кафедра меңгерушісі
+77212770432
E-mail: Journalism@buketov.edu.kz
Мұқанов көшесі, 1, № 8 ғимарат
Facebook
Журналистика кафедрасы бұқаралық ақпарат құралдары саласында мамандар даярлауды жүзеге асырады. Бакалавриат және магистратура бағдарламаларын ұсынады.
Кафедра студенттері бес траектория бойынша оқуға мүмкіндік алады. Олар: «Электронды БАҚ», «Баспасөздегі БАҚ», «Трансмедиялық журналистика», «Жарнама және PR қызметі», «Креативті digital-технологиялар».
Оқу бағдарламасына «Мультимедиалық журналистика», «Копирайтинг негіздері», «Кибержурналистика», «Заманауи медиамәтін» сияқты өзекті пәндер кіреді.
Студенттер кәсіби журналистика саласында саяси, экономикалық, экологиялық, спорттық бағытта арнайы білім алады.
Кафедра түлектері басылымдардағы журналистер, электронды БАҚ-тағы редакторлар, әртүрлі ұйымдардағы баспасөз хатшылары, баспасөз қызметтерінің басшылары, жарнама агенттері ретінде жұмыс істей алады.
Кафедраның ғылыми қызығушылықтары «Заманауи БАҚ», «Медиа мәдениеті», «Сандық журналистика», «Конвергентті медиа» секілді пәндерді зерттеумен ерекшеленеді.
Даталар мен фактілер
Тарихы:
Журналистика кафедрасы 1994 жылы ашылды. Алғашқы меңгерушісі болып белгілі қазақ публицисі, қазақ журналистикасының тарихы мен теориясын зерттеуші, филология ғылымдарының кандидаты, доцент З.С.Тайшыбаев тағайындалды. Журналистика кафедрасының қалыптасуына қарағандылық жазушы және публицист В.Могильницкий, белгілі қазақ журналисі М.Сембай, талантты қазақ ақыны К.Сауғабай, белгілі қазақ журналисі, сатирик- жазушы М.Тоқмырза өз үлестерін қосты.
Әр жылдары кафедра меңгерушілері болып Б.К.Момынова, Ж.Қ.Смағұлов, С.Ш.Тахан, В.Т.Абишева, М.К.Жұмабековтер қызмет атқарды. Қазіргі уақытта кафедраны филология ғылымдарының кандидаты, доцент Ж.С.Рамазанова басқарады.
Журналистердің алғашқы түлектері 1997 жылы бітірді. Мамандықтың бүкіл жұмыс істеу кезеңінде 500-ден астам маман дайындалды.
Аккредиттеу және көшбасшылық:
Кафедраның барлық бағдарламалары ұлттық аккредиттеуден өткен. Олар ұлттық рейтингтерде лайықты орындарға ие.
Жұмысқа орналастыру:
Кафедра түлектері еңбек нарығында сұранысқа ие, олар университетті бітіргеннен кейін оңай әрі тез жұмысқа орналасады. Жұмысқа орналасу көрсеткіші 80%-ды құрайды. Бүгінгі таңда кафедра түлектері Республиканың және одан тыс жерлердегі БАҚ-та, баспасөз орталықтарында, PR-агенттіктерде жұмыс істейді. Қазақстанның жоғары оқу орындарының журналистика кафедраларында сабақ береді.
Түлектер:
Көптеген түлектер кәсіби мансабына жетіп, табысты еңбек етуде:
Дулат Әубәкіров - Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметінің басшысы
Әбдиева Айнұр – облыстық «Бірінші Қарағанды» телеарнасының дикторы;
Ақбергенова Айгерім – «Нұр Отан» партиясы баспасөз орталығының жетекшісі;
Вучко Марк, Боярова Вероника – «Хабар-24» агенттігінің тілшілері;
Воднев Влад – «КТК» ТК операторы;
Дмитренко Ульета – «Каз-Индастри-Ойл» ЖШС жетекші маркетологы, «Лукойл» компаниясының Қарағанды және Ақмола облыстары бойынша ресми дилері;
Иса Аслан – облыстық «Бірінші Қарағанды» телеарнасының редакторы;
Краус Ольга – облыстық «Новый Вестник» газетінің бас редакторы;
Құдайбергенова Гүлнұр – облыстық ПД баспасөз хатшысы;
Мягких Оксана – облыстық «Индустриальная Караганда» газетінің редакторы;
Орынбасарова Мәншүк – «Азаттық радиосы» Алматы бөлімінің басшысы;
Сәбитова Әсел – «5арна» облыстық телеарнасындағы қазақ редакциясының жетекшісі;
Сыздықова Әлия – «Хабар» агенттігінің Франциядағы меншікті тілшісі;
Шаповалова Марина – Қарағанды облысы әкімінің баспасөз хатшысы.
Материалдық база:
Журналистика кафедрасында оқу теледидары зертханасы жұмыс істейді. Ол студия, монтаждық, аппараттық, радио торабы, эксперименттік оқу аудиториясын қамтитын кешен болып табылады. Зертханада телевизиялық және радиожурналистика бойынша практикалық сабақтар жүргізіледі.
Білім беру бағдарламалары
6B03201 - Журналистика: бакалавриат. Бағдарлама журналистиканы зерттеуге байланысты. Оқу барысында студенттер журналистік мақалалар жазуды, теледидар бағдарламаларын құруды, мамандандырылған журналистика саласында арнайы білім алуды үйренеді. Студенттердің пәндердің бір бөлігін ағылшын тілінде оқуларына мүмкіндіктері бар. Түлектер журналистика бакалавры дәрежесін алғаннан кейін журналист, БАҚ-та редактор, ұйымдардың баспасөз хатшысы, спичрайтер, жарнама агенттері болып жұмыс істей алады.
6B03202 - Қоғаммен байланыс: бакалавриат. Оқу барысында студент баспасөз релиздерін жазуды, бэкграундтар жасауды және түсіруді, брифингтер, баспасөз конференцияларын ұйымдастыруды, БАҚ өкілдерімен жұмыс істеуді үйренеді. Студенттердің пәндердің бір бөлігін ағылшын тілінде оқуларына мүмкіндіктері бар. Түлектер қоғаммен байланыс бакалавры дәрежесін алады және ұйымдардың баспасөз хатшысы, спичрайтерлер, жарнама агенттері, SMM мамандары ретінде жұмыс істей алады.
7M03206701-Журналистика: магистратура. Бағдарлама ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлауға бағытталған. Оқу барысында магистрант ғылыми зерттеу жүргізуді, медиа саласында терең білім алуды үйренеді. Магистранттар пәндердің бір бөлігін ағылшын тілінде оқи алады. Түлектер журналистика магистрі дәрежесін алып, жоғары оқу орындарында сабақ бере алады, БАҚ-та жұмыс істей алады, медиа саласында менеджерлік позицияға ие бола алады.