кафедра меңгерушісі
филология ғылымдарының кандидаты
қауымдастырылған профессор
Телефон: +7 7212 770366
E-mail: Kaztilbilime@buketov.edu.kz
Мұқанов көшесі, 1, № 8 ғимарат
Facebook
Қазақ тіл білімі кафедрасы білім мен мәдениет, тіл саясаты салалары мамандарын даярлау үшін бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламаларын ұсынады.
Кафедра студенттерінің: «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Филология», «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті», «Қазақ және ағылшын тілі» траекториялары бойынша білім алуға мүмкіндіктері бар. Білім беру бағдарламаларында сондай-ақ «Когнитивтік лингвистика», «Тіл білімінің жаңа бағыттары», «Аударма лингвистикасы», «Қазақ, орыс (шетел) тілдерінің салғастырмалы грамматикасы», «Көркем мәтінді кешенді талдау» сияқты өзекті пәндер қамтылған.
Кафедра түлектері орта және кәсіптік-орта білім беру мекемелерінде оқытушы; мәдениет мекемелерінің қызметкерлері; хатшы-референт; офис-менеджер; музей қызметкерлері; корректор, баспа өнімдерінің редакторы; газет, журнал, радио, теледидар редакцияларының қызметкерлері; білім бөлімдерінің қызметкерлері болып жұмыс істей алады.
Кафедраның ғылыми қызметі заманауи лингвистикалық білімнің жаңа бағыттары – когнитивтік лингвистика, психолингвистика, этнолингвистика и лингвомәдениеттану салаларымен тікелей байланысты.
Даталар мен фактілер
Тарихы:
Қазақ тіл білімі кафедрасының негізі 1938 жылы қаланған. Кафедраның алғашқы меңгерушісі ф.ғ.к., доцент Қ.К.Тұңғышбаев болды. Әр жылдары кафедраны ф.ғ.к., доцент Ф.Кенжебаева, ф.ғ.д., ф.ғ.к. доцент С.Р.Ыбыраев, ф.ғ.д., профессор Х.М.Нұрмұқанов, ф.ғ.д., профессор Ж.А.Жақыпов, ф.ғ.д., профессор Ш.Мажитаева басқарды. 2020-2021 оқу жылынан бастап кафедра меңгерушісі – ф.ғ.к., доцент С.А. Кенжеғалиев.
Оқытушылар:
Бүгінгі күні кафедрада 13 оқытушы қызмет атқарады. Олардың ішінде филология ғылымдарының докторлары, кандидаттар, магистрлер, сондай-ақ «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының иегерлері (профессор Ш.Мажитаева мен доцент С.А. Кенжеғалиев) бар.
Білім алушылар:
Білім алушылардың контингенті тұрақты өсуде, үш жылдың ішінде бір жарым есе артты. Кафедра студенттері арасында Өзбекстан, Моңғолия, Қытай азаматтары, Қазақстанның өзге өңірлері өкілдері бар. Кафедра студенттері академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысады, Қытай университеті мен Қазақстанның ұлттық университеттерінде білім алуда.
Білім беру бағдарламалары:
2019-2020 оқу жылында 6В01702 «Қазақ және ағылшын тілдері» (бакалавриат) мамандығы ашылды.
Жұмысқа орналасу:
Кафедра түлектері университетті бітірген соң жұмысқа оңай орналасады, қызметте табысқа жеткендері көп. Түлектеріміздің жұмысқа орналасу көрсеткіші 80 %-дан асады.
Аккредиттеу және көшбасшылық:
Кафедраның барлық білім беру бағдарламалары ұлттық аккредиттеуден өткен және ұлттық рейтингілерде лайықты орындарға ие: «Филология» мамандығы алғашқы бестікке кірсе, «Атамекен» рейтингісі бойынша «Қазақ және ағылшын тілдері» мамандығы бірінші орын алды.
