ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

Гранттық қаржыландыру аясында «Интеллектум.kz» білім беру сайтының ашылуы

    2024 жылдың 21 маусымында Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университетінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2022-2024 жылдарға арналған гранттық қаржыландырылған   АР14870260 «Білім беруді цифрландыру жағдайында бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту» жобасы аясында (жоба жетекшісі - п.ғ.д., зерттеуші-профессор С.К.Абильдина) «Интеллектум.kz» білім беру сайты ресми түрде ашылу салтанаты өткізілді. Шара офлайн және онлайн форматта өтті.

    Аталмыш іс-шара барысында бастауыш мектеп пәндері: «Математика», «Жаратылыстану», «Әдебиеттік оқу» бойынша PIRLS және TIMSS халықаралық зерттеулерінің талаптарына сәйкес оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған тапсырмалар жинағы қамтылған «Интеллектум.kz» білім беру сайтының мүмкіндіктері ұсынылды. Іс - шараға Қарағанды қаласының («№16 ЖББМ» КММ, «№66 мектеп-лицей» КММ, «№41 ОМ» КММ) бастауыш сынып мұғалімдері, педагогика факультетінің ПОҚ, магистранттар, докторанттары, қазақстандық жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ғалымдары қатысты.

    Іс-шара соңында қатысушылар цифрлық контенттің практикалық маңыздылығын атап өтіп, сайт әзірлеушілеріне алғыстарын білдірді.

    М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің профессоры, п.ғ.д., К.Д.Бузаубакова «Интеллектум.kz» білім беру сайтының қазіргі қазақстандық мектептер үшін маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, бұл бастауыш білім беру жүйесінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға арналған бірегей цифрлық мазмұн.

    Іс-шара соңында бастауыш мектеп пәндері бойынша тапсырмаларды әзірлеуге қатысқаны мұғалімдерге мадақтамалар  табыс етілді.