кафедра меңгерушісі
Телефон: +7 72 12(35-64-66)
E-mail: kafedrageo@bk.ru
Университет көшесі 28, № 3 ғимарат
Facebook
География кафедрасы білім беру саласында мамандар даярлауды жүзеге асырады және бакалавриат және магистратура бағдарламаларын ұсынады.
Кафедра студенттері төрт траектория бойынша оқуға мүмкіндік алады. Оқу бағдарламасына «Өлкетану», «Аэроғарыштық географиялық зерттеу әдістері», «Геоморфология», «Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында географияны оқыту әдістемесі» сияқты өзекті пәндер кіреді. Студенттер арнайы курсты тыңдап, қосымша білім алу мүмкіндігіне ие болады.
Кафедра түлектері жобалау-іздестіру зерттеулерін, іргелі және қолданбалы ғылыми және географиялық жобаларды жүргізе алады, табиғатты қорғау және табиғатты пайдалануды басқару органдарының жұмысына қатысып, қоршаған ортаға экологиялық-географиялық мониторинг жүргізе алады, білім беру ұйымдарында жұмыс істеу мүмкіндігіне ие.
Кафедраның ғылыми қызығушылықтары геоэкологиялық зерттеулермен, қоршаған ортаны қорғаумен және заманауи техногенді үрдістерді зерттеумен байланысты.
Даталар мен фактілер
Тарихы:
01.01.1990 ж |
Қазақстанның Орталық және Солтүстік аймақтарында географ мамандарының жетіспеушілігіне байланысты 1990 жылы Қарағанды мемлекеттік университетінің биология факультетінің (қазіргі биология-география факультеті) жанында география кафедрасының ашылуына г.ғ.к., доцент Мұратхан Қожахмет мұрындық болды. Алғашқы кафедра меңгерушісі Мқратхан Кожахмет тағайындалды. |
25.08.1990 ж. |
«010-География» мамандығы бойынша күндізгі оқу бөліміне бірінші студенттерді қазақ бөліміне – 25 студент және орыс бөліміне – 25 студент қабылдады |
Шілде, 1995 ж. |
Алғашқы түлектер Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекетттік университетінен Географ-Оқытушы мамандығын иеленді. |
Қыркүйек, 2000 ж. |
География кафедрасының мерейтойы – құрылғанына 10 жыл |
Қыркүйек, 2001 ж. |
«511030 – География» мамандығы бойынша мамандар даярлау жөніндегі жаңа мемлекеттік стандартқа көшті |
Қаңтар, 2023 ж. |
География кафедрасының оқытушысы Жетпісов С.О. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Геоэкологические проблемы Карагандинско-Темиртауского промышленного района и пути их решения» тақырыбы бойынша география ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады. Мамандық шифрі: 25-00-36 - Геоэкология |
Мамыр, 2004 ж. |
География кафедрасының оқытушысы Талжанов С.А. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Әртүрлі қоғамдық жүйе жағдайында Орталық Қазақстан жер ресурстарын мал шаруашылығының жайылымы ретінде пайдалануын экономикалық-географиялық тұрғыдан талдау» тақырыбы бойынша география ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады. Мамандық шифрі: 25.00.24 – экономикалық, әлеуметтік және саяси география |
Қыркүйек, 2005 ж. |
География кафедрасының мерейтойы – құрылғанына 15 жыл |
Ақпан, 2006 ж. |
География кафедрасының оқытушысы Абилова А.Б. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Региональные проблемы социально-демографических процессов в Центральном Казахстане» тақырыбы бойынша география ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады. Мамандық шифрі: 25.00.24 – экономикалық, әлеуметтік және саяси география |
Қараша, 2006 ж. |
«Қазақ географиялық қоғамы» Республикалық қоғамдық ұйым құру туралы география кафедрасының отырысында шешім қабылданды, Президенті болып география кафедрасының доценті Акпамбетова К.М. тағайындалды. |
Қаңтар, 2009 ж. |
География кафедрасының оқытушысы Кадирбаева Д.А. академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде ««Жоғары оқу орнында болашақ география мұғалімдерін этнопедагогикалық даярлауды жетілдіру» тақырыбы бойынша педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады. Мамандық шифрі: 13.00.08 – Кәсіби білім беру теориясы мен әдістемесі. |
Желтоқсан, 2009 ж. |
Кафедра меңгерушісі болып г.ғ.к., доцент С.А.Талжанов тағайындалды. |
Қыркүйек, 2010 ж. |
География кафедрасына 20 жыл |
Қараша, 2010 ж. |
География кафедрасының оқытушысы Чистякова Г.Н. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Развитие и территориальная организация малого и среднего бизнеса Центрального Казахстана (экономико-географические аспекты)» тақырыбы бойынша география ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады. Мамандық шифрі: 25.00.24 – экономикалық, әлеуметтік және саяси география |
Тамыз, 2011 ж. |
«5В011600–География» мамандығы бойынша көптілді топқа студенттерді алғашқы қабылдау жүзеге асырылды |
Сәуір, 2012 ж. |
«5В011600–География» мамандығының студенттер командасы Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтында IV Республикалық студенттік олимпиадада 1 орын алды. Команда құрамы: Шадский Евгений Евгеньевич (ГО-22 тобы студенті), Рахметова Анар Асқарбайқызы (ГО-41 тобы студенті) Демьянова Олеся Дмитриевна (ГО-42 тобы студенті). Команда жетекшісі – География кафедрасының меңгерушісі, г.ғ.к. Талжанов С.А. |
Мамыр, 2012 ж. |
1 курс магистранты Аманжолов Айдын академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің Жас ғалымдар кеңесінің инновациялық жобалар байқауында 3 дәрежелі диплом алды. |
Қыркүйек, 2012 ж. |
Минхо университетінің (Португалия) профессоры Джоао Сарменто география факультетінде қонақ дәрістерін оқыды. |
Қазан, 2012 ж. |
Доктор Войцех Пушта қонақ дәрістері оқыды (Вроцлав, Польша) |
Қараша, 2012 ж. |
Karoly Robert College (Венгрия) университетінің профессоры, PhD докторы Дэвид Лорандтың қонақ дәрістері өтті. |
Наурыз, 2013 ж. |
«В011600–География» мамандығының студенттері М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекетттік университетінде өткен кезекті республикалық пәндік олимпиадаға қатысты. 3-курс студенті Шадский Евгений І орын алды. Жетекшісі – география кафедрасының аға оқытушысы Суймуханов Ұ.А. |
Наурыз, 2014 ж. |
«5В011600–География» мамандығының студенттері М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекетттік университетінде өткен кезекті республикалық пәндік олимпиадаға қатысты. 4-курс студенті Шадский Евгений ІІ орын алды. Жетекшісі – география кафедрасының аға оқытушысы Суймуханов Ұ.А. |
Наурыз, 2015 ж. |
«5В011600–География» мамандығының студенттері М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекетттік университетінде өткен кезекті республикалық пәндік олимпиадаға қатысты. Командалық есепте 3-орын алды. Команда құрамы: Тажентаева Индира, Төлеш Бақытжан. Команда жетекшісі – география кафедрасының аға оқытушысы Аманжолов А.И. |
Наурыз, 2016 ж. |
«5В011600–География» мамандығының студенттері Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде өткен олимпиадада командалық 2-орын алды (Тажентаева И., Төлеш Б.). Команда жетекшісі – география кафедрасының аға оқытушысы Суймуханов Ұ.А. |
Тамыз, 2017 ж. |
Кафедра меңгерушісі С.А.Талжановтың факультет деканы лауазымына ауысуына байланысты кафедра меңгерушісі болып г.ғ.к., доцент К.М.Акпамбетова тағайындалды. |
Қыркүйек, 2017 ж. |
Республикамыздың аз қамтылған мектептеріне мұғалімдерді даярлау мақсатында география кафедрасында «5В012900–География-Тарих» мамандығы ашылды |
Қазан, 2017 ж. |
№4 26.10.2017 ж. Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің Ғылыми кеңесінің шешімімен №3 корпустың №511 дәрісханасына кафедраның алғашқы меңгерушсі г.ғ.к., профессор М.Қожахметтің есімі берілді. |
Наурыз, 2017 ж. |
«5В060900–География» мамандығының студенттері Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде өткен олимпиадада 2-орын алды. Команда мүшелері: Жанаева Мерей, Шаракулова Жәмилә, Әбдіғапбар Әсем. Команда жетекшісі: аға оқытушы Суймуханов Ұ.А. |
Сәуір, 2017 ж. |
«5В011600–География» мамандығының студенттері М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекетттік университетінде өткен республикалық пәндік олимпиадада Төребаев Сәуір 1-орынды жеңіп алды. Жетекшісі – география кафедрасының аға оқытушысы Аманжолов А.И. |
Сәуір, 2018 ж. |
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, география кафедрасының ұйымдастыруымен «5В011600–География» мамандығы бойынша Х Республикалық пәндік олимпиада өткізді. Олимпиадаға еліміздің ЖОО-нан 17 команда қатысты |
Тамыз, 2018 ж. |
География кафедрасының оқытушылары Абиева Г.Б. (Е.А.Гумилев атындағы ЕҰУ, «6В060900-География»), Суймуханов Ұ.А. (Әл-Фараби атындағы ҚҰУ, «6В060900-География»), Кенжина К.Д. (Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ «8D05108001 – Биология») докторантураға оқуға түсті. |
Қараша, 2019 ж. |
«6В05203 (5В060900)–География» мамандығы Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігінен аккердитациядан өтті |
Желтоқсан, 2019 ж. |
География кафедрасының доценті Г.Н.Чистякова «ҚарМУ еңбек сіңірген қызметкері» атағы берілді |
Сәуір, 2019 ж. |
«5В011600–География» мамандығының студенттері Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекетттік университетінде өткен республикалық пәндік олимпиадада командалық 1-орынды жеңіп алды. Команда құрамы: Сайлауов Нұртас, Оспан Нәзипа. Команда жетекшісі – география кафедрасының аға оқытушысы Аманжолов А.И. |
Тамыз, 2019 ж. |
География кафедрасының аға оқытушысы Жангожина Г.М. Алтай мемлекеттік университетіне аспирантураға оқу түсті |
Мамыр, 2020 ж. |
«5В011600–География» мамандығының студенттері С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекетттік университетінде өткен республикалық пәндік олимпиадада командалық 3-орынды жеңіп алды. Команда құрамы: Кабирова Дана, Комарзина Нұрбану. Команда жетекшісі – география кафедрасының аға оқытушысы Аманжолов А.И. |
Тамыз, 2021 ж. |
География кафедрасының меңгерушісі п.ғ.к., доцент Д.А.Кадирбаева тағайындалды. |
Қазан, 2021 ж. |
М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің доценті Д.Л.Головановтың «Почвоведение с основами геохимии ландшафтов, географии почв и структуры почвенного покрова» атты тақырыпта қонақ дәрісі өткізілді. |
Наурыз, 2021 ж. |
«5В060900–География» мамандығының студенттері Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде өткен олимпиадада 3-орын алды. Команда мүшелері: Темірбаева С., Қуанышбеков А., Буланбаева Д. Команда жетекшісі: аға оқытушы Аманжолов А. |
Сәуір, 2021 ж. |
«5В011600–География» мамандығының студенттері А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінде өткен республикалық пәндік олимпиадада командалық 3-орынды жеңіп алды. Команда құрамы: Нығмет Мейірман, Шөпбай Жансая. Команда жетекшісі – география кафедрасының аға оқытушысы Аманжолов А.И. |
Қараша, 2022 ж. |
И.Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университетінің профессоры, г.ғ.д. Т.М.Чодураевтің «Природные основы устойчивого развития» тақырыбында қонақ дәріс өткізілді |
Наурыз, 2022 ж. |
«5В060900-География» мамандығының студенттері Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде өткен олимпиадада 3-орын алды. Команда мүшелері: Темірбаева С., Хасенов Д., Буланбаева Д., Команда жетекшісі: п.ғ.к., ассистент профессор Кадирбаева Д.А. |
Сәуір, 2022 ж. |
«5В011600-География» мамандығының студенттері Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау университетінде өткен республикалық пәндік олимпиадада командалық 3-орынды жеңіп алды. Команда құрамы: Нығмет Мейірман, Шөпбай Жансая. Команда жетекшісі – география кафедрасының аға оқытушысы Суймуханов Ұ.А. |
Сәуір, 2022 ж. |
Karoly Robert College (Венгрия) университетінің профессоры, PhD докторы Дэвид Лорандтың «Travel and tourism geography: Ecological and geographical impact» қонақ дәрістері өтті |
Желтоқсан, 2022 ж. |
«ARQA» аккредиттеу және білім беру сапасын сараптау тәуелсіз агенттігінен «6В01511 – География-Тарих» және «7М01506-География» білім беру бағдарламасы аккредитациядан өтті |
Наурыз, 2023 ж. |
«5В060900–География» мамандығының студенттері Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде өткен олимпиадада 2-орын алды. Команда мүшелері: Жақсыбай Д., Зиядинов Ж., Кұздеш Ф. Команда жетекшісі: аға оқытушы Суймуханов Ұ.А. |
Наурыз, 2023 ж. |
Ә.Марғұлан атындағы Павлодар университетінде «В014-География мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасының тобы бойынша өткен республикалық пәндік олимпиадада Серік Манас 3-орыналды. Жетекшісі – география кафедрасының аға оқытушысы Аманжолов А.И. |
Қараша, 2023 ж. |
Ататюрк университетінің PhD доктор, профессоры Taskin Oztas «Fundamentals of Soil Science» тақырыбында қонақ дәріс оқыды. |
Желтоқсан, 2023 ж. |
«6В01511-География-Тарих» білім беру бағдарламасы 2023 жылғы білім беру бағдарламалары рейтингісінің қорытындысы бойынша 3 орын иеленді |
Қыркүйек, 2024 ж. |
Кафедра меңгерушісі болып ж.ғ.м., аға оқытушы А.И.Аманжолов тағайындалды. |
Қыркүйек, 2024 ж. |
Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігi – рейтингісінің қорытындысы бойынша: «В014-География мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасының тобы бойынша – 2 орын «В052 – Жер туралы ғылым» білім беру бағдарламасының тобы бойынша 2-орын «М015-География педагогтарын даярлау» - білім беру бағдарламасының тобы бойынша 2-орын
|
Қазан, 2024 ж. |
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде өткен республикалық пәндік олимпиадада «В014-География мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасының студенті Токташ Ерсұлтан 3 орын иеленді. «В052 – Жер туралы ғылым» білім беру бағдарламасының тобы бойынша 3-орын жеңіп алды (Аширбекова А., Досан І., Аманкелдиқызы А.). Команда жетекшісі: аға оқытушы Суймуханов Ұ.А. |
Білім алушылар:
География кафедрасының оқу бағдарламалары бойынша (мысалы, 6В01511-География-Тарих білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылар саны 2017-2024 оқу жылдары аралығында 23-тен 110 білім алушыға артты) бакалавриат пен магистратураға сұраныс жылдан жылға артуда.
Білім беру бағдарламалары:
Кафедрада оқу бағдарламалары қазақ және орыс тілдерінде оқытатын дәстүрлі топтар бар, сондай-ақ, білім алушылар қонақ дәрістерді ағылшын тілінде тыңдай алады.
Аккредиттеу және көшбасшылық:
Кафедраның барлық мамандықтары «IQAA» білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз және «ARQA» аккредиттеу және білім беру сапасын сараптау бойынша тәуелсіз агенттіктерінен аккредитациядан сәтті өтті.
Білім беру бағдарламалары «IQAA» білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі Тәуелсіз агенттіктігі мен «Атамекен» ҰҚП рейтингтері бойынша жоғары орындарды иеленді.
Серіктестер:
География кафедрасы жақын және алыс шет елдердің көптеген жетекші жоғары оқу орындарымен байланыс орнатқан. Олардың ішінде М.В.Ломоносов атындағы ММУ (РФ), Алтай мемлекеттік университеті (РФ), Наварра университеті (Испания), Ататүрік университеті (Түркия), И. Арабаев атындағы ҚМУ (ҚР), Ұлықбек мырза атындағы Өзбекстан ұлттық университеті бар.
Академиялық ұтқырлық:
Студенттер академиялық ұтқырлық бағдарламасын оқу және ғылыми ізденістері бойынша тиімді пайдалана алады. Академиялық ұтқырлық бойынша серіктес университеттер қатарында: Абай атындағы ҚазҰПУ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Беларусь мемлекеттік университеті (Беларусь), Томск мемлекеттік университеті, Орынбор мемлекеттік университеті, Пермь ұлттық зерттеу университеті (РФ), Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау университеті.
Білім беру бағдарламалары
6В05203-География: бакалавриат. Бағдарлама жер шарындағы табиғи құбылыстарды зерттеумен, топо- және геодезиялық түсіріліммен және картографиялаумен байланысты. Оқу барысында студент жер бедерін түсіруді, сандық карталарды жасауды, жер бедерін бағдарлауды үйренеді.
Түлектер жаратылыстану бакалавры дәрежесін алып, табиғатты пайдалану, қоршаған ортаны қорғау ұйымдарында, сондай-ақ білім беру мекемелерінде сарапшы ретінде жұмыс істей алады.
6В01510-География: бакалавриат. Бағдарлама географиялық пәндерді оқыту әдістерін зерттеумен байланысты. Оқу барысында студент география саласында теориялық дайындықтан өтеді, географияны оқытудың заманауи технологияларын меңгереді. Түлектер білім бакалавры дәрежесін алып, мектептер мен колледждерде география пәнінің мұғалімі болып жұмыс істей алады.
6В01511-География-Тарих: бакалавриат. Бағдарлама географиялық және тарихи пәндерді оқыту әдістерін зерттеумен байланысты. Оқу барысында студент география және тарих саласында теориялық дайындықтан өтеді. Түлектер білім бакалавры дәрежесін алып, мектептер мен колледждерде география және тарих пәндерінің мұғалімдері, өлкетану мұражайларында мамандар болып жұмыс істей алады.
7М01506-География: магистратура. Бағдарлама география ғылымының жаһандық мәселелерін зерттеумен байланысты. Оқу барысында магистрант географиялық зерттеулердің заманауи әдістерін, басқару психологиясын және жоғары мектеп педагогикасын меңгереді. Түлектер педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алып, жалпы білім беретін мектептерде, колледждер мен жоғары оқу орындарында жұмыс істей алады.