Серіктестер:
Кафедра шетелдік әріптестермен белсенді қарым-қатынаста. Профессорлық-оқытушылар құрамы түрлі халықаралық оқу орындарымен ғылыми байланыс жасайды, олардың ішінде Әлем тілдері университеті (Ташкент қ., Өзбекстан), Бонн университеті (Германия), Ресей Халықтар достығы университеті (РУДН, Москва, Ресей), Чинжянь, Іле университеттері (ҚХР) бар. Аталған жоғары оқу орындарымен бірлесіп филология магистрлері мен PhD докторанттар дайындау туралы келісімшарт жасалып, меморандумға қол қойылған.
Білім беру бағдарламалары
6B02305 «Филология»: бакалавриат. Бағдарлама қазақ филологиясын оқытумен байланысты. Түлектер филология бакалавры дәрежесін алып, орта білім беру мекемелерінде, БАҚ-та корректор, журналист, білім беру және мәдениет мекемелері қызметкерлері болып жұмыс істей алады.
6В01702 «Қазақ және ағылшын тілдері»: бакалавриат. Бағдарлама қазақ және ағылшын филологиясын оқытумен байланысты. Оқу үдерісінде студенттер кәсіби қарым-қатынас құралы ретінде, аударма қызметінде қазақ және ағылшын тілдерін меңгеріп шығады. Түлектер білім бакалавры дәрежесін алып, орта білім беру мекемелерінде қазақ және ағылшын тілі оқытушысы, БАҚ-та редактор, ұйымдардың баспасөз хатшысы, спичрайтер, жарнама агенттері болып жұмыс істей алады.
7М02306001 «Филология»: магистратура. Магистранттардың оқу пәндерінің жартысын ағылшын тілінде оқуға мүмкіндіктері бар. Бағдарлама қазақ және ағылшын филологиясын оқытумен байланысты. Білім беру үдерісінде магистрант филология ғылымдары саласында зерттеу жұмысын жүргізуге, шетел тілін іскери қатынас пен әлеуметтік ұтқырлық аясында еркін меңгеруге машықтанып, алған білімдері мен тәжірибесін ғылыми және ғылыми-техникалық қызметінде қолдануды үйренеді. Түлектер филология магистрі дәрежесін алып, жоғары оқу орындарында, біліктілікті жетілдіру институттарында оқытушы, ғылыми-зерттеу орталықтарында, білім беру саласында менеджер болып жұмыс істей алады.
7М01701701 «Қазақ тілі мен әдебиеті»: магистратура. Бағдарлама қазақ филологиясын оқытумен байланысты. Магистранттардың оқу пәндерінің жартысын ағылшын тілінде оқуға мүмкіндіктері бар. Білім беру үдерісінде магистрант филология ғылымдары саласында зерттеу жұмысын жүргізуге, алған білімдері мен тәжірибесін ғылыми және ғылыми-техникалық қызметінде қолдануды үйренеді. Түлектер білім магистрі дәрежесін алып, жоғары оқу орындарында, біліктілікті жетілдіру институттарында оқытушы, ғылыми-зерттеу орталықтарында, білім беру саласында менеджер болып жұмыс істей алады.
8D01701 «Қазақ тілі мен әдебиеті»: докторантура, 8D02301 «Филология»: докторантура. Бағдарлама қазақ, ағылшын филологиясын оқытумен, филология саласында зерттеу жүргізумен байланысты. Докторанттардың оқу пәндерінің жартысын ағылшын тілінде оқуға мүмкіндіктері бар. Білім беру үдерісінде докторант ғылыми тақырыбына сай зерттеу жүргізумен және арнайы пәндерді оқумен шұғылданады. Түлектер философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін, 6D020500 - «Филология» мамандығы бойынша доктор дәрежесін алып, жоғары оқу орындарында, біліктілікті жетілдіру институттарында оқытушы, ғылыми-зерттеу орталықтарында қызмет ете алады.