ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

Басқарма Төрағасы — Ректоры Н.О. Дулатбеков Гуанчжоу политехникалық институтында (Қытай) іс-сапарда

    2024 жылдың 23-24 маусымында Қытай тарапының шақыруымен академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университетінің Басқарма Төрағасы — Ректоры Н.О. Дулатбеков Гуанчжоу политехникалық институтында (Қытай) ресми іс-сапарда.

    Іс-сапар барысында Н.О. Дулатбеков жоғары кәсіптік білім саласындағы Гуанчжоу халықаралық бауырлас қалалар альянсының ашылу салтанатына қатысты. Гуанчжоу кәсіптік колледждері Қытайдағы кәсіптік білім беруде, соның ішінде өндіріс және инженерлік технологиялар, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, құрылыс және құрылыс технологиясы, шығармашылық өнер және сән саласында көшбасшы ретінде танымал.

    Альянс құрамына Бразилия, Сальвадор, Испания, Лаос, Ресей, Тәжікстан және т.б. мемлекеттің білім беру ұйымдары кіреді. Альянстың қызметі аясында бауырлас қалалардағы білім беру ұйымдары басшыларымен тұрақты түрде дөңгелек үстелдер, кәсіптік білім беру мәселелері бойынша форумдар мен семинарлар, өндіріс пен білімнің кәсіптік білімге интеграциялануы бойынша ғылыми жобалар өткізу жоспарланған. Сонымен қатап ғылым мен білімнің интеграциясы, жастар арасында кәсіптік білім беру бойынша конкурстар, мәдени және академиялық алмасулар, инновациялар мен кәсіпкерлік саласында тәжірибе алмасу да көзделген.

    Сондай-ақ Гуанчжоу политехникалық институтымен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.