс тілі мен әдебиетін оқытудың әдістемесі мен практикасы кафедрасының негізін Ғ.А. Мейрамовтың оқушылары құрып, әріптестері Р.Х.Есбаева, Г.М.Алибекова, Б.Б.Бисембаева, Л.С.Буданова, Р.Г.Баяманова, Н.Н.Яковлева, М.Г.Мамедова, Р.А.Айткенова, Г.И.Байгунусова және т.б. кафедраның ғылыми-әдістемелік дәстүрін жалғастырды.
Оқытушылар:
Бастамашылардың ғылыми және әдістемелік жетістіктерін біріктіруші Ғ.А. Мейрамов атындағы орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы жоғары әлеуетке ие.
Орыс тілі мен әдебиеті бейіні бойынша профессорлық-оқытушылар құрамында 30 оқытушы, оның ішінде филология ғылымдарының докторлары, филология ғылымдарының кандидаттары және филология ғылымдарының магистрлері бар.
Білім алушылар:
Білім алушылар контингенті де өсуде: 2018-2020 жылдар аралығында біздің мамандықтарға түсетін студенттер саны 10-нан 40-қа дейін өсті; бізде басқа республикалардан және Қазақстанның басқа өңірлерінен студенттер оқиды.
Жұмыспен қамту:
Түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіші 100%.
Білім беру бағдарламалары:
Кафедра «Қолданбалы филология» (магистратура) инновациялық білім беру бағдарламасы бойынша дайындықты жүзеге асырады.
Аккредиттеу және көшбасшылық:
Кафедраның барлық білім беру бағдарламалары ұлттық ҚР БСҚА аккредиттеуінен өткен. «Атамекен» жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламалары рейтингісінде «Орыс тілі мен әдебиеті» бағдарламасы 7-орынды иеленіп отыр, «Филология» білім беру бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының жетекші жоғары оқу орындары арасында 5-орынды иеленді (2018, 2019 жж.). ҚР БСҚА 2020 жылғы білім беру бағдарламаларының XII ұлттық рейтингісінің қорытындысы бойынша «6В01703 - Орыс тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы 1-орынды иеленді.
Академиялық ұтқырлық:
Доцент Л.М. Харитонова екі рет (2014, 2017) Дж.Коменский өнер университетіне (Братислава, Словакия) қонақ оқытушы ретінде барды, оқытушы Е.М. Антонова Алтай мемлекеттік университетінде «Сот лингвистикалық сараптамасы: филолог-практиктің аналитикалық және сараптамалық қызметі» тақырыбында халықаралық ғылыми тағылымдамадан өтті. Профессорлар Любор Матейко, Станислав Бенчич, доцент Михай Фрешли 2014-2018 жылдар аралығында филология факультетінің студенттеріне арналған қонақ дәрістерін оқыды. Студенттермен алмасу бағдарламасы шеңберінде Омбы мемлекеттік университетінің студенттері кафедрада оқыды.
Серіктестер:
Кафедра М.В. Ломоносов атындағы ММУ, Санкт-Петербург мемлекеттік университеті, Ресей халықтар достығы университеті, Алтай мемлекеттік университеті, И.Я. Яковлев атындағы Чуваш педагогикалық университеті, Мәскеу лингвистикалық институты, Беларусь мемлекеттік университеті, Я. Коменский атындағы университет (Братислава, Словакия), Еуразиялық академия (Братислава, Словакия), К. Сейл атындағы университет (Комарно, Словакия), Батыс-Венгрия университеті (Сомбатхей, Венгрия) тәрізді ресейлік және еуропалық жоғары оқу орындарымен халықаралық байланыстардың кең желісіне ие.
Жобалар:
2017 жылдан бастап Я. Коменский атындағы университетпен (Братислава, Словакия) және И.Я. Яковлев атындағы Чуваш педагогикалық университетімен орыс тілінен жыл сайынғы халықаралық эссе байқауы ұйымдастырылады. Кафедра оқытушылары мен Батыс Венгр университетінің ғалымдары құрамына кіретін Славян мәдениетаралық зерттеу тобының бірлескен жобасы аясында әлеуметтік-мәдени кеңістіктегі тіл мен әдебиет мәселелеріне қатысты 2 ұжымдық монография жарық көрді.
Білім беру бағдарламалары
6B01703 «Орыс тілі мен әдебиеті»: бакалавриат. «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы Қазақстанда орыс тілі мен әдебиетін үйрену және оқыту бойынша базалық мамандық болып табылады. Орыс тілі ұлтаралық қарым-қатынас тілі бола отырып, жоғары коммуникативті рейтингке ие және әртүрлі әлеуметтік, ғылыми және кәсіби салаларда кеңінен қолданылады. Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі қазіргі білім беру нарығында сұранысқа ие маман болып табылады. Мамандық түлектері жалпы білім беретін мектептерде, орта кәсіптік білім беру мекемелерінде, гимназияларда, лицейлерде, колледждерде орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері болып жұмыс істейді.
6B02306 «Филология»: бакалавриат. Аталған білім беру бағдарламасының түлектері мәдениет мекемелерінің қызметкері; хатшы-референт; кеңсе менеджері; музей қызметкері; баспа өнімдерінің корректоры, редакторы; газет, журнал, радио, теледидар редакцияларының қызметкері; білім бөлімінің қызметкері болып жұмыс істей алады. «Заң тілтанымы» негіздерін игеру бойынша ұсынылып отырған қосымша бағдарлама түлекке сот істерін жүргізу кезінде сарапшы ретінде әрекет етуге мүмкіндік береді (сот лингвистикалық сараптамаларын жасау; сот дәлелдемесіне маңызы бар фактілерді анықтау мақсатында мәтіндерді сараптау).
6В01706 «Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті»: бакалавр дәрежесі. Бұл бағдарламаның мақсаты – білім беру саласындағы заманауи талаптарға жауап беретін, орыс тілінде оқытпайтын мектептерде орыс тілі мен әдебиетін оқыту саласында жүйелі білімі бар мамандарды дамыту. Түлектер орта мектептерде, педагогикалық колледждерде, педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институттарында, білім бөлімдерінде орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып жұмыс істей алады. Шетел және/немесе екінші тіл ретінде орыс тілінің білікті мұғалімдері тек қазақ тілінде ғана емес, халықаралық еңбек нарығында да тұрақты сұранысқа ие.
7M01701801 «Орыс тілі мен әдебиеті»: магистратура. Осы мамандықтың магистранттары филологиялық білім беру саласындағы гуманитарлық пәндер мен инновациялық технологиялар саласында жүйеленген білім алады; тілдік және әдеби фактілер мен құбылыстарды кешенді талдау әдістемесін меңгереді. Түлектер «Педагогика ғылымдарының магистрі» академиялық дәрежесін алады және меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан барлық типтегі және түрдегі орта білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында, жоғары оқу орындарында, білім беру жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институттарында; білім беру саласындағы уәкілетті және жергілікті атқарушы органдарда жұмыс істей алады. Бүгінгі таңда көптеген түлектер тіл орталықтарының, білім беру мекемелерінің, мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдардың басшылары болып жұмыс істейді.
7M02306003 «Қолданбалы филология»: магистратура. Бағдарлама шеңберінде практикалық-қолданбалы және жобалық қызметте өз білімін, іскерлігін және дағдыларын қолдануға қабілетті, филология саласында бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау жүзеге асырылады. Магистранттар әртүрлі мәтіндермен көп аспектілі жұмыстың кәсіби дағдыларын меңгереді (көркем, публицистикалық, ресми-іскерлік, ғылыми және т.б. мәтіндерді құру, түсіндіру, сараптау, түрлендіру, тарату). Мамандық түлектері «Гуманитарлық ғылымдар магистрі» академиялық дәрежесін алады және коммуникация, жарнама, қоғаммен байланыс, баспа қызметі, БАҚ, мәдениет және басқару мекемелерінде маман болып жұмыс істей алады. Практикалық міндеттерді шешу әдістері мен тәсілдерін меңгеру бағдарлама түлегіне таңдалған қызмет бейініне байланысты филологиялық консалтингтің барлық салаларында жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Мұғалімдердің профильдері
Алдажарова А.М."Әлеуметтік-мәдени кеңістіктегі Тіл және әдебиет" халықаралық ғылыми онлайн-конференциясының материалдары (2022 ж.22-23 сәуір) Қазақстан, Ресей, Венгрия, Өзбекстан ғалымдарының қазіргі филология ғылымының өзекті мәселелері бойынша мақалаларын қамтиды. Жинақтың үш бөлімі бар:" Қазіргі лингвистиканың теориялық мәселелері"," Қазіргі әлеуметтік-мәдени контекстегі әдебиет","Қазіргі көпмәдениетті кеңістікте ана және шет тілдерін оқыту".
Филолог-ғалымдарға, орыс тілі мен әдебиеті оқытушыларына, филология мамандықтарының студенттеріне арналған